Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі 44/1. Телефон: 8 (7182) 53-58-11, 53-61-04, 53-69-19

Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы 1964 жылы құрылды. Мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көркемсурет бөлімінен өсіп шықты. Мұражай коллекциясының негізін Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының 46 туындысы құрады. 1965 жылдың басында Целиноград қалалық мәдениет басқармасы мәскеу суретшілерінің 103 еңбектерін сыйлады. Шығармалардың жартысын мұражайға КСРО Мәдениет министрлігі және Мемлекеттік Третьяков галереясы тарту етті – соның ішінде В. Серовтың офорттары (ХХ ғасырдың басы), Н. Каразиннің акварелі (1860 жыл). 1965 жылы мұражай келушілер үшін ашылды. 1979 жылы жаңа ғимаратқа көшті. 1992 жылы Павлодар облыстық кеңес бейнелеу өнері мұражайынан Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы болып ауыстырылды.

Қазіргі кезде мұражай қорында 5500 экспонат сақталған. Жыл сайын мұражай 15-тен аса экспозиция қояды. Мұражайда көркемсурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерінің үлкен жинағы көрсетілген.

Мұражай коллекциясы 20-жылдардан 80-жылдарға дейін совет бейнелеу өнерінің дамуын елестетуге жақсы мүмкіндік береді. Қазақстандағы өнердің даму тарихын көрсететін мұражайдың ең құнды экспонаттарының ішінде 20-ғасырдың басында салынған көркемсуретші Хлудов және оның А.Бортников, Н.Соловьев сияқты ізбасарларының салған пейзаждары, танымал суретші Ә. Қастеевтің шығармашылығы. Қазақстанның қазіргі заман кескіндемешілері мен графиктерінің: К.Телжанов, Г.Исмаиловf, А.Ғалымбаева, С.Мамбеев, Л.Леонтьев, А.Черкасский, В.Эйферт, Ж.Шарденов шығармалары.

Мұражай коллекциясының мақтанышы 1919 жылдан 1920 жылға дейін Павлодарда тұрған белгілі орыс суретшісі В.П. Батуриннің (1863 -1938 жж.) картиналары болып табылады.

20-30 жылдардағы орыс авангарды Р.Фальк, А.Кравченко, В.Лебедев, И.Грабарь, А.Тышлердің еңбектерімен көрсетілген. 50-жылдардың мәскеу авангардын А.Зверев, Д.Плавинский, Б.Жутовский, В.Вейсберг, Л.Кропивницкий, А.Харитонов картиналары көрсетеді. 70-80 жылдардың өнері Н.Нестерова, А.Ситников, О.Булгакова, И.Купряшин, Е.Миттаның атымен қойылған.

Графика коллекциясы Е.Сидоркин, А.Гурьев, И.Исабаевтың өнерлерімен көрсетілген. Бұл бөлімде С. Калмыковтың жұмыстары ерекше орын алады. Сонымен бірге мұражайда 50-90 жылдардағы павлодарлық кескіндемеші және графиктерінің жұмыстарымен танысуға болады: А.Бибин, К.Баймулдин, А.Гулин, П.Величко, М.Колмогоров, П.Лысенко.

1990-2000 жылдары Павлодар облыстық өнер мұражайы өз дамуын жалғастыра отырып коллекциясын кеңейтеді, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы көркемөнер өмірін суреттейді. Жыл сайын мұражай 15 экспозиция, көптеген көрмелер қояды. Бұл мұражай қорынан алынған тақырыптық топтамалар, павлодарлық суретшілердің жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының бағдарламалары, балалар суретінің коллекциясы, ТМД көшбасшы мұражайларының жиынтығынан көшпелі көрмелер.

Мұражай қабырғаларында суретшілермен кездесулер, шеберлік-класстары, экскурсиялар, әдеби-көркемөнер және музыкалық кештер, тұсаукесерлер, бейнелеу өнері тарихы туралы бейнефильмдерді көрсету жүргізіледі. Көркемсурет салоны жұмыс жасайды.

Мұражай консультация беру және бағалау бойынша өз қызметін ұсынады, қалалық және облыстық білім мекемелерінің білім беру бағдарламаларына белсенді түрде қатысады.

Бұл мұражаймен Қазақстанның мұражайлары мен галереялары ғана емес, сондай-ақ Омбы, Новосібір мұражайлары, Британдық кеңес, Гете институты, «Сорос-Алматы» қазіргі заманғы өнер орталығы, «Ашық мұражай» халықаралық ассоциациясы, Ресей мұрайжайларының ассоциациясы бірге қызмет етеді.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы

Мұражайлар
"Шафердің үйі" - Қазақстан Республикасындағы граммофон күйтабақтарының жалғыз мұражайы

Павлодар қаласының іс жүзінде кез келген қонағы «Қай жерге барып көруге болады? Және қаладағы қандай көрікті жерлерді көруге болады?» деген сұраққа «Шафердің үйін көруіңіз жөн, бұл шынымен бірегей жер болып табылады» деген жауап алады.


Мұражайлар
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы

Павлодар қаласының тарихи орталығында ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын бірегей ғимараты орналасқан, және осы жерде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнері мұражайы орналасқанының символдық мәні бар.