Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі.
Кесене сәулетшісі мен құрылысшылары белгісіз. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді төртбұрышты имарат. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа Тараз қаласына қарап тұр.
Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады, қабырғаларда сылақ іздері бар. Г.А.Пугаченкова кесенені XIV ғасырға жатқызады.
Орыс тіліне аударғанда « Тектұрмас» «тау жай тұрмайды» деген мағынаны береді. Кесене Сұлтан Махмұдханның жерленген орны болып саналады. Нұсқалардың бірі бойынша ол жергілікті әулие, басқасы бойынша – Қараханид әскерлерінің басқолбасшысы. Ол исламның таралуына үлкен үлес қосқан. Құрылыстың нақты уақыты туралы деректер жоқ.
XIX ғасырдың соңында кесенені В.А.Каллаур зерттейді. ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы жалғыз фотосурет қалған. Кесене 1935 жылы қиратылады. 1939-1940 жылдары оның үйінділерін Г.И.Пацевич зерттейді. 2002 жылы, Тараздың 2000-жылдығына орай Амнгелді Момышевтің бастамасымен кесенені қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қайта жаңарту жұмыстарын жас сәулетші Нұрлыбк Бәкеев қолға алды. Кесене сақталып қалған ескі сурет бойынша қалпына келтірілді.