Қазақстан территориясында көптеген ескерткіштер мен тарихи жерлер бар, олардың көпшілігі бүкіл әлемге танымал және осы жерлерге ғаламшарымыздың түрлі түкпірлерінен келетін мыңдаған туристтер барып жүреді. Осындай жерлердің бірі «Есік» қорғаны болып табылады, оған 80 астам сақ қорғаны кіреді.
Есік қорғаны скиф-сақ кезеңінің ең үлкен археологиялық ескерткіштерінің бірі және XX ғасырдың ең маңызды археологиялық жаңалықтарының бірі болып табылады. Ескерткіш б.з.б. IV ғасырымен даталанады.
Бүкіл әлемге белгілі Сақ қорғаны Алматы облысының Есік қаласында қазылған. 1969 жылы К.А. Акишева басқарған қазақ археологтары Алматыдан шығысқа қарай 50 шақырым жерде үлкен қорғанды қазуға бастады. Оның астында, шырша бөренелерімен қоршалған қабірде, ағаш еденнің үстінде алтын тілімдерімен қапталған киімде сақ жауынгерінің (Алтын жауынгер) қалдықтары жатқан. Басын күн тәңірін білдіретін қанатты аттардың бейнелерімен безендірілген өткір ұштығы бар биік бас киім киілген. Ұзын семсер мен қысқа қанжар оның қару құрамына кірген.
Жауынгермен бірге қабірде қымыз құйылған балшықтан жасалған құмыралар, ет кесектері бар ағаш табақтары, күміс пен қоладан жасалған асыл құмыралар болған. Қорғанда жерленген жас жігіт сақ тиграхауда билеушілеріне жатады. Қазақстандық археологтарының болжамдары бойынша, ол Ұлы Құшандар Империясының билік еткен әулетінің өкілі болған. Антрополгтардың зерттеуі бойынша, Есік қорғанында жерленген жас жігіттің жасы 17-18-де болған. Ол алтын қаңылдтыр белгілерімен безендірілген сауытты, белбеуді, алтынмен кестелеп тігілген мерекелі киім киген. Бас киімдің үстінде шамамен 150 әшекей болды. Олардың үстінде көпшілігі тау барыстарының, тау текелерінің, архарлардың, аттардың, құстардың штамталған бейнелері бар. Жауынгердің сыртқы киімі шекпен мен шалбардан тұрды. Қызыл түсті теріден жасалған қысқа шекпен бүтіндей алтын пішіндік қаңылтыр белгілерімен, ал оның жиектері, астыңғы жағы мен жағасы жолбарыс бастарының бейнелері бар ірі төртбұрыштарымен кестелеп тігілген. Шекпен шамамен төрт мың алтын заттармен безендірілген.
Тянь-Шань шыршасының жүзжылдық бұталарынан мұқият кесілген жерлеу камерасында археологтар төрт мыңнан астам алтын бұйымдарын тапты, олар: киімнің, бас киімнің және аяқ киімнің әшекейлері, сақиналар, мүсіндер, қаңылтыр белгілер. Еден үстінде ағаштан, балшықтан, қола мен күмістен жасалған құмыралар тұрған. Жерленген жауынгердің салтанатты сауытын безендірген заттардың орналасуы, темір семсер мен қанжардың қалдықтары жасаған жұмыстарының арқасында зерттеушілерге сақ жауынгерінің кейпін қайта құруға мүмкіндік берді.
Қорғанда табылған жауынгер бүкіл әлемге «Алтын адам» деген атаумен белгілі болып, егеменді Қазақстанның өзіндік нышаны, замандар байланысы мен бүгінгі қазақтардың ата-бабалары болған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қыпшақтар мекендеген жер ынтымағының бейнесі болып аталған.
«Алтын адам» көшірмелері Қазақстанның түрлі қалаларындағы көптеген мұражайларында қойылған.
Аты аңызға айналған жауынгер табылған қорғанның өзі 40 астам қорғаннан тұратын үлкен қорғанның оңтүстік шетінде орналасқан.
Осы территория 2010 жылы құрылған «Есік» мұражай қорығының қорғалынатын басты объекті болып табылады. Мұражай қызметі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттауға арналған.
Мұражай экспозициясы екі кең залдан тұрады. Бірінші залдың басты объекті, әрине, Алтын адамның көшірмесі болып табылады, ол арнайы шыны сауыттың ішінде орналастырылған. Келушілер айналып өткенде сақ жауынгерінің сауытын мұқият қарай алады. Осыдан басқа, осы залда сақ кезеңінің басқа да алтын бұйымдары, көне керамика мен қарудың қалдықтары, ат әбзелдерінің элементтері қойылған, олардың барлығы осы жерде Есік қорғанын зерттеу жұмыстары кезінде табылған.
Екінші залдың экспозициясы қазақ археологтарының қызметіне арналған, осында қорғанның үлгісі, сонымен қатар қорғандардың қазба жұмыстарына қатысқан ғалымдардың көптеген фотосуреттері мен жеке заттары көрсетілген.
Жыл сайын Есік қорғанының территориясында ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазба жұмыстар өткізіледі, бәлкім бізді алдымызда таңқаларлық жаңалықтар күтіп тұр.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы халықаралық және республикалық семинарлар мен форумдарды өткізуге болатын ірі білім орталығы бола алады.