Абай атындағы Жамбыл облысының қазақ драма театрының тарихы ұзын әрі қызықты. Театр 1936 жылы 5 қаңтарда Әулиеатада (Таразда) ұжымшар-кеңшар театры ретінде құрылды. 1936 жылы 16 наурызда театр көрермендер үшін өз шымылдығын ашты, оның шығармашылық жолы Б. Ж. Майлиннің «Келін мен шешей» және К. Қырқымбаевтың «Келіншек» атты бір актілі кқмедияларымен басталды. Театрдың шығармашылық жетекшілері және режиссерлері Рамиш Әбдірахманов, Мақсұт Майтанов, 1938 жылдан бастап театр режиссері болып Ж. Арғынбаев тағайындалды. Театр ашылғаннан кейін оның труппасына сол кездегі қазақтың атақты әртістер кірді, бірақ негізінде ол жас және дарынды орындаушылардан құрылған. Театр сахнасында Ж. Абызбаев, С. Абызбаева, С. Атамқұлов, К. Қасымбеков, Ф. Н. Нұрымова, Ш. К. САкиев, М. Ж. Табанов, О. Тұрұмқұлов, С. Үмбетбаев және т.б.

Алғашқы қойылымдарынан бастап, театр көрермендердің жылы қарағанын, сыншылар мен мамандардың ықыласын жаулап алды. 1940 жылы театр Жамбыл облысының қазақ драма театры болып қайта құрылды, ал 1945 жылы Абайдың есімі берілді.

1966 жылы театрдың шығармашылық жетістіктеріне құрмет көрсетіліп, театрдың ұжымы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрметті грамотасымен марапатталды. Ұзақ жылдар бойы театр сахнасында түрлі мазмұндағы көптеген спектакльдер қойылған, классикалық туындыларының көрнекті қойылымдары да, уақыт пен жағдайлары ұсынған тұстас пьесалары да болған. Осылай театр сахнасында Н. Ф. Погодиннің «Кремлевские куранты» (В. И. Лениннің рөлінде театр әртістері А. Тоқпанов пен С. Рақышев) деген спектакль қойылып, дәл сол қойылым 1970 жылы Драма театрларының республикалық қарауының дипломымен марапатталған.

Театр тарихында бүкілодақтық жетістіктер де бар. А. Қалдыбаевтың «Шаншар ата» қойылымы 1980 жылы балалар мен жастарға арналған спектакльдердің Бүкілодықтық қарауының 1-ші дәрежесіндегі дипломымен марапатталған.

1966 және 1976 жылдары театр труппасы Алмааты қаласына сәтті гастрольге жүрді.

Абай атындағы Жамбыл облысының драма театры көрермендер қазақ жазушыларының туындылары бойынша спектакльдерді көруге болады: Б. Ж. Майлиннің «Көзілдірік» және «Тастанбай тәртіптері», М. О. Әуезовтың «Еңлік — Кебек», «Айман Шолпан», «Түңгі сарын», «Қарақыпшақ Қобыланды» және «Қарагөз». Музыкалық спектакльдер: Е. Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын» және «Қыз Жібек», Ү. Ғажыбековтың «Аршын мал алан». Орыс, кеңес және шетел драматургиясының аудармалары: Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», К. Гольдонидің «Екі мырзаның қызметшісі», Н. В: Гогольдің «Ревизор» және «үйлену тойы», А. Н. Островскийдің «Күнәсіз кінәлі болып қалғандар», В. В. Маяковскийдің «Қандала» және т.б.

Театр өз атауын бірнеше рет өзгерткен, 1993 жылы Джамбул облысы транскрипцияның Жамбыл облысына өзгеруіне байланысты театр Абай атындағы Жамбыл облысындағы қазақ драма театры болып атауын өзгертті.

Абай атындағы Жамбыл облысының драма театрының сахнасында 1938 жылдан бастап әр түрлі жанрдағы 320 спектакль қойылды. Бүгінгі күнде театр өз көрермендерін жаңа қызықты жұмыстарымен қуантуды жалғасытырп жатыр, театрдың соңғы қойған спектакльдердің арасынан Жамбылдық жазушы Елең Әлімжанның аттас драмасы «Төле би» спектакльдің тұсаукесерін ерекше атап шығуға болады. Қойылым ұлы бидің 350-жылдығына арнап шығарылған, бірден даналық пен өмірге төзімділік, адалдық пен әділеттілік, қайрымдылықтың үлгісі болып, есімі халық арасындағы құрметте. Осы спектакль театрда үлкен жетістікпен өтіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленген.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Ақыртас

Ақыртас – көненің таң қаларлық ескерткіші, VIII—IX ғасырлардағы сарай кешені. Ақыртас жамбыл облысындағы тараз қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш үлкен күрең-қызыл тас блоктарынан салынған бір құрылыстың үйінделері.

Тараз қалашығы – бірегей археологиялық ескерткіш. Тараздың мәдени қатпарлары I-XIX ғасырлармен даталанып Қазақстанның түгел дерлік тарихын қамтиды. Ерекше қызығушылықты қаланың гүлденген кезі - X-XII ғғ. жататын заттар тудырады.

Ескерткіштер
Тараз қалашығы

Тараз қалашығы – бірегей археологиялық ескерткіш. Тараздың мәдени қатпарлары I-XIX ғасырлармен даталанып Қазақстанның түгел дерлік тарихын қамтиды. Ерекше қызығушылықты қаланың гүлденген кезі - X-XII ғғ. жататын заттар тудырады.