Мекен – жайы: Тараз қаласы, Бектұрғанов к/сі, 3. Телефоны: 8(7262) 43-08-26, 43-32-40



«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған. Қорық – мұражайдың негізгі қызметіне тарихи – мәдени мұра объектілеріне жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын зерттеу, дәріптеу, қадағалау мен қорғау кіреді.



Мұражай иелігіне Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштер кіреді. Бұл аймақтың бай әрі ұзақ тарихы бар. Мұнда тарихи дамудың негізгі сатыларынан көптеген айғақтар – ежелгі адамдардың тұрақтары, петроглифті ордалар мен тас мүсіндер, көшпелілердің обалары мен қорғандары, орта ғасырлық қалалар мен қоныс мекендері, Әулие ата кезеңі сәулетінің ескерткіштері сақталып қалған. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық – мұражайында тарих пен мәдениеттің 110 ескерткіші бар, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерден жинастырылған, тас дәуірі мен біздің қазіргі заманымызға дейінгі қала шекарасында да, облыс территориясында да орналасқан 28 ескерткіштің республикалық маңызды статусына ие. Солардың ішінде туристерге ең танымалы ретінде Тараз қаласы, Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі, Қарахан кесенесі, Дәуітбек кесенесі, Ақыртас құпия кешені мен Тектұрмас кесенесін атап кетуге болады.



Қорық – мұражайдың ашылғанынан бері бірталай жұмыстар атқарылды және ескерткіштерді қалпына келтіру мен қорғау, оларды зерттеу, нәсихаттау жұмыстары бойынша белгілі бір тәжірибелер жинақталды, ғылыми – белгілі басылымдардың үш томы мен әртүрлі буклет түрлері басып шығарылды. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы және «Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтардың қайта жаңғыруы, түркі тілдес мемлекеттер мәдени мұрасының басым дамытылуы мен сақталуы» бағдарламасы аяларында тарихи туризмді дамытуға арналған инфрқұрылымдар жасалуда. 2002 жылдан бастап 15 Республикалық маңызды тарихи – мәдени мұра нысандарына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

2013 жылы Тараз қаласындағы Әулие ата кезеңінің ескерткіші – 1900 жылы тұрғызылған бұрынғы Офицерлер үйі (Бектұрғанов көшесі, 3) қайта қалпына келтірілді.

Әр жылдары басталған археологиялық жұмыстар орта ғасырлық ескі қалаларда жалғасуда: Тараз, Құлан мен Өрнек (Т.Рысқұлов ауданы), Баласағұн (Ақтөбе, Степинское, Шу ауданы), Түймекент (Байзақ ауданы), Бектөбе (Жамбыл ауданы).



Мысалы, орта ғасырлық қалалар, керуен – сарайлар, кесенелер мен мешіттер ескерткіштері әр жыл сайын танымал болып келуде, әр елден келетін туристер, басқа облыстар мен республикамыздың басқа қалаларынан келетін тұрғындар саны артып келеді. Көпшілік халыққа бұрын белгісіз болып келген тарихи археологиялық фактілерді табу мен зерттеу жұмыстарын ұсыну жалғасуда.



Сонымен қатар қорық – мұражай ғылыми қызметпен айналысады, ғылыми әдебиеттер, кітапшалар, жолсеріктер, буклеттер басып шығарылады. Бүгінгі таңда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» деген жалпы атаумен үш томдық кітап пен әр нысанға арналған жеке кітапшалар басып шығарылды. Мұражай қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті газет – журналдарға өздерінің ғылыми мақалаларын жариялайды.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы

 Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы Жуалы ауданының, Ақсай округының, Қайрат ауылындағы Абая көшесі, 1 "б" мекен-жайында орналасқан.  Мұражайдың құрылысы 1990 жылы басталған.   5 мамырда 1995 жылы мұражайдың салтанатты ашылуы өтіп, оған келу мүмкін бола бастады. 


Мұражайлар
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы 1979 жылы 11 мамырда Қазақ КСО Министрлер Кеңесі шешімімен ұйымдастырылған. Оның түп бейнесі Тимур станциясы мектебіндегі 1967 жылы 17 мамырда суретші және тарихшы Асантай Әлімовпен құрылған кішігір мұражай болып табылады.