Қостанай облыстық филармония 1944 жылы ашылған. Өз ұлттық-көркемөнер ұжымдарын құру, концерттік қызметті насихаттау және Қостанай қаласын облыстың музыкалық мәдениеті орталығына айналдыру қажеттілігі филармонияның ашылуына себепші болды.
Алғашқы концерттік бағдарлама 1944 жылы 19 наурызда облыстық драма театрының ғимаратында көрсетілген еді. Оған Қаз КСР халық әртістері М. Қойшыбаев, Е. Өмірзақов, қытай симфониялық музыкасының негізін салушысы, композитор Си-Си-Хай, композитор А. Байқадамов, қостанайлық жас әртістер Р. Қасымов, С. Жақыпов, К. Жұманқұлова, Г. Бекмұхамедова, К. Әбенов, Н. Есмұхамбетова, К. Тілемісов, З. Сейдалина, К. Қойшыбаева және т.б.қатысты.
Қостанай облыстық филармония өз концерттері мен бағдарламаларында уақытпен қатар жүрді, олар ел мен өңір тарихының барлық кезеңдері көрсетеді, солардың арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс, Тың және Ғарышты меңгеру, қарапайым халықтың жұмыс күндері.
Өз жұмысының ұзақ жылдары ішінде Қостанай облыстық филармония 200 мыңнан астам концертті ұйымдастырып өткізді, 30 миллионнан астам көрермендер филармония ұжымдарының көрсетулерінде ұлы музыкаға рақаттанды.
Филармонияның шығармашылық ұжымдарының көрсетулері бүкіл Кеңес Одағында, Балтық жағасындағы елдерден Қиыр Шығысқа дейін, Орта Азиядан солтүстік елдерге дейін сәтті өткізілп жүрген.
Филармонияның бастаушы ұжымдары: ішек аспаптар квартеті, музыкалық дәрісхананың ұжымы, «Ер балалар - 69», «Орбитадағы ән», «Ақ бидай», «Қиял аттракционы» эстрадалық ансамбльдері және Қазақстан өнерінің басқа өкілдері бұрынғы КСРО-ның іс жүзінде барлық республикаларына гастрольге шығып отырды.
Филармония залында КСРО Халық Әртістері: Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, П.Лисициан, Б.Шитоколов, А.Дінішев, И.Кобзон, Э.Пьеха және тағы басқа ұжымдар мен жеке орындаушылар өнерін көрсеткен.
Жетпісінші және сексенінші жылдары филармонияның шығармашылық ұжымдары түрлі бүкілодақтық фестивальдер мен байқауларға сәтті түрде қатысып, олардың көбісінде жүлделі орындарды, гран-при жеңіп жүрген, музыканттардың өнер көрсеткендері медальдер мен дипломдармен марапатталды.
Тоқсаныншы жылдары Қостанай облыстық филармония үздік көркемөнер ұжыдарды сақтауда зор тұрақтандыратын рөл ойнады, сол кезде оңтайландыру процесі мәдениет пен өнер оқу орындарын жабуға, ауыл клубтарының және Кәсіподақ Үйлері және Мәдениет үйлерінің жүйелерін жойдыруға әкеліп соқты. «Халық» атағы бар көркемөнер шығармашылық ұжымдарды сақтау үшін филармонияның бақылауына ұжымдар-серіктер ретінде «Костанайские зори» хоры, «Костанайские зори» би ансамблі, ардагерлер хоры алынған. Сол жылдары филармонияның жаңа шығармашылық ұжымдары құрылады: «Сарыарқа» Қаржауовтардың отбасылық ансамблі, «Славян әндер» ансамблі, «Тамаша» сықақ театры, «Арман» әйелдер әндік квартеті, «Нью-Бойс» ер адамдар әндік квартеті.
Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының 65жылдан астам жұмыс уақыты бұл – қалың тыңдаушы аудиторияны халық мұрасының музыкалық қазынасына, отандық және әлемдік музыкалық классикасының жоғары үлгілеріне белсенді қатыстыру.
Бүгінгі күнде Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармония тек қазақстандық ғана емес, сонымен қатар ресейлік көрерменнің, сондай-ақ жақын және алыс шетел мемлекеттеріндегі музыкалық дарынды қастерлеушілерінен жоғары баға алған түрлі өнер жанрындағы 18 ұжымдарын жинаған Солтүстік Қазақстанның музыкалық орталығы болып табылады.
Қостанай облыстық филармония жоғары деңгейдегі дарынды кәсіби орындаушыларына бай, оны беделді халықаралық байқауларына қатысуы дәлелдейді.
Қостанай соборлы мешітінің әсем де бірегей ғимараты 120 жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындарының көздің жауын алған және қаладағы ең әдемі ғимараттарының бірі болып, оның басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді.
Қостанай облысының бірегй және белгілі археологиялық ескерткіштерінің бірі Бестамақ қорымы болып табылады. Ол Әулиекөл ауданының Шілі ауылында, Обаған өзенінің бастауындағы Торғай ендігінің сол жағында, Тобылдың оң тармағы бойында орналасқан.