«Has Sanat» өнер галереясы 2003 жылы ашылды. Қазақ тілінен аудармада «Has Sanat» хас, шынайы өнер мағынасын білдіреді. Галереяны құру мен келешектегі жұмысының басты мақсаты – қазақстандық көркемсуреттің заманауи жай-күйін, ғасырлар тереңіне тамыр жайған аса бай ұлттық мұрамен жіті байланысқан бірегей мәдениетті көрсетуге ұмтылу және бүкіл әлемді Қазақстанмен таныстыру.

Галереяның алғашқы экспоненттерінің бірі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбай болды. Ерболат Төлепбай – аса көрнекті отандық суретшілердің бірі. Ол – Третьяков галереясында суреттері қойылған қазақстандық авторлардың бірі. Оның жұмыстары Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, республиканың облыстық мұражайларында, Қазақстанның, ТМД, Еуропаның, Америка мен Азияның жеке меншік коллекцияларында.

Галерея коллекциясында танымал суретшілердің туындылары бар, олар Қазақстанның бейнелеу өнерінің түрлі бағыттарын көрсетеді. Суреттер біз – қазақстандықтар, дала күші, қыз-келіншектеріміздің сұлулығы жайлы сыр шертеді. Суреттерге рухани ізденіс, адамгершілік өлшем шарттарына жүгіну, қазіргі заманның түйткілді проблемаларына жауаптар іздеу ұмтылысы тән.

Бүгінде «Наs Sanat» галереясының жинағы шынайылықтан авангардқа дейінгі түрлі жанрлар мен бағыттардағы жұмыстарды, инсталляцияларды немесе этносимволизм тақырыбына арналған батыл эксперименттерді қамтиды. Суретшілер арасында мэтрлердің, сонгдай-ақ жас шеберлердің есімдері кездеседі. А. Садыхановтың, А. Аканаевтың, Е. Төлепбайдың, К. Муллашевтің, А. Ахаттың, А. Ноданың, Б. Бапишевтің, Ш. Төлештің, Э. Казаряннің, М. Бекеевтің, Л. Оразбекованың, А. Деникеевтің, Н. Бубенің, Р. Аканаевтың, Б. Аканаеваның, Е. Айтуаровтың, Л. А. Османның, В. Гвоздевтің (Шеге), Л. Махаттың, С. Бектияровтың, А. Смағұловтың, Б. Заурбековтың, Б. Тұрғынбайдың, А. Бектасовтың, Г. Коржасованың, Е. Бейсембинованың, А. Школьныйдың, Е. Волкова мен Б. Асанованың жұмыстары коллекцияның мақтан тұтар туындылары болып табылады.

Галерея қызметкерлері Қазақстанның, сол сияқты басқа елдердің танымал суретшілерінің көрмелері мен вернисаждарын көбінесе қалың бұқараға жаңа таланттар мен жаңа есімдерді аша отырып өткізеді. Жұмыс істеген аз уақыттың ішінде галерея Астана мен шетелдегі: Ресейдегі, Түркиядағы, Оңтүстік Кореядағы, Ұлыбританиядағы, Нидерланды мен басқа елдердегі он қалада 28 көрмені ұйымдастыруға қатысты.

Шетел шеберлерінің Астана қаласындағы көрмелерін өткізу «Has Sanat» өнер галереясының қызметіндегі маңызды бағыт болып табылады. Галерея жетекшісі Жанна Еңсебаеваның сөзінше: «Осылайша біз елордамыздың мәдени дамуына елеулі үлес қосамыз. Астана еліміздің саяси және экономикалық өмірінің орталығы ғана емес, сондай-ақ ұлттың рухани және мәдени жағынан қайта өркендеуінің орталығы екені сөзсіз».

2013 жылы галереяда «Шаңырақ» көктемгі арт-салоны өтті, ол жас суретшілердің шығармашылығын қолдау үшін арнайы ұйымдастырылған және тұрақты негізді өткізілетін болады. Қазақ мәдениетіндегі «Шаңырақ» ұғымының мағыналық мазмұнын және бұл ұғымның авторлық түсінігін неғұрлым толық, әрі көркем түрде ашатын жас суретшілердің тұжырымдамалық жұмыстарының көрмесін өткізу арт-салонның мақсаты болып мәлімделді.

Has Sanat көркемсурет галереясы Қазақстанның танымал, сол сияқты жас суретшілеріне жұмыстарын Астана мен бүкіл әлемде кеңінен танымал ету ісінде қолдау көрсетеді.

  • Достарға әңгімеле:
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемділігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуармен таң қалдырады.

Ескерткіштер
«Астана Опера» опера және балет театры

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемділігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуармен таң қалдырады. 

Астананың орталық аудандарының бірінде, Есіл өзенінің жағасында заңғар ат үстіндегі адамның қашалған мүсіні алыстан көз тартады – бұл мемлекет қайраткері, қолбасшы Кенесары ханға арналған ескерткіш.

Ескерткіштер
Кенесары хан ескерткіші

Астананың орталық аудандарының бірінде, Есіл өзенінің жағасында заңғар ат үстіндегі адамның қашалған мүсіні алыстан көз тартады – бұл мемлекет қайраткері, қолбасшы Кенесары ханға арналған ескерткіш.