Мекен - жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 184. Телефоны: +7 (711) 251 1952
Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы – еліміздегі ежелгі мұражайлардың бірі. Ол сонау 1836 жылы Орал әскери училищесінің педагогы М.К.Курилинмен ұйымдастырылған болатын. Мұражайды ұйымдастыруда М.К.Карелин, Н.С.Северцев пен Л.С.Берг сынды белгілі ғалымдар өз үлестерін қосқан. Бірнеше ондаған жылдар өткен соң, ол Орал нақтылы училищесіне ауыстырылып, Орал казактары тарихының мұражайына айналған. Кейін соның негізінде облыстық тарихи – өлкетану мұражайы құрылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұражай жабық болған. 1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұражай 1879 жылы тұрғызылған бұрынғы орыс – қырғыз мектебінің әсем ғимаратына орналасады. Бұл жылдары мұражай елдегі ең мықты мұражайлардың бірі ретінде танылып, КСРО Мәдениет Министрлігінің Құрмет Қызыл белгісімен марапатталған. Қазіргі таңда мұражайдың 8 филиалы бар: Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың үй – мұражайы, Е.Пугачевтің үй – мұражайы, суретші С.Гумервтің үй – мұражайы, Орал қаласындағы табиғат пен экология мұражайы, Зеленовский ауданы, Дарьинск ауылындағы белгілі жазушы М.Шолоховтың мұражайлық кешені, Сырым ауданындағы Сырым Датұлы атындағы тарихи – өлкетану мұражайы.
Мұражайдың экспозициясы 100 мыңнан астам экспонаттармен ұсынылған. Олар палеолит дәуірінен бастап қазіргі заманымызға дейінгі облыс дамуының тарихын көрсетеді. Мұражайдың бай топтамасы 8 залға орналастырылған: Жайық қаласының Алтын ордалық кезеңі мен пайда болуының археологиялары, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, кеңестік кезең тарихы, өнер тарихы, Батыс Қазақстан облысындағы ғылым мен білім беру, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихындағы қазақ халқының этнографиясы.
Археология залында палеолит дәуірінің еңбек жарақтары көрсетілген. Бұл экспозиция келушілерге адамзат дамуының тарихын бейнелейді: керамикалық ыдыстардың пайда болуы, тасты өңдеудің басы. Әсіресе Анронов мәдениетіне жататын көрме қойылымдары мұражайға келушілердің қызығушылықтарын тудырады: садақтар мен найзалардың ұштары, темірден жасалған жауынгер сауыттары. Бұл топтамадағы бірегей заттардың ішінде сақ тайпасынан қалған күміс және алтын бұйымдар жатады: фалары, сырғалар, маңдайға тағатын әшекейлер, медальондар, маржандар, псалиялар. Алтын Орда дәуіріне арналған залдағы экспозициялар бұл мемлекеттің даму деңгейінің жоғары сатыда болғандығынан куә. Бұл жерде сол заманның сауыт – саймандары мен құрал – жабдықтары көрсетілген: қанжарлар, садақты жебелер, қылыштар, алдаспан, сонымен қатар бұлардың жанында «Құран» қасиетті кітабы да орын тапқан, аң аулау құралдары, тұрмыстық заттар. Сондай- ақ көрермендер бұл залдан ежелгі Жайық қаласына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалық тақталар, кірпіш, тиындарды да көре алады.
Кіші жүз бен Бөкей Ордасы тарихы залында қазақ хандары билік жүргізген кезеңдегі аймақтың даму тарихынан көрініс береді. Мұражайға келушілер бұл жерден Кіші жүз хандарының көркем портреттері, қазақ жауынгерлерінің қару – жарақтары, торсық, алтындалған қанжалдар мен хан скипертінің нақты көшірмелері, оюланған ер – тоқым, белбеу мен қамшыны тамашалай алады. Залдағы маңызды орындардың бірін 1723 – 1730 жылдары болған «Аңырақай шайқасы» оқиғаларының картинасы алады, көрерменге қазақ халқының жоңғар шапқыншылықтарына күресінің бейнелі әрі әсерлі тарихын көз алдына келтіреді. Залдың бір бөлігі Жәңгір хан билігі кезеңіне арналған.
ХХ ғасыр тарихы залы 70 – жылдық кеңес үкіметі кезеңін көрсетеді. Экспозицияның көп бөлігі Алаш Орданың Батыс бөлігі қызметіне арналған. Бұл жерде Алаш зиялыларының фотоматериалдары мен құжаттары көрсетілген. Сонымен қатар бұл залда репрессия кезеңі де бейнеленген. Ату жазасы орнында табылған заттар, жеке бас заттары, қасірет кітаптары, жеке істер – әр келушінің жадында ұмытылмас әсер қалдырары сөзсіз. Соғыс жылдары тарихына арналған экспозиция облыс тұрғындарының – Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың фотосуреттері, Орал қаласына эвакуацияланған кәсіпорындардың жұмысы туралы материалдар, сол кәсіпорындардың майданға арнап шығаратын өнімдерінің үлгілерінен құралған. Жеке стендте Кеңес Одағының Батыры мен Кавалер Қызыл ордендері атақтарына ие болған барлық 48 оралдықтардың фотолары жайғасқан.
Көркемөнер тарихы залында Құрманғазы атындағы халық аспаптары бірінші оркестрінің қалыптасу тарихын, Қазақстан Республикасы халық әртістерінің шығармашылығы туралы мәліметтерді, Хадиша Бөкеева мен Роза Жамаловалардың көз тартатын сахналық киімдерін көре аласыз. Мұражай экспонаттарының ішінде еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің фотоматериалдары мен жеке заттары ұсынылады. Тәуелсіздік тарихы залында ұлттық валюта, фотоматериалдар, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев жазған кітаптар (жеке қолтаңбасымен қоса), облыстағы экономика, ауылшаруашылық, өндіріс салаларының дамуын көрсететін экспонаттар бар.
Қазіргі таңда мұражай мәдени – ағарту қызметімен белсенді айналысады, тұрақты ғылыми – зерттеушілік жұмыстар жүргізіліп тұрады. Семинарлар, дөңгелек үстел, конференция, фестивальдар мен көптеген іс – шараларды өтікізіп тұру дәстүрге айналған.