Тараз қалашығы – бірегей археологиялық ескерткіш. Тараздың мәдени қатпарлары I-XIX ғасырлармен даталанып Қазақстанның түгел дерлік тарихын қамтиды. Ерекше қызығушылықты қаланың гүлденген кезі - X-XII ғғ. жататын заттар тудырады. Ортағасырлық Тараз қаланың қазіргі орталық базары аумағында Мирзоян және Төле би-Байзаков көшелері ауданында орналасқан. Тараз қалашығыныңі Іргелі зерттеулері мен қазба жұмыстары тек 2011 жылы басталды.

Тараз қалашығы сауда жолдарының тоғысатын жерінде орналасқан. Ол қамал, рабад және шахристаннан тұрған. Дуалдармен қоршалған Тараз қамалы мен шахристан және моншалар қазіргі Орталық базар аумағында орналасқан. Қазба жұмыстары орнында араб жазуы бар керамика фрагменттері, оның жанында крест белгілері салынған керамикалық ыдыс-аяқтардың қалдықтары табылды. Бұл діндер мен конфессиялардың бейбіт өмір кешкенінің белгісі. Ішкі қабырғаларды: моншаның ауыз бөлмесі, дәрет алатын бөлмелер, процедураларға арналған бөлмелер болып бөлінген. Екінші монша – Калн-Юнус Байзақ батыр көшесі бойында қарама-қарсы жерде орналасқан. Ол тікбұрышта формалы және күйдірілген кірпіштен салынған. Оның өзара арқалық өткелдер арқылы байланысқан түрлі типті 10 орын-жайы сақталған. Моншалардың кейбір орын-жайларында қабырғалардағы полихромды жазбалар – қызыл және қызғылт аяда контуры қарамен жүргізілген шахматты тәртіпте орналасқан сары сегізқырлы жұлдыздар сақталған. Орын-жайлар сыртынан күмбезбен жабылған, ішінен дарбазалармен, мүсінді текшелермен әцекейленген.

Сондай-ақ қалашық аумағынан ежелгі медресе үйінділері, ірі қала магистралі, ежелгі су құбырының қалдықтары табылды. Бұның барлығы ортағасырлық Тараздың жоғары мәдени дамығанының белгісі. Сонымен бірге сақ және үйсін кезеңінің тікбұрышты өңделмеген кірпіштен жасалған құрылыстар табылды. Қазба қатпарларында өзіндік ерекшелігі бар керамика кешені жиналған: сыртынан ақ және қызғылт ангобпен (сәнді жабын) жалатылған жіңішке қабырғалы бөліктер.

Тараз қалашығының тарихы сақ және үйсін тайпаларының қонысынан бастау алады. Ортағасырда қала Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірінде маңызды пунктке айналды. Алғашында ол қарлұқтардың, ал кейіннен қараханид мемлекетінің орталығына айналды. Ежелгі Тараз XI—XII ғасырларда өркендеді. 212 жылы монғолдардың қолдарына түспеу мақсатында қала бұзылып, құриды. XIII ғасырда қалпына келіп, қайта бұзылады. Кейіннен ғасырлар бойы бұл орында түрлі қалалар мен қоныстар пайда болды.

Қазіргі қаланың Орталық базары орнындағы Тараз қалашығының қазба жұмыстары базар ауыстырылғаннан кейін басталды. Бұл уақыт ішінде көптеген қызық археологиялық жаңалықтар ашылды. 33 мыңнан астам керамика фрагменттері, 33 мнета (олардың біреуі - алтын), 26 шыны бұйымдары табылды. Қазба жұмыстарының жалпы алаңы – 2550 шаршы метр.

  • Достарға әңгімеле:
Отырар қалашығы - IX ғасырдан XVII ғасырға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ең ірі, әрі дамыған қалалардың бірі. Отырар атырабы қазіргі Оңтүстік-Қазақстан облысы Отырыр ауданында, Темір теміржол бекетінен батысқа қарай 10 км, қазіргі Талапты ауылы жанында, Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 57 км.

Ескерткіштер
Отырар

Отырар қалашығы - IX ғасырдан XVII ғасырға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ең ірі, әрі дамыған қалалардың бірі. Отырар атырабы қазіргі Оңтүстік-Қазақстан облысы Отырыр ауданында, Темір теміржол бекетінен батысқа қарай 10 км, қазіргі Талапты ауылы жанында, Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 57 км.


Ескерткіштер
Тектұрмас кесенесі

Тектұрмас кесенесі -  Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі.