Бабаджа-Хатун кесенесі Тараз қаласынан 18 км жерде, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша Бибі ауылында орналасқан. Кесене Айша Бибі кесенесінің маңында, сондай-ақ ол ХІ - ХІІ ғасырлардың бірегей сәулет ескерткіші болып табылады.

Бабаджа-Хатун кесенесінің тұрғызылуы туралы аңыз Айша Бибі кесесінің салынуы туралы аңызбен тікелей байланысты. Аталған аңыздың түрлі нұсқалары бар. Кең таралған аңызға сәйкес - Айша Бибі XI ғасырдың танымал ғалымы мен ақыны Хәкім Сүлеймен Бақырғанидің қызы болған. Ол өмірден озғанынан кейін Айша Айқожы шейхтің тәрбиесінде болды. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене оның құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның тәрбиешісі бұған келісім берген жоқ. Содан кейін қыз бала алдап-арбаумен Тараз қаласына қоныс аудартылды. Өкінішке орай, әмірші онымен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Қыз баланың өмірден озуына байланысты қайғыға салынған Қарахан дәл сол жерде ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі кесененің сақтаушысы болды және қайтыс болғанынан кейін Айша Бибіден 20 қадам жерде Бабаджа-Хатун кесенесінде жерленді.

Кесене сәулеттік композицияның қарапайымдылығымен, монументтілігімен және пішіндердің аса әсемдігімен ерекшеленеді. Көлемді композицияның тұрақтылығы мен тақтатастан жасалған төсеніші бар тас іргетастан тұрғызылуының арқасында кесене осы уақытқа дейін сақталған. Оның шаршы тұрпаттас ғимараты он алты қырлы жұмыр қабырғада орналасқан қырлы күмбезбен көмкерілген; қасбет қабырғаларының беті жерге жетпейтін қуыстармен, әшекейлеп қаланған бойтұмарлармен безендірілген. Бас қасбеттің ортасында кесенеге баратын дөңгелек қақпа тұрғызылған. кесененің бас қасбетінің парапетінде араб тілінде: «Бұл Бабаджа-Хатун қабірі. Оны салушы...» деген жазу қалдықтары сақталған.

Кесененің шаршы тұрпаттас пішіні бар, оның мөлшері 6,8х6,8х5,0 метр, қабырғалардың қалыңдығы 1,23 метрге жетеді. Мөлшері 24х24х 0,5 см болатын ашық күйдірілген кірпіштен қаланған. Бабаджа-Хатун кесенесінің сәулеттік композициясы қарапайым, әрі безендірулері аз. Ғимарттың үш қасбетінде (батыс қасбеттен басқа) қуыстар мен бойтұмарлар өрнектелген. Басты қасбет жанама қасбеттерден парапеттің болуымен ғана ерекшеленеді.

Қасбет қабырғаларының беті жалған арка тәріздес жалған терезелермен және қуыстармен безендірілген. Терезелер үстінде әшекейлеп қалаумен орындалған, кірпіштен қаланған шеңберлер бар. Декоративті қуыстар мен бойтұмарлар қабырғаға қаланған, кесіндісінде тік қырлы науаны жасайтын П әрпі түріндегі шеңбердің ішіне салынған. Жиектеменің үстімен бұрыштары сыртқы қабырғаға қарай бұрылған қосарланған кірпіштерден тұратын тісті көлденең жолақ өтеді. Осындай жиектемелер күмбез қойылған парапет пен барабанның үстімен бойлай өтеді. Қабырғалардан сегіз қырлы қабырға мен күмбезге өтетін жер тромпалармен бүркемеленген. Кесене қашалған барабанмен көмкерілген, ол 16 қырлы конус күмбез үшін негіз болды. Өкінішке орай, тарихи күмбез осы уақытқа дейін сақталған жоқ. 1981 жылы күмбез Қазжобареставрация институтының жобасы бойынша қайта жаңартылды.

XIX ғасырдың соңынан бастап Бабаджа-Хатун кесенесін бірнеше ғалымдар: 1897 жылы - В. Каллаур, 1938 жылы - А. Бернштам, 1953 жылы - сәулетші Т. Басенов зерттеген. 1982 жылдан бастап Кесене сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекеттің қорғауына алынды.

2002 жылы Бабаджа-Хатун кесенесінде реставрациялау жұмыстары жүргізілді, күмбез зерттеліп, бүкіл құрылыс іргетасының негізі нығайтылды.

  • Достарға әңгімеле:
Абай атындағы Жамбыл облысының қазақ драма театрының тарихы ұзын әрі қызықты. Театр 1936 жылы 5 қаңтарда Әулиеатада (Таразда) ұжымшар-кеңшар театры ретінде құрылды.

Ескерткіштер
Жамбыл облысының қазақ драма театры

Абай атындағы Жамбыл облысының қазақ драма театрының тарихы ұзын әрі қызықты. Театр 1936 жылы 5 қаңтарда Әулиеатада (Таразда) ұжымшар-кеңшар театры ретінде құрылды.

Айша-бибі кесенесі  XII  ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.

Ескерткіштер
Айша бибі кесенесі

Айша-бибі кесенесі  XII  ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.