Ақыртас – көненің таң қаларлық ескерткіші, VIII—IX ғасырлардағы сарай кешені. Ақыртас жамбыл облысындағы тараз қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш үлкен күрең-қызыл тас блоктарынан салынған бір құрылыстың үйінделері. Кешен құрылысшылары өз заманы үшін таң қаларлық инженерлік технологияларды білген.
Ескерткіштің нақты уақыты мен мақсаты белгісіз. Бұл мәселелер бойынша көп дау жүргізілуде. Осы уақытқа дейін имараттың құрылысшылары да анықталмады. Ғалымдардың бір нұсқасы бойынша Ақыртас монахтарға арналған хужралары бар несториандық монастырь болуы мүмкін. Басқалары монастырь буддалық болған дейді. Зерттеушілердің жартысы АқыртастыҰлы Жібек жолында тұрған ортағасырлық қала Касрибасқа ұқсатады.
Қазір ғалымдар арасында Ақыртас Араб қолбасшысы – 751 жылғы Атлах шайқасындағы біріккен араб күштерінің бас қолбасшысы Муслим Кутейбаның бұйрығымен 714 – 715 жылдары салынған араб сарайы деген пікір кең тарлған. Бұл теория бойынша сарай арабтар жаулап алған аумақты белгілеп, қолбасшының резиденциясы болған. Сондай-ақ ескерткіш көшпенділердің дамыған мәдениет өкілдерімен салынды деген болжам қарастырылуда.
Ақыртас қызыл құмтастың батпандай блоктарынан тұратын төртбұрышты (205х185м) құрылыс. Құрылыс төрт бөліктен тұрады. Құрылыс ортасында ішкі ауласы, екі су қоймасы – хауыздары бар бас кіреберіс орналасқан. Сарай құрылысынан басқа Ақыртас кешені құрамына қаладан тыс жатқан жеке үйлер, бекініс, саябақ, тас шығаратын карьер, саз карьері кірді. Ақыртастың бірінші бөлігі құрылыс салынбаған шаршы учаскеден және аулаға шығатын орын-жайлар тобынан тұрады. Олардың үшеуі дәліз тәрізді ұзын. Екінші бөлігі 12 тұрғын және 5 шаруашылық орын-жацдан тұрады. Үшінші бөліктің сыртқа өз бетімен шығу жолы бар он үш орын-жайы ауланың айналасында топтастырылған. Төртінші бөліктің тұрғын бөлмелері де ауланың айналасында орналасқан (25х34м). 18 тұрғын бөлме, екі айван және үш тар орын-жай. Ақыртас ғимараттан 400 метр жерде алынатын тас пен балшықтан салынған. Блоктардың жоғарғы бөлігінде астау тәріздес шұғылдар бар, ал төменгі жағы – сопақша шоқы. Блоктарды бір-біріне бастырғанда шоқша мен шұңғылдар құрылымды бекіте отырып ұштасады. Ақыртас қабырғаларының қалыңдығы 3,5 метрден 5 метрге жетеді. Ғимарат негізінің биіктігі – 4 м. Бұл кешен құрылысы зәулемділігін айғақтай түседі. Сұ құбыры жүйесінің сәтті құрылымының арқасында кешен 3-4 км қашықтықта орналасқан бұлақ суымен қамтамасыз етілген.
Ақыртасты 1864 жылы алғашқы рет М.Г.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында жұмыс істеген М.С.Знаменский зерттеген, бірақ ол туралы тұңғыш деректерді 1222 жылы даос тақуасы Чан Чун қалдырған. П.И.Лерх кейбір блоктардың жекелеген өлшемдерін жүргізіп даос тақуасы қалдырған деректермен салыстыра отырып ескерткіштің жалпы сипаттамасын берді. Кешеннің маңызды ғылыми зерттеулерін геолог Д.Л.Иванов жүргізді. Ол құрылыс пен тас қашалатын орынның жоспарын егжей-тегжейлі сипаттап қана қоймай, қабырға блоктарын суреттеп, Ақыртастың тарихи маңыздылығына баға берді. Сонымен бірге ескерткішті В.В.Бартольд және археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшесі В.А.Каллаур сияқты ғалымдар зерттеген. Ескерткіштің міндеті туралы болжамдарды өзінің зерттеу жұмыстары негізінде НАН академигі К.М. Байпақов жасады. Кең көлемді археологиялық жұмыстарды француздармен бірлесіп беделді қазақсатандық ғалымдар 1996 жылы жүргізілді. Сол жылдың жаңалығы, атап айтқанда, мешіттің табылуы, Ақыртас брахман ғибадатханасы немесе несториан монастырі болған деген болжамдарды жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Осы жағдай құрылыс VIII ғасырдың ортасынан бұрын салынбағанына ғалымдардың көзін жеткізді. 1998-1999 жылдары сарай кешенінің жанынанкішігірім керуен-сарай (ХІІІ в) табылды. Кешеннен оңтүстік-батысқа қарай 1 км шақырым жерде бір-бірінен 50 м қашықтықта бұрыштарында төрт мұнарасы бар қамал және қолбасшының бекінісі (VIII -Х ғғ.) орналасқан. Бүгінгі күні кешен аумағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында ашық аспан астында мұражай кешенін салу жоспарланып отыр.
Айша-бибі кесенесі XII ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.
Бабаджа-Хатун кесенесі Тараз қаласынан 18 км жерде, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша Бибі ауылында орналасқан. Кесене Айша Бибі кесенесінің маңында, сондай-ақ ол ХІ - ХІІ ғасырлардың бірегей сәулет ескерткіші болып табылады.