Орал қаласындағы Жәңгір атындағы өзгеше және бірегей тарихи-этнографиялық мұражай жаңа типтегі мұражайларына жатады, ол тәуелсіз Қазақстанда құрылған. Мұражайды құру тарихы ерекше және қазақ мәдениетін дамыту үшін қоғамдық және азаматтық бастамаларын сәтті іске асырудың үлгісі бола алады. Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің шағын университеттік мұражайы мұражайды құрудың негізі болды.
Университет ректоры, профессор К.К: Бозымовтың бастамасы бойынша студенттерді әлеуметтендіру мен жастарға қазақстандық рухында тәрбие беру мақсатында 2003 жылы университет тарихының мұражайын құру бойынша жұмыс басталды. Мұражай 2003 жылдың күзінде, университеттін 40-жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Жоғары оқу орнының тарихы мұражайын дайындауға А.А.Қарасаев, А.Д. Арбаев, Б.Б. Траисов,Г.К. Молдашев және т.б. сияқты мұғалім-ардагерлер өз үлесін қосты. Р.Ж.Исатаева Университеттің ғылыми кітапханасының бұрынғы директоры Р.Ж. Исатаева мұражайға бағалы экспонатарды берді.
Президенттің Қазақстан халқына 2003 жылғы Жолдауында ұсынылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында мұражайды дамыту жолдарын іздеу басталды.
2004 жылы 1 наурыздан бастап университтік болып бастаған мұражай Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының құрылымдық бөлімшесі болады. Осы күннен бастап мұражайдың барлық экспонаттары мемлекеттік қорғауына алынған және сақтау керіліне ие болды, ал мұражай үшін қосымша штаттардың бөлінуі кейінгі дамуға жағдай жасады. 2008 жылы мұражайдың экспозицялық ауданы екі жаңа залдың арқасында 327 шаршы метрге кеңейді.
Жәңгір хан көшпенділер мәдениетінің салдарын және әлемдік өркениеттің даму үрдістерін алғаш түсінгендердің бірі болды. Ол Бөкей хандығындағы ішкі саясатында батыл шешім мен маңызды реформаларды қабылдайды. 1827 жылы Хан ордасының құрылысын бітіріп, үй салудың үлгісін көрсетеді. Қалалану мен қоғамның кәсіби білім беру, тауар-ақша байланыстарын дамыту және т.б. ерекше қадамдар жалпы айтқанда оған саяси тыныштықты және бағынышты халық өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін мүмкіндік бердіҚазақтардың сөз қорына «Қазақстан» сөзін ендіріп, аттас газетті шығарды. Мектебінің түлектері өлкенің және Қазақстанның көрнекті қайраткерлері, Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясының белсенділері, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары, ағартушылар мен ғалымдар, Бейбітшілік және жауынгерлік еңбектің Батырлары болып шықты. Жәңгір ханның училищесі (1841 ж.) Хан Ордасының қарқынды өсуін қамтамасыз етті. Құмдағы астана ірі, өндірістік, мектеп және көп ұлттық әкімшілік орталыққа айналды. Сол кезден бастап, мектеп бүкіл Қазақстанда да қаланы құратын және біріктіретін бастау болып шықты.
Жәңгір атындағы тарихи-этногрфиялық мұражайдың негізгі мақсаты мен міндеті XIX ғасырының мемлекеттік қайраткері, реформаторы мен ағартушысы ретінде әдістемелік және ғылыми жоспары бойынша анық жасалған Жәңгір ханның заттық-деректі кейпін құру, қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті, тұрмысы мен дәстүрлерін нақты ашу болып табылған.
Экспозициядағы басты орынды Жәңгір ханның залы алып жатыр. Осы залда 2004-2008 жылдары Қазан, Орынбор, Саратов, Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында табылған түпнұсқалық құжаттардың негізінде оның қызу және жемісті қызмет көрсетілген. Полиглот, саясаткер және дипломат, жебеуші және ғылымның жан-тәнімен берілген адамы, қазақ халқының берекесі мен өркендеуін ойлаған. Оның білімі, ойдың кең өрісі және қажымас қайраты оған Ресей мен Еуропаның көрнекті қайраткерлерімен іскерлік және ғылыми хат жазысуға мүмкіндік берді.
Этнография залында халықтың қолданбалы өнерінің туындылары, тұрмыс заттары, ат әбзелдері, ұлттық киім көрсетілген. Мұражай келушілеріне түпнұсқалық этнографиялық экспонаттары негізінде көшпенді халықтың материалдық және рухани мәдениеттің қайталанбас әлемі көрсетіледі. Залдың ортасында «Ауыл тойға дайындалып жатыр» әдемі суреттің алдында киіз үй орналасқан. Жас жұбайлардың киіз үй отауы, келіннің жасауы, қазақтардың тұрмыс заттары және халық-қолданбалы өнері экспозицияны толықтырады.
Бөкей Ордасы залында ХІХ ғасырдың көптеген құжаттар мен фотосуреттері, Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан алынған Жәңгір ханның мөрі тұрған кітаптар көшірмесі бар.
Құрылу күнінен бастап мұражай Орал қаласының мәдени өміріне белсенді түрде қатысқан. Мұражайдың он жылдық қызметі ішінде оған 30 мыңнан астам адам келген, мұражай қызметкерлері 1335 экскурсия және 130 мәдени-бұқаралық іс-шараны өткізген. Мұражай дамып жатыр, ал оның қызметкерлері жаңа экспонаттарды іздеу, стендтерді құрастыру және экспозицияны жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр.