Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады. Атырау театры елдегі ескі Қазақ театраларының бірі болып саналады, ол 1938 жылы 5 наурызда Халық комиссариатының шешімен «Мұнайшы» клубының негізінде ашылған. Театр бастауында 1 жылдық театр студиясын бітірген дарынды қазақ жастары болды. Негіз салушылар мен алғашқы актерлер: Қуат Түлеков, Шашты Жұмабекова, Айтжан Есенбаев, Онай Жақсыбаев және т.б. Біраз уақыт өткеннен соң Гурьев (Атыраудың ескі атауы) театры сол кезде таратылған Қызылжар (Петропавл) театрымен біріктірілген. Жаңарған театр өзінің жұмысына М. Әуезовтың «Түнгі сарын» пьесасының қойылымын қосты. Кейін театр репертуары классикалық және тұстас материалына негізделген көптеген спектакльдерімен толықтырылды. Театрдың ұжымы мен репертуары көбее берді, амплуа ұлғайды, сонымен бірге оның орны өңірдің мәдени өмірінде өзгере берді, театрдың атауы Гурьев музыкалық драма театры болып өзгерді. 1956-1957 жж. Алматыда өткен «Театр көктемі» 1-ші республикалық фестивалінде театрдың басты режиссері Т. Дүйсембаев С. Мұқановтың «Ботагөз» спектаклінің қойылымы үшін ҚазССР Мәдениет министрі сыйлығын алады.
Фестиваль шеңберінде ел астанасында Б. Майлиннің «Шұға», Б. Қорқытовтың «Асылжандар», Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» қойылымдары көрсетілген, осы спектакльдердің барлығы көрерменнің құрметіне ие болып, театр ортасының жоғары бағасын алды. Фестивальге қатысу ұжымның шығармашылық табысы болып, жоғары марапатқа ие болды: Қ. Түлеков пен З. Сүлейменова «Халық әртісі», А. Ахметова, Ж. Манапова, К. Иманғалиева, И. Иманқұлова Республикаға еңбек сіңірген әртісі атағын алды, әртістердің көбісі дипломдар мен грамоталармен марапатталды. 1975 жылы ақырында театр Атырау қаласының орталығындағы өз ғимаратына көшіп келеді, ғимарат әдемі көрініп, театр қажеттіліктеріне жақсы бейімделген, осы ғимаратта театр ұжымы осы күнге дейін жұмыс істеп жатыр. Театрда тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында ие болған шығармашылық табыстары мен марапаттары бар. 1994 жылы Жезқазған қаласында С. Сейфуллиннің 100-жылдық мерейтойына арналған Қазақстан театрларының Республикалық байқауы өтті, Атырау театрының ұжымы осы байқаудың жеңімпазы болып атанды. Театр көрсеткен Қ. Мырзалиевтің «Жаралы жолбарыс» спектаклі бірінші сыйлықтың иегері болды және Мысырдағы Бүкіл дүниежүзілік театрлар фестиваліне жіберілген, осы фестивальде Атырау театрының қойылымы елеусіз қалған жоқ және шетел көрермендері оны жылы қабылдады. Осы спектакльде бас рольді ойнағаны үшін Республикаға еңбек сіңірген әртісі Т. Қуанышев және режиссер-сахнаға қоюшы Ш. Кәрібаев Махамбет атындағы сыйлықты алды.
Республиканың тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған Қазақстан театрларының IX фестивалі Алматы мен Петропавлда өткен. Осы фестивальге Атырау театры өзінің жаңа жұмысын режиссер Ш. Зұлқаштың қойылымымен Р. Отарбаевтың «Бейбарыс» спектаклін әкелді. Осы спектакль өте жоғары бағаны алып, театр өнерін бағалаушылары үшін нағыз жаңалық болды. ЮНЕСКО шеңберінде тойланған Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына орайланған С.Назарбекұлының «Махамбеттің бір күні» спектаклінің қойылымы сәтті және жемісті өтті. 2006 жылы театр ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі кезде ұжымда 165 қызметкер жұмыс істеп жатыр, олардың ішінен 64 шығарымашылық қызметкер болып табылады. Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры Атырау қаласында Абай көшесі 8 мекен-жайында орналасқан, театр маусымында театр қала тұрғындары мен нағыз драма өнерін көруге дәмелі болған қала қонақтары үшін әрдайым ашық.