Мекен- жайы: Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 40. Телефоны: +7 (7232) 25-54-60

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы республикамыздағы ескі мұражайлардың бірі болып табылады. Ол Халықтар үйі жанында 1915 жылдың өзінде ұйымдастырылған болатын. Оның негізіне жергілікті өлкетанушылар топтамалары жатады. 1939 жылы мұражай атауы облыстық дәрежесін алады. 1946 жылға дейін бірнеше рет жабылып, кейін қайта ұйымдастырылған. 1967 жылы 10 қарашада мемлекеттік комиссия облыстық мұражайға Урицкий көшесі 40 үйіндегі жаңа ғимаратты беру туралы актісіне қол қойған. Аталмыш ғимаратта мұражай қазіргі уақытқа дейін өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі таңда мұражай ежелгі дәуірлерден бастап біздің заманымызға дейінгі Шығыс Қазақстан тарихы ескерткіштерінің ең ірі сақтау қоймасы болып саналады. Шығыс Қазақстан облысындағы тарих пен мәдениеттің ірі орталығы ретінде тарихи – өлкетану мұражайы екі рет бұрынғы КСРО- да ең мықты мұражай ретінде танылған.

Мұражай жалпы аумағы 1404,7 м.кв. жерді алып жатыр. Экспозиця келесідей залдарда орналастырылған: табиғат, тарих, археология, этнография, ежелгі Қазақ Алтай көшпелілерінің мәдениеті, Ұлы Отан соғысы тарихы залы, Өскемен тарихы залы, көрме залдары. мұражай қоры 140 мыңнан астам көрме қойылымдарын қамтиды. Солардың ішінде жалпы көрініске тек 10 мыңы ғана ұсынылған. Бұл – экспозициялық жерлердің аздығымен түсіндіріледі.

Мұражай залдарының бірінде Шығыс Қазақстан облысы табиғатының байлығы көрсетілген. Бұл облыста сүтқоректілердің 114 түрі, құстардың 400 түрі, өсімдіктердің 3500 түрі, 15 мыңнан астам жәндік түрлері ұсынылады. Қорларда этномологиялық, орнитологиялық, зоологиялық, минерологиялық, палеонтологиялық, ботаникалық топтамалар, құстар мен сүтқоректілердің тұлыптары сақталуда.

Мұражайдың қызықты залдарының бірі аймақтың археология мен сәндік – қолданбалы өнеріне арналған. Археологиялық топтамаларда 1947 жылдан бастап барлық экспедиция материалдары ұсынылған. Ол Қазақстандағы ең үлкен залдардың бірі болып саналады. Залдарда танымал археологтар С.Черников, А.Максимова, Ф.Арсланова, З.Самашевпен табылған ежелгі қорғандардың қазыналары сақталады. Бірегей экспонаттардың қатарында б.з.б. ХІІІ ғасырға жататын ат бейнеленген қола қанжар, Зевакин обасынан табылған руникалық жазулары бар айна бар. Этнографиялық топтамада Шығыс Қазақстан облысы халықтарының тарихы көрсетілген. Экспонаттар арасында ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жасалған қобыз, түскиіз, күміс, 1852 жылғы ер адамның үйлену тойына киетін жейдесі, Өскемен қаласының 1821 – 31 жылдардағы метрикалық кітабы бар. «Ежелгі Қазақстандық Алтай көшпелілерінің мәдениеті» залында атақты Берел қорғанынан табылған б.з.б. IV-III ғасырларға жататын көркем заттарды көруге болады. Ежелгі көшпелілердің скиф – сақтық аң стилімен ағаш, былғары, киізден жасалған, алтын жұқалтырмен, қалайы мен қызыл жосамен қапталған, керемет қолданбалы өнер туындылары көрермендерді таң қалдырары сөзсіз.

Өскемен қаласының ХVIII-XX ғасырлардағы тарихы залында қаланың қалыптасуы мен дамуын көрсететін заттар қойылған. Экспонаттардың ішінен тулалық самауырлар, швейцар, неміс, орыс шеберлерінің сағаттары, валдай қоңыраулары, Гарднер мен Кузнецовтың фарфор және фаянс ыдысы, вена жиһазын тамашалауға болады.

ҰОС кезеңінің экспозицялық залында соғыс майдандарындағы шығыс қазақстандықтардың ерліктері мен тыл жұмысшыларының ерен еңбектері туралы айтылады. Қазіргі заманға арналған соңғы залда Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің дамуы, Шығыс Қазақстан облысы өндірістік потенциалының өсуі, өлкенің ірі кәсіпорындарын әлемдік экономикаға интеграциялау мәселелері көрсетіледі.

Бүгінгі таңда мұражай барлық аудан орталықтарында филиалдарын ашқан облыстың ғылыми – әдістемелік ақпараттық орталығы болып табылады. Экспозиция материалдары негізінде мұражайдың ғылыми қызметкерлерімен республикалық және халықаралық журналдарда 250 ғылыми мақала жарияланды, облыс табиғаты бойынша 10 монография мен тарихы бойынша 15 кітап жазылды, атап айтсақ «Шығыс Қазақстанның физикалық картасы», «Шығыс Қазақстаннығ Қызыл кітабы», «Халық жаны мен жады», «Шығыс Қазақстан феномені», т.б. ұжымның жоғары кәсібилігі тек облыстық тарихи – өлкетану мұражайына халықаралық ғылыми бағдарламаларды жасауда, «Қазақстандық Алтайдың скиф – сақтың мәдениеті: генезис мәселесі, мәдениеттердің сабақтастығы», «Алтай – Саян экоаймақтарының Қазақстандық бөлігінінің биоалуантүрліліктің тұрақты дамуы мен сақталуы», «Еуразия металлургтік провинциясында металлургтік және метал өңдеуші ошақтар жүйесіндегі Шығыс Қазақстан», «Мәдение мұраны сақтау», «ШҚО Қар барысының сақталу бағдарламасы» тақырыптарындағы халықаралық экспедицияларға қатысуға мүмкіндік береді.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Мұражайлар
Тақыр жерінің мешіт-медресесіндегі Көкбай Жанатаевтың мұражайы

Қазақтың атақты ақыны Көкбай Жанатаевтың мұражайы Шығыс Қазақстан облысы Тақыр деген жерде орналасқан. Мұражай мешіт-медреседе 1997 жылы ашылған, Абай мемлекеттік мұражай-қорығының филиалы болып табылады. 

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.

Мұражайлар
Ф.М.Достевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайы

Ф.М.Достоевскийдің әдеби – мемориалды үй – мұражайының тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысында М.Д.Исаевамен некелескенінен кейін пәтер жалдап тұрған кездегі кішігірім ескі ағаш үйінен басталады. Жазушы бес жылын Семей қаласында өткізген.