Ботоғай кесенесі (басқа атаулары Бытығай, Татағай) ХІ-ХІІ ғасырларының сәулет ескерткіші болып табылады. Кесене Нұра өзенінің сол жағасында, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылынан шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Ботоғай ортағасырлық бетше босағалық – күмбездік кесене болып келеді. Бұл қайта қалпына келтіруді мүмкін етіп, 1831-1856 жылы өлшенген және сипатталған Қазақстандағы жалғыз ортағасырлық кесене болып табылады. 1862 жылы Ботоғай кесенесінің суретін қазақтың ұлы этногрф ғалымы Шоқан Уәлиханов салды. Көптеген саяхатшылардың сызбалары мен сипаттамаларына қарағанда, Ботоғай Қазақстанның сәулет-құрылыс өнерінің көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. ХIХ ғ. ортасында кесене біршама жақсы күйге ие болды, өкінішке орай бүгінгі күнде ол қираған құрылыс үйіндісі болып табылады.
Ботоғай кесенесі жайындағы алғашқы дерек ХVІІІ ғасырдың ортасында Петр Рычков жұмыстарында кездеседі. 1762 жылы Петербургта «Ғылым академиясының коллеж кеңесішісі Петр Рычковтың шығармасы» кітабы шығады. Онда Ботоғай жайындағы мәлімет берілген. ХІХ ғасырдан бастап Кесенені бірнеше рет Қазақстанның дала аудандарын зерттеген түрлі зерттеушілері, сонымен қатар 1815 жылы Георгий Генс басқарған экспедициясы да зерттеген. Басты қасбетінің суреті мен тілік жобасы бар кесененің (сол кездегі орыс деректерінде ол ғибадатхана деп аталады) алғашқы қысқа сипаттамасын 1816 жылы Иван Шангин басқарған экспедиция жасаған. Басқа зерттеушілер сияқты, Иван Шангин Ботағай кесенесін Татығай (Бытығай) көне қаласының қалдығы деп санаған.
Иван Шангиннің сипаттамалары сақталып қалды, оларға сәйкес Ботоғай кесенесі 1816 жылдың өзінде бұзылып, «байыпты сәулеттің көне ғибадатханасының қалдығы» болып, «ішінде бағаналар мен сыланған қабырғалары» болды. Оның жанында «оған ұқсас кесене тұрған, ал алыста тұрған қираған орындардың ұзындығы шамамен 300 сажынды құрды».
Кесене жайындағы мәлімет Георгий Спасский (1818-1824), Алексей Шахматов (1831), Алексей Левшин (1832), Иосиф Кастанье (1910), Леонид Семеновтың (1930) жұмыстарында кездеседі. Ботағай қабірі Шоқан Уәлихановтың (1855) зерттеу жұмыстарында атап айтылады.
1949 жылы кесенені Нұра өзенінің сағасында Каталон картасында белгіленген Ахсикет қаласына ұқсатып, Нұра өзенінің сол жағалауындағы ірі төбелердің орнында Татығай қаласын шегінен шығармаған Әлкей Марғұлан басқарған Қазақ КСР ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген.
1974 жылы Әлкей Марғұлан басқарған Қазақ КСР ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Ботағай кесенесінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
2006 жылы ескерткішті Гүлнар Қамалова басқарған «Қазреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және жобалық филиалы қайтадан зерттеген.
1949 жылдың қазба жұмыстарына дейін ескерткіш диаметрі шамамен 30 м, биіктігі 1,5-2 құрайтын сопақ пішінді ескерткіш болып келеді. Оның шыңында металдан триангуляциялық бекет орналасқан. Қазба жұмыстарының барысында өлшемі 21х17,4 м болатын кірпіш алаңы ашылды және аймақ үшін көп емес, сонда да бірегей болып табылатын геометриялық және өсімдіктер оюы бар сырлы терракота сталактиттері табылды. Қазба жұмыстарының материалдары «Казреставрация» институтында сақталып тұр.
Сақтап қалған суреттемелер, әдеби дереккөздер мен зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша қазақ ғалымдары кесененің жобасын қайтадан қалпына келтіре алды, оған сәйкес құрылыс өлшемдері 11,4 х 8,9 м құрды. Кесене биіктігі 10,6 м құрайтын, алебастр ерітіндісінің негізінде жасалған өлшемі 26 х 26 х 4,5 см құрған күйілген қызыл кірпіштен салынған үш камералы бетше-босағалық құрылыс болып табылған. Кесененің басты қасбеті оңтүстік-батысқа бағытталған.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының іс шараларының жоспарларында Ботағай археологиялық ескерткіштің зерттеу, сонымен қатар кесененің толығымен қайтадан қалпына келтіру бар. Бұл кейін туризм нысаны ретінде сәулет және археологиялық ескерткіштерімен қатар мазарды пайдалануға мүмкіндік береді.