Мекен-жайы: Семей қаласы, Интернациональная көшесі 29. Телефон: 8(7222)-52-17-21

Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың мұражай үйі алғаш рет 1940 жылы ҚазКСР Халық комитетінің кеңесі шешімімен ақынның туылғанына 95-жыл толғанына орай ашылды. Алғашында ол Бекбай Баисовтың үйінде, ал кейін 1944 жылдан 1967 жылға дейін Анияр Молдабаевтың үйінде орналасты. Бұл екі қабатты дербес үй XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған. Бұл үйдің тарихы мынадай. Қызу шығармашылық жұмыстан бөлек Абай қоғамдық, ағартушылық және қайырымдылық жұмыстармен де айналысқаны белгілі. Ол жақындарының балалары білімге ұмтылып, қалада оқуына үлкен назар бөлді, оларға барынша қамқорлық көрсетті. Анияр Молдабаев осындай қамқорға алынғандардың бірі болды. Абайдың талабы бойынша Анияр Ресейде оқуды аяқтап, адвокаттың куәлігін алғаннан кейін еліне оралады. Семейге келген сайын Абай осы үйге ат басын тірейтін. Қалада аты танымал жеке үй Абайдың мемориалдық мұражайына айналуға барлық негіздері болды. Мұражайды құру нышаны ретінде таңдау осы үйге түскені кездейсоқ емес. Оның алғашқы директоры жас талантты әдебиетші Қайым Мұхамедханов болды. Үйдің орналасуы өзінің бұрынғы, өзгермеген қалпын сақтаған. Мұражайды жүз жылдық құрылыстар қоршап тұр. Бұл түкпір тірі ақын туралы естелікті сақтап қалғандай.

Уақыт өте мұражайға сыйымдылығы үлкенірек орын-жайды табу қажеттілігі туындады. Нәтижесінде мұражай орыс көпестері ағайынды Ершовтардың үйіне көшірілді. Кейбір деректерге қарағанда Абай кейде осы үйге тоқтап Сібірге жер аударылғандармен кездесіп тұрған. 1990 жылғы 5 сәуірде Абай мұражайы Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Абайдың қорық-мұражайы болып қайта құрылды. 1995 жылы мұражай аумағында шығыс стилінде салынған жаңа ғимарат ашылды. Бұнда 1854-1859 жылдары Абай білім алған Ахмет Риза медресесімен қоса мешіт көшірілді. Бұл ғимаратта Шығыс Рухани мұсылман мектептерінің рухы қайта жаңғыртылған. Сондай-ақ мұнда араб, парсы, түрік және орыс тілдеріндегі көне кітаптар мен жазбаларды көруге болады. Мұражайдың басты залдары «Абай және оның уақыты», «Жыл мезгілдері», «Бейнелеу өнеріндегі Абай»,

«Абайдың поэтикалық мектебі», «Абай және қазіргі заман», «Шығыс поэмалары», «Абай шығармалары», «Абай халық жүрегінде», «Жәдігерлер залы», «Ескендір поэмасы» экспозицияларына бөлінген.

1945 жылы, Семейден 180 км Жидебай аймағында Семей әдеби-мемориалдық Абай мұражайының филиалы ретінде мұражай-үй ашылды. Ақынның 125-жылдық мерейтойы қарсаңында 1970 жылы мұражай қайта жаңартылды. Ғимараттың сәулеттік келбеті бастапқы түрін сақтап қалды. Мұражайдың 5 бөлмесі және 3 залында Абайдың туысқандары және жолдастары берген заттай материалдар көрсетілген. Олардың ішінде кітаптар, сол жылдардың фотоқұжаттары, Абайдың үш ішекті домбырасы, тұрмыстық бұйымдар және т.б. бар. Сонымен бірге Абайдың жер аударылған достарының фотосуреттері қойылған.

Семейдегі мұражайдан басқа мұражай-қорық құрамына Бөрәлі ауылындағы Әуезов мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Көкбай Жанатаевтың мұражай-мешіті, Құндыз ауылындағы Шәкір Әбеновтің мұражайы, Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбаевтың мұражайы, сонымен бірге Анияр Молдабаевтың үйіндегі мұражайдың ескі ғимаратындағы «Алаш қайраткерлері – М. Әуезов» мұражайы кіреді.

Мемлекеттік қорық – Абай мұражайының қорлары 18 255 сақтау бірлігінен тұрады. Мұражай экспозициясы XIX ғасырдың ғимаратында орналасқан 7 залдан, жаңа ғимараттағы 10 залдан тұрады. Мұражай экспонаттарының ішінде Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын құжат түпнұсқалары, этнографиялық және мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерінің сирек кездесетін басылымдары, батыс фәлсафашыларының шығармалары, ақын замандастарының естеліктері бар.

«Абай және оның дәуірі» экспозициясы Абайдың өмірі мен дәуірі, XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық, әкімшілік және саяси-қоғамдық құрылымы жөнінде сыр шертеді. Бұл залда деректі материалдар, замандастардың естеліктері, Қазақстан суретшілерінің еңбектері қойылған. Бұл экспонаттардың барлығы Абайдың қоғамдық қызметін, оның болыстық басқарушы лауазымындағы қызметін, жер аударылған П. Михаэлес, Н.И. Долгополов, С.С. Гросс, П.Д. Лобановскиймен достығын, Статистика комитетінің жұмысына қатысуын суреттейді. Өлкетану мұражайына Абайдың өзі досы Долгополов арқылы берген заттары құнды экспонаттар болып табылады. Сонымен қатар бұл залда ақынның тірі кезінде П.Д. Лобановский салған портрет сақталынған.

«Бейнелеу өнеріндегі Абай» залында Е.Сидоркин, И.Исабаев, М.Кисаметдинов, Н.Крутильников, Ә.Қастеев, Х.Наурызбаев, Е.Сергебаев және басқа суретшілердің Абай әлемі мен образын ашатын картиналар, мүсіндер, графика мен көркем суреттері жиналған.

Абай шығармашылығы мұражайдың бірнеше залында қойылған. Жеке зал лирикаға, «Қара сөздерге» және «Сегіз жолды өлеңге» арналған. Көрші қанатта Абайдың Пушкиннен, Лермонтавтан, Буниннен, Толстойдың, Гетеден, Крыловтан, Байроннан аудармалары көрсетілген. Экспозицияның бұл бөлігінде Абайдың «Дала уәлайаты» газетінде алғаш жарық көрген түрлі шығармаларынан бастап әлемнің ондаған тілдеріне аударылған жұмыстары сақталған.

Басқа зал «Масғұд», «Әзім туралы дастан», «Ескендір» поэмаларына арналған. «Жыл мезгілдері» кезеңіне біріктірілген Абайдың әйгілі төрт өлеңі туралы сыр шертетін зал ерекше, әрі заманауи түрде безендірілген. Бұл залда алты бейнепроектор орнатылған. Келушілер режиссер О.Сарбасов түсірген сегізминуттық жыл мезгілдері туралы фильмді тамашалай алады. Кигіз үйлі залда ішкі бай жасауы, қазақтардың тұрмыстық бұйымдары мен этнографиясы, жиһазы көрініс тапқан алты қанатты ақ киізді киіз үйдің панорамасы орнатылған. Бұл инсталляция «Жаз» өлеңіне арналған.

«Абайдың поэтикалық ортасы» залында түрлі құжаттар, портреттер, фотосуреттер, ақынмен тығыз қатынаста болған Абайдың шәкірттері, ізбасарларының шығармалары жиналған. Олардың арасында: Абайдың ұлдары – Ақылбай мен Мағауия; Тұрағұл – талантты аудармашы, Абайдың немересі; сатирик ақын Әубәкір; Көкбай Жанатаев, Әсет Найманбиев, Әріп Тәңірбергенов, сондай-ақ ақын, аудармашы, фәлсафашы, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы бар. «Абайтану» залында ақын өмірінің ғибадаттары, Ахмет Байтұрсынов, Әлейхан Бокейханов, Мыржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев еңбектері, және жазушы әрі абайтанудың негізін қалаушы Мұхтар Әуезовтің қызметімен таныстыратын материалдар жиналған. Мұнда 20—40 жылдардағы фотосуреттерді, Әуезовтің Абай туралы айтқан сөздерін, 1940 жылғы «Абай» спектаклінің афишасын көруге болады.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Абай Құнанбаевтың мұражай үйі

Мұражайлар
Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы

Шығыс-Қазақстан облыстық өнер мұражайы 1990 жылғы 1 шілдеде ашылды. Ол XIX ғасыр соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан.

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.

Мұражайлар
Ф.М.Достевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайы

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.