Қостанай облысы Екідін (Сарыторғай) ауылы маңында Амангелді ауданында жабайы тастан жасалған шар тәріздес формасы бар екі көне құрылыс – діндер орналасқан.

Осы тарихи объекттің болжамды салыну уақыты ерте темір ғасыры. Кейбір ғалымдардың ойлауынша, бастапқыда олар сакралды, салттық міндетке ие болған.

Осы тарихи ескерткіш Екідін деп аталады, ол бір-бірінен біршама алыс қашықтықта орналасқан түрлі төбешіктердің үстінде орналасқан екі объекттерден тұрады.

Екідін– І Арқалық қаласының әкімшілігіне бағынатын әкімшілік территориясында Бейсен қыстауынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 шақырым және өзеннен 0,73 шақырым жерде, Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан. №1 қорғандағы үйіндінің диаметрі 15м. тең, биіктігі – 0,7м. Қорғанды ені 5м.құрайтын ор қоршап тұр, оның тереңдігі – 0,3 м. Ор қорғанды толығымен қоршамайды. Оның оңтүстік –шығыс жағында ені шамамен 0,15 м құрайтын өткел бар.

Екидын – ІІ көтеріңкі жерде орналасып,бағдар болып табылады және алыстан көрінеді. Киіз үй тәрізді құрылыс тақтатастан салынған, оның жоба диаметрі 6 м, жалпы биіктігі 3,8м болып табылады. Өткелдің бағытталуы – шығыс.

Жергілікті аңыздар бойынша ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда діндер орналасқан төбешіктердің арасында қантөгіс шайқас өткен. Дәл осы жерде жауласушы рулар қолбасшыларының ордалары орналасқан. Діндер орналасқан жазықтар мен төбешіктер жергілікті адамдар арасында құпияға толы сакралды орын болып саналады.

Ғалымдардың шамалағаны бойынша, осы көне құрылыстар біздің заманымыздың 9-11 ғасырларында белсенді түрде қолданылған, олар қазақ сарбаздарына сынақ мұнаралары ретінде қызмет еткен.

Қазақтың атақты академик ғалымы Ә.Х.Марғұлан діндерді былай сипаттайды: "Табиғат байлықтары мен тарихи ескерткіштер арасындағы нағыз қазынасы көне Екідін болып табылады. Ауылдың атауын берген діндер, жабайы тастан жасалған шар тәріздес формасы бар екі көне құрылыс исламға дейінгі уақытқа жатады. «Айтыс» немесе «дынг» атаулары бойынша танымал болған Қазақстан территориясында сирек кездесетін құрылыстар қазақтың көне тұрағы «шошалы» формасы бойынша салынған, және олардың салттық мәні болуы мүмкін. Шамаланған мерзімі – ежелгі темір дәуірі".

Діндердің үстіңгі бөлігін шеберлікпен жасалған ойық аяқтайды. Ол түтін тартқыш болып саналған. «Дала өңірінің тарихы» атты Арқалық мұражайы директорының орынбасары Асхат Қасенов былай айтқан: "Сол кезде жақындап жатқан жауды көрген қазақ жауынгерлері халықты ажалдан аман қалдыру үшін қауіп жайында шұғыл түрде ескертуге жасауға міндетті болған. Дәл осы мақсатпен олар «дін» жасап, оның ішіне от жаққан, халық алыстан түтінді байқаған, осылай қауіп жайындағы ескертуді алған".

- Осындай діндер көбірек болғаны мүмкін деп жалғастырды ол. Осылай маңайында тұрған ауылдардың ақсақалдары айтып жүр. Бірақ бүгінгі күнге дейін екеуі ғана жетіп, аман қалды. Әрі А. Қасенов діндердің жарамды болғандықтарына ерекше көңіл аударады, ғалымдар арнайы тәжірибе жасап, тексерді.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында жергілікті тұрғындардан алып жиналған қаражатқа сол кездегі ішінара бұзылған діндер қайта қалпына келтірілген. века

Екідін құрылысы Қостанай облысының тарихи-мәдени мұраның тізіміне кіреді және танымал туристтік объект болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Торғай геоглифтері

Геоглифтер Қостанай облысындағы өзгеше және теңдессіз ескерткіштерінің бірі болып табылады. Осы ескерткіштің ашылуы жаңа технологиялардың жаппай дамуының арқасында жүзеге асырылған. 

Қостанай облыстық филармония 1944 жылы ашылған. Өз ұлттық-көркемөнер ұжымдарын құру, концерттік қызметті насихаттау және Қостанай қаласын облыстың музыкалық мәдениеті орталығына айналдыру қажеттілігі филармонияның ашылуына себепші болды.

Ескерткіштер
Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония

Қостанай облыстық филармония 1944 жылы ашылған. Өз ұлттық-көркемөнер ұжымдарын құру, концерттік қызметті насихаттау және Қостанай қаласын облыстың музыкалық мәдениеті орталығына айналдыру қажеттілігі филармонияның ашылуына себепші болды.