«Құланшы» қазіргі заман өнер орталығы 2006 жылы Астана қаласында құрылған. Орталық Бейбітшілік және Келісім сарайының («PYRAMIDE» The project of Norman Foster) алтыншы қабатында орналасқан қазіргі заманғы бейнелеу өнері галереясын білдіреді.

Құрылғанына жеті жыл болған «Құланшы» орталығы қазіргі заманның өнері саласындағы көптеген бағыттарды насихаттау мен ілгерілету бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Орталықты құрудың басты бастамашысы және оның жетекшісі Лейла Махат болып табылады.

Орталықтың көрме залдарында (1000 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр) соңғы жылдары Қазақстанның барлық өңірлерінен келген суретшілердің, сондай-ақ АҚШ, Бразилия, Италия, Нидерланды Корольдігі, Чех Республикасы, Үндістан, Қытай, Ресей, Франция, Түркия, Грузия, Корея, Қырғызстан, Германия мен Испания суретшілерінің көрмелері өткізілді.

Орталықтың көрмеге қою қызметі қазақстандық және шетелдік суретшілердің көрмелерін кем дегенде айында бір рет кезеңділікпен ұйымдастыруға негізделеді. «Құланшы» орталығының халықаралық жетекшілік кеңесі әлеуетті жобаларды қандай да бір аумақтық шектеулерсіз қарастырады. Бейнелеу өнерінің сарапшылары мен Қазақстанның, Германияның, Италияның, Испания мен Израильдің көрме жетекшілері әрбір суретшінің (немесе шығармашыл топтың) туындыларын орталықтың бейнелеу өнерін насихаттау жөніндегі жұмысының тұжырымдамасына сәйкес суретшілердің кәсіптік деңгейінің көрсеткіштерін ғана негізге ала отырып, көрмені ұйымдастыру тұрғысынан қарастырады. Орталық «Art Club Kulanshi» қазіргі заманның бейнелеу өнері туындыларының, Еуропадағы Art Club Kulanshi әріптестерінің мәдениеттанушылық жобаларының көрмелерін тұрақты негізде өткізеді.

«Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының тұрақты экспозициясында Португалияның, Түркияның, Германия мен Қазақстанның танымал суретшілерінің көркемөнер жұмыстары қойылған. «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығы Дрезден Мемлекеттік Ұлттық Галереясымен (Dresden Staatlicshe National Galerie) және атақты Берлин Қазіргі заман Өнер Орталығымен (Art Center Berlin) белсенді түрде ынтымақтастық жасайды.

«Құланшы» тұрақты экспозициясында баспа графикасы залдарының жұмыс істеуі басты жетістіктердің бірі болып табылады, онда Пабло Пикассо, Сальвадор Дали және Марк Шагал литографияларының түпнұсқалары қойылған. Орталықтың көрме залдарының келушілеріне Рембранд ван Рейн мен Альбрехт Дюрердің неміс реставраторлары қалпына келтірген графикалық жұмыстары қолжетімді.

Орталықта өтетін көрмелер терең зерттеу жұмысымен сүйемелденеді. Орталықтың әрбір жобасы теориялық және практикалық мастер-кластардың міндетті түрде өткізілуін қамтитынын атап өткен жөн. Қазақстандық ас суретшілердің әлемнің түрлі елдерінен келген атақты шеберлердің дағдыларын игере отырып, көркем салу пен графикалық орындаудың түрлі машықтарын зерделеуге тамаша мүмкіндігі бар.

Орталықта ересектер мен балаларға арналған бейнелеу өнері студиялары жұмыс істейді. Қызығушылық танытқан адамдар сурет, көркемсурет және композиция бойынша білімдер мен дағдыларды игере алады. Бүгінгі күні Орталық аясында мынадай студиялар: Академиялық бейнелеу өнері студиясы, Балалар креативін дамыту студиясы; Әртістік шеберлік студиясы; Фотоөнер студиясы жұмыс істейді.

«Құланшы» орталығының бүкіл қызметі Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған, Орталық көркемөнерді қолдауды ғана емес, сондай-ақ оны қоғам үшін түсінікті және қолжетімді ету мақсатын қойып отыр.

  • Достарға әңгімеле:
«Has Sanat» өнер галереясы 2003 жылы ашылды. Қазақ тілінен аудармада «Has Sanat» хас, шынайы өнер мағынасын білдіреді. Галереяны құру мен келешектегі жұмысының басты мақсаты – қазақстандық көркемсуреттің заманауи жай-күйін, ғасырлар тереңіне тамыр жайған аса бай ұлттық мұрамен жіті байланысқан бірегей мәдениетті көрсетуге ұмтылу және бүкіл әлемді Қазақстанмен таныстыру.

Ескерткіштер
Has Sanat, көркемсурет галереясы

«Has Sanat» өнер галереясы 2003 жылы ашылды. Қазақ тілінен аудармада «Has Sanat» хас, шынайы өнер мағынасын білдіреді. Галереяны құру мен келешектегі жұмысының басты мақсаты – қазақстандық көркемсуреттің заманауи жай-күйін, ғасырлар тереңіне тамыр жайған аса бай ұлттық мұрамен жіті байланысқан бірегей мәдениетті көрсетуге ұмтылу және бүкіл әлемді Қазақстанмен таныстыру. 

«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.

Ескерткіштер
«Астана-Бәйтерек» мемориалды кешені

«Астана-Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, сондай-ақ егемен Қазақстанның аса маңызды символдарының бірі болып табылады. Монумент құру идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап, берік негізі мен болашақ өркендеуге ұмтылған мемлекетті әйгілейді.