«Біздің театр» Актерлер Достастығы» театры әс жүзінде Ақтаудың әр тұрғынына және Қазақстанның көптеген театрқұмарларына «БТАД» (орыс тілінде «САНТ») ерекше аббревиатурасымен белгілі. Осы бірегей театр ұжымын құру тарихы айтарлықтай қайғылы болып келеді, 2001 жылы (сол кезге дейін 36 жыл әрекеттеген) Абай атындағы МІК Халық театрының режиссері А.В. Свитнева кеткеннен кейін театр екі жеке ұжымға бөлінген.

Халық театрының бірқатар актерлері 1963 жылғы құрылу күнінен бастап Халық театрында жұмыс істеген Светлана Владимировна Лозовая басқарған «Біздің театр» актерлер достастығының әуесқойлар театр ұжымын құрды.

«БТАД» бірінші театр маусымын 2001 жылы 17 ақпанда Виктория Токареваның туындыларының мотивтері бойынша қойылған «Глубокие родственники» спектаклінің тұсаукесерімен ашқан.

«Біздің театр» Актерлер Достастығы заңды мәртебесін 2003 жылы Қоғамдық қор ретіне алды.

2015 жылы «БТАД» 15-жылдық мерейтойын тойлайды. Бүгінгі күнде «БТАД» әуесқойлық театр деп атауға болмайды, себебі актерлердің ойыны, режиссердің жұмысы жоғары кәсіби деңгейде қойылған.

Осы жылдар бойы «БТАД» театрының ауыспас режиссері Светлана Владимировна Лозовая болған.Оның басшылығымен орыстың ұлы ақынының драмасы бойынша қойылған Н. Птушкинаның «Пиковая дама», көңіл-күйді көтеретін көңілді және қызық ертегі «Хвост феи, или Обычная fairy tale», трагикомедия, Н. Птушкинаның пьеса қойылымы «Сильные чувства», М. Булгаковтың аттас туындысы бойынша қойылған көңілді комедия «Ақылы адасқан Жүрден», «При чужих свечах» және т.б. ешкімді немқұрай етіп қалдырмайтын басқа тамаша спектакльдер дүниеге келді.

Театрдың тамаша актерлер құрамын да атамай өтуге болмайды: Трушина Людмила Матвеевна, Гришина Галина Ивановна, Болгов Сергей Иванович, Кириченко Ирина Юрьевна, Кузнецов Сергей Иванович, Мошечкова Елена Анатольевна, Науменко Лариса Анатольевна, Мошечков Сергей Владимирович және т.б. дарынды актерлер.

Театр репертуарында орыс тіліндегі пьесалар қойылды, олардың арасында көптеген француз, итальяндық және ресейлік авторлар бар.

Театр көрермендердің жылы ықыласына ие болды, театр спектакльдерінің билеттері алысып сатылады, маңғыстаулықтар актерлердің ойынын және сюжет белестерін интернетте белсенді түрде талқылап отырады.

Қазіргі кезде «БДАТ» театр ұжымы «Арман» жастар орталығында жұмыс істейді, оның басшылары театр өнерін тарату мен халықтың (әсіресе, жастардың) мәдени-бос уақыт деңгейін көтеруге бағытталған театр қызметінің маңыздылығын түсініп, театрдың дұрыс жұмысы үшін барлық жағдайды жасаған.

Халықтың мәдени деңгейін көтеруге және ұлы өнерге қатыстыруға бағытталған театр қызметінен басқа, театрдың актерлер және әкімшілік құрамы қайырымдылықпен айналысады, актер шеберлігі, би және вокал бойынша сабақтарды береді.

  • Достарға әңгімеле:
Маңғыстау түбегі —бұл тек табиғи байлықтың қоймасы ғана емес. Оның аумағында тас дәуірінен бастап қазіргі кезімізге дейінгі уақыт ішінде халық сәулетшілері салған бірегей тарихи, сәулет ескерткіштері шоғырланған, олардың көпшілігіне бүкіл Еуразияда теңдесі жоқ. 

Ескерткіштер
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

Маңғыстау түбегі —бұл тек табиғи байлықтың қоймасы ғана емес. Оның аумағында тас дәуірінен бастап қазіргі кезімізге дейінгі уақыт ішінде халық сәулетшілері салған бірегей тарихи, сәулет ескерткіштері шоғырланған, олардың көпшілігіне бүкіл Еуразияда теңдесі жоқ. 


Ескерткіштер
Шақпақ ата жер асты мешіті Х-ХV ғасырларының сәулет ескерткіші

Маңғыстау облысының басты көрікті жерлерінің бірі діни сәулетінің бірегей ескерткіші «Шакпак-Ата» жер асты мешіті болып табылады. Мешіт Түб Қараған түбегінде, Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 астам шақырым жерде орналасқан және Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіші болып саналады.