Қазақтың ақыны мен композиторы Біржан-сал атындағы сәулет-мемориалдық кешені 2012 жылы 14 қыркүйекте ашылды. Ақмола облысындағы Степняк шағын қаласы ұлы ақынның туған жері болып саналады, дәл осы жерде орасан зор ғимарат пайда болды және бірден басты жергілікті көрікті жер болып аталды.
Біржан сал бірегей ақын, әнші және композитор, оның данышпандық туындылары туған Сарыарқаның даңқын шығарды. Он тоғызыншы ғасырда Ұлы даласында оның дарынына тең адам болған емес. Оның әрбір туындысын нағыз музыкалық үздік шығармасы деп атауға болады.
Біржан-сал Қожағұл ұлы (1834-1897) бала кезінде өзін жақсы дауысқа ие болған және домбырада сүйемелдеп ойнаған әнші ретінде көрсетті. Ақынның белгілі әндерін Қазақстанның атақты әншілері орындаған. Халық жаршысы болған Біржан-сал өз өлеңдерәнде болыс басшылары Жанбота мен Азнабай (олардың бұйрығы бойынша 1865 жылы Далаға генерал-губернатор Александр Дюгамель келген кезінде Біржан-салдың домбырасы сындрылған ) сияқты дала басшыларының озбырлығын көрсеткен. «Жанбота», «Адасқақ» және т.б. әндерінде ашу мен жек көрушілік сезінеді. Уайым мен қайғыға толы «Жамбас сипар», «Теміртас» және т.б.әндер өмірдің соңғы жылдарының қайғының ізі көрініп тұр.
Бізің уақытымызға қырықтан астам әндері сақталып жетті, олардың арасында «Біржан», «Адасқақ», «Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ» және басқа да әндері үздік шығармалар деп аталды.
Біржан-сал айтыстың тамаша шебері болған. Оның Жетісуда 1871 жылы Сара Тастанбекқызымен сайысқан ақындық айтысы жанр классикасы болды.1946 жылы осы айтыстың негізінде композитор Мұқан Түлебаев Біржанның әндерін енгізіп «Біржан мен Сара» операсын жазды.
Мемориалдық кешен қаланың ең жоғарғы нүктесінде орнатылған сәулет композициясы болып табылады. Бұл кешен ұлы сазгердің жерлестері жинаған қайырымдылық қаражатына салынған. Мемориалдың құрылысы жалпы халықтың іс боды: біреуі қаражат беріп, екнішісі кешенді салу жұмыстарына қатысты. Құрылысқа байланысты барлық жұмысты «Қасиет-шебер» ЖШС құрылыс фирмасы орындаған.
Сәулет-мемориалдық кешеннің орталық бөлігін биіктігі алты метрді құрайтын композитордың мүсіні алып тұр. Мүсін биік тұғырда тұрған ұлы ақынның фигурасы болып табылады, қолында домбыраны ұстап тұр, ал өзі алысқа қарап, өзінің өшпес музыкалық туындыларының бірін ойнап тұрғандай көрініп тұр.
Тұғырдың айналасында кішкетай алаң бар, жайлы күрке орнатылған, кеспе тастармен төселген жолдар, гүлкестелер, сәндік шамдар мен тіпті су атқыш бар. Осы композициясының авторы Көкшетаулық мүсінші Мұнарбек Бұрмағанов болып табылады.
Біржан-салдың есімін мәңгілікке есте қалдыру іс шаралары бүкіл Қазақстан бойынша өтіп жатыр, осылай Көкшетауда оған арналып ескерткіш ашылған, ал 2009 жылы «Қазақфильм» «Біржан-сал» (режиссер мен басты рөлдің орындаушысы Досхан Жолжақсынов) көркем лентасын түсірді. Бұл абырой мен бой ұсынушылық, намыс пен қорлау, ар мен арсыздық арасындағы таңдау туралы фильм. Сонымен қатар бұл соңғы махаббат пен жалғыздық туралы әңгіме болып табылады. Осы фильмнің түсірілімі Біржан салдың туған Көкшетау облысында өткен.