Сенек қорығы 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші болып табылады, ол бірнеше жерлеу құрылыстарынан,сондай-ақ ескі мешіттен тұратын қорық болып табылады. Оған жету айтарлықтай оңай емес, қорық Атырау облысындағы алыстағы Сенек ауылында орналасқан.

Қорық жерлеу құрылыстар тобынан құрылған, бірінші топ 19-20 ғасырымен даталанады, оның құрамына 3 күмбезді кесене, 30 астам сағанатам және қүмбездердің (құлпытас және қойтас) тағы бір шағын формасы кіреді. Сағанатам – үстіңгі жағы ашық болатын дуал тәрізді және жерлеудің бас жағындағы биік емес көтеріңкі жері бар қабір үстіндегі құрылыс. Сағанатамның қабырғаларын орнату үшін ұзындығы 60-70 см, ені 40-50 см және қалыңдығы 7-10 см бар тас тақталар шабылған немесе кесілген. Сағанатамның іргетасы жоқ, оның негізі тастан қаланған. Осы жиектемелі өруден кейін шегініп, тас тақталардан қабырғалары тұрғызды. Тақталар бір-бірінен 60-65 см ара қашықтықта екі қатармен тұрғызылған. Қорықтың бірінші топтың барлық ескерткіштері жалпы айтқанда 1,5 гектардан астам ауданды алып жатыр.

Жерлеу құрылыстардың екінші тобы 600 метр қашықтықта оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан, оның ауданы 1 гектардан астам жерді алып жатыр және 2 күмбезді кесенелерден, 20 сағанатамнан және жерлеу орындарының бірнеше шағын формаларынан тұрады. Қорықтың бірінші тобында сәулет жағынан ең қызықтысы атақты сәулетшілері Дұтбай Жандаулетов және Нұрнияз Ізбасаров 1900 жылы салған Нұрберген Қылышевтің Кесенесі болып табылады. Кесене композициясы цилиндрлі барабандағы күмбездің мүсінді шатыры бар жетілген үш сатылы кескінделген іргесінің үстінде төрттік төртбұрышты жобасында (5х5,5 м) нақты үйлесімімен салынған.

Кесененің пішіндері абсолютті дұрыс ықшамды болып табылады. Басты қасбет оңтүстік-шығыс жағында орналасқан, ол жақтаумен бөлінген және ұлттық өрнек түрінде оюмен қапталған домалақ тұмармен әсемденген. Есік орны кескінденген ернеуі бар бетше босағасымен және шомбал бойлық тіреулерімен тұйықталынған төрт сатылы маршымен жиектелінген. Кесене қасбеті және қабырғалары ішінен сәулетшілердің аса шеберлігін тағы да көрсететін елесті өрнегімен безендірілген. Ою өрнегі жоғары техникамен орындалған және өсімдік түрінде (гүлдер, жапырақтар, гүлшанақ), зооморфты пішіндері мен геометриялық фигуралар түрінде жасалған (шеңберлер, үшбұрыштар, ромбтар, шаршылар). Кесенені безендіруде кейінгі полихромдық бояуы бар пішіні бойынша ою техникасы пайдаланылған.

Қорық құрылыстарының екінші тобында сәулет ескерткіші ретінде ең қызықты болып табылатыны әлдебір Бекқұл Жанториннің мазары болып табылады. Мазар шамамен 1785-1790 жылдары салынған, ол берік аласа пропорцияларымен ерекшеленеді және сол заманның қабір үстіндегі ерекше жақсы сақталған құрылыс болып табылады. Құрылыстардың екі тобынан құрылған қорықтан басқа Сенек сәулет қорығына Сенек ауылының мешіт ғимараты мен ауыл орталығында орналасқан киіз үй тәрізді түрғын үйі кіреді. Екі құрылыс шамамен 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басымен даталанады, олар құмдақтың жоңқаланған әктастан жасалған және сол кездегі сәулет пішіндерін және қалалық емес (ауылдық) құрылыстың техникасын жақсы көрсетеді.

Сәулет Сенек қорығы маман тарихшылары мен сәулетшілері үшін ғана емес, сонымен қатар туған өлкесінің тарихын білуге және түсінуге ұмтылатын қарапайым саяхатшылар үшін де қызықты болып табылатыны сөзсіз.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Жұбан кесенесі

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі Жұбан Кесенесі болып табылады. 1898 жылы салынған осы Кесене қазақтың халық сәулетшілігінің ең көрнекті ескерткішітерінің бірі болып табылады.

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады. Атырау театры елдегі ескі Қазақ театраларының бірі болып саналады, ол 1938 жылы 5 наурызда Халық комиссариатының шешімен «Мұнайшы» клубының негізінде ашылған.

Ескерткіштер
Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады. Атырау театры елдегі ескі Қазақ театраларының бірі болып саналады, ол 1938 жылы 5 наурызда Халық комиссариатының шешімен «Мұнайшы» клубының негізінде ашылған.