Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 56. Телефон: 8(7232) 26-44-42, 26-52-63, 26-19-81.

Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы 1990 жылғы 1 шілдеде ашылды. Ол XIX ғасыр соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. Басында коллекция негізін ҚазКСР мәдениет жөніндегі Мемлекеттік комитетінің шешімімен облыстық этнографикалық мұражайдан берілген 90 кескіндеме және графикалық жұмыстар құрады. Кейіннен, 1991 жылы, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, шығысқазақстандық суретші Агейкин Леонид Евтихиевичтің 1000 кескіндеме және графикалық жұмыстары мұражайға сыйға тартылды.

Мұражай экспозициясы 8358 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: негізгі қор – 5238 экспонат; ғылыми-қосымша – 3120 сақтау бірлігі. Мұражай коллекциясының ең үздік шығармалары тұрақты қызмет көрсететін «Қазақстан суретшілері» экспозициясында қойылған. Мұнда ең құнды кескіндеме және графика туындылар: Еркін Мергеновтің мүсіні, Гульфайруз Исмаилованың, Амандос Ақанаевтың, Шаймерден Сариевтің, Әбдірашид Сыдыхановтың, Сахи Романовтың кескіндемелері, Евгений Сидоркиннің, Фатима Молдабаеваның, Эдуард Чубуктың графикалары көрсетілген. Қазақстан кескіндемешілерінің арасында беделді орынға Шығыс Қазақстан суретшілері ие: Виктор Титов, Марат Жүнісов, Леонид Агейкин, Валерий Рапопорт, Николай Аштема, Габдулмади Меркасимов, Қайсан Қадырбеков, Марат Смайылов, Болат Исин, Виктор Шмидт.

«Жер жаңғырығы» тұрақты жұмыс жасайтын экспозицияда Шығыс Қазақстанға тән қазақ музыка аспаптары көрсетілген. «Әдебиет» қорындағы ең үздік шығармалар «Өлке әдебиетінің тарихы» тұрақты экспозициясында қойылған.

Мұражай қоры үнемі толығып отырады. 2011 жылы ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Әбікенұлы Тәтиевтің «Көктем. Қалыңдық», ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Үкі Әжиұлы Әжиевтің «Байқоңыр даласында» көркем шығармалары, қазақ ұлттық музыка аспаптары домбыра, дауылпаз, дабыл, сыбызғы, жетіген, қылқобыз, сазген сатып алынды.

Сонымен қатар мұражай шығысқазақстандық суретшілердің, халық шеберлерінің, ақындардың, жазушылардың, композиторлардың қызықты әрі белгісіз туындыларын тауып өмірбаян, библиографиялық және басқа ақпараттық материалдары жинау мақсатында облыстың түрлі аудандарына экспедициялар ұйымдастырады, мәдени-ағарту қызметі аясында 13 жыл бойы мұражай қабырғаларында Шығыс Қазақстан облысының көркемөнер саласындағы дарынды балалар қатысатын балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтеді, 6 жыл бойы «Еркін шабыттың тартуы» атты облыстық поэзия байқауы өтеді.

2010 жылдан бастап мұражайда «Менің Қазақстаным» дәстүрлі көрме-өнер конкурсы өткізіледі. Оған облыстың кәсіби суретшілері қатысады. Конкурс Шығыс Қазқстан суретшілеріне өз кәсіби жетістіктерін астаналардағы жетістіктермен салыстыруға, республиканың үздік өнертанушыларының пікірін тыңдауға мүмкіндік береді. Мұражайда «Көркемсурет салонының» көрме залы жұмыс істейді, онда қала тұрғындары мен қонақтары өңірлік суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығымен танысып қана қоймай, олардың туындыларын а сатып алуына болады.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы

Мұражайлар
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы республикамыздағы ескі мұражайлардың бірі болып табылады. Ол Халықтар үйі жанында 1915 жылдың өзінде ұйымдастырылған болатын. Оның негізіне жергілікті өлкетанушылар топтамалары жатады.

Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың мұражай үйі алғаш рет 1940 жылы ҚазКСР Халық комитетінің кеңесі шешімімен ақынның туылғанына 95-жыл толғанына орай ашылды. Алғашында ол Бекбай Баисовтың үйінде, ал кейін 1944 жылдан 1967 жылға дейін Анияр Молдабаевтың үйінде орналасты. Бұл екі қабатты дербес үй XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған.

Мұражайлар
Абай Құнанбаевтың мұражай үйі

Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың мұражай үйі алғаш рет 1940 жылы ҚазКСР Халық комитетінің кеңесі шешімімен ақынның туылғанына 95-жыл толғанына орай ашылды. Алғашында ол Бекбай Баисовтың үйінде, ал кейін 1944 жылдан 1967 жылға дейін Анияр Молдабаевтың үйінде орналасты. Бұл екі қабатты дербес үй XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған.