Ақмола облысының орыс драма театры 1977 жылы 28 қазанда алғаш рет ашылды. Театрдың негізін салушылары ҚР Өнер қайраткері мен директор Ю.Лакомов болған.
Іс жүзінде 40 жыл бойы, театр ұжымы көрермендерін дарынды әртістер орындаған қызықты қойылымдарымен қуанта береді. Осы жылдар бойы театр үлкен шығармашылық жетістіктерге жетті, ал оның репертуарында дипломдармен, құрметті грамоталармен және медальдермен марапатталған көптеген спектакльдер бар.
«Фаворит» Д.Ийеш (1980) – венгерлік драматургиясының фестивалі; «Нискавуори әйелдері» Х.Вуолийоки (1981) - Кеңес Одағында Финляндияның драма өнері фестивалі; «Үштен алтыға дейін» А.Чхаидзе (1984) - қазіргі тақырыптқа қойылған Спектакльдердің республикалық байқауының жеңімпазы; «Тергеушінің күзі» Г.Данаилов (1988) – болгар драматургиясының фестивалі.
Театр сахнасында орыс класииктерінің туындылары бойынша көптеген спектакльдер қойылды- «Чайка» А.Чехов(1983); «Преступление и наказание» Ф.Достоевский (1988); «Ревизор» Н.Гоголь (1986). Театр бірнеше рет қазақ ұлттық драматургиясының туындыларын қойды – «Махаббат поэмасы» Ғ.Мүсірепов (1978); «Далада тұрған үй» С.Жүнісов (1979); «Шоқанның серті» Ш. Уәлиханов (1982); С. Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы бойынша қойылған «Оқжетпес» О.Жанайдаров (1994).
Қазіргі кезде театр репертуарында беделді республикалық және халықаралық фестивальдерінің дипломдары мен марапаттарына ие болды – О. Жанайдаровтың «Түнгі жұлдыздар». Режиссер Ю.Кокориннің қойылымы – Астана қ. (2005) республикалық театр фестивалінің дипломанты. «Пиковая дама» А.С.Пушкин (2006) режиссері Ю. Кокорин - Санкт-Петербург қ. «Ресейдегі кездесулер» ТМД және Балтия елдерінің орыс театрларының сегізінші халықаралық фестивалінің дипломанты; «Волшебная лампа Аладдина» (2006) режиссері О.Луцива –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15–жылдығына арналған 14 Республикалық фестивалінің дипломанты. «Упырь» А.Толстой – «Соотечественники» орыс драма театрларының III Халықаралық театр фестивалінің дипломанты (2008), Саранск қ.
Ақмола облысының орыс драма театры Қазақстанда рок–опера жанрының пионері болып табылады. 2004 жылы сахнада У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» рок–операсы дарынды композиторы Е.Терихинаның музыкасына қойылған. Бүгінгі күнде, ол көрермендердің сұранысы мен жылы ықыласына бөленген театр хиті болды. Осы спектакльде Астана, Қарағанды, Петропавловск қалаларының қырықтан астам көрермендері болды.
Театрдың шығармашылық жолының елеулі кезеңі мерейтойлы 2002 жыл болып келеді. Театрдың 25 –жылдығының алдында ол көптен күткен сыйлығын алды, яғни 200 орынға арналған екі көрермендер залы және 150 орындарына арналған көп қызметті залы бар жаңа театр ғимаратына ие болды. Жаңа сахна жарық және дауыс жабдығымен жабдықталынған, жайдың ішінде жайлы грим бөлмелері мен дайындық бөлмелері бар.
Бүгінгі күнде театр штатында 114 адам бар. Көрермендерді жыл сайын дарынды актерлер қуанта береді: В.Гречанников, В.Крылов, Н.Слепцова, Л.Скуратова, В.Овчинников, А.Красноштанов, Н.Джунусова, Е.Лукьянова. Актерлер жас буынының қызықты өнер көрсетуі де талғампаз көрермендердің көңілдерінен шықты: Ж.Амреева, Д.Бронников, А.Малицкая, А.Владимиров, О.Крылова, Н.Бондаренко, С.Тавгень, П.Ван.
Театр труппасы үнемі реперуарды байытып алатын және көрермендердің көңілдерінен шыға алатын жаңа, шығармашылық формаларды іздеуде. Театр жас көрермендерді де ұмытпайды, «Балалар мен жастардың театры» декадалары дәстүрлі болды. Балаларға арналған арнайы кәсіпорындардың тәрбиеленушілері, кедей отбасылардың балалары театрға тегін келіп жүреді. Кедей азаматтардың арасында болған көрермендер үшін қайырымдылық спектакльдері ұйымдастырылады.