Мекен-жайы: Жаңақорған кенті, Көкенов көшесі, 4. Телефон - (72435) 22332

Жаңақорған тарихи-өлкелік мұражайы Қазақстанның Мәдениет министрлігінің шешімімен режиссер-драматург Әмір Мәжитовтың бсшылығымен 1992 жылғы 2 мамырда құрылды. Қазіргі кезде мұражай 1904 жылы салынған орыс-қазақ мектебінің ескі ғимаратында орналасқан. Мұражай ауданның тарихи өлкетану құндылықтарын жинау орталығына айналды. Мұражай қорында 6161 астам экспонат сақталған, оның ішінде 5426 экспонат негізгі қорды құрайды. Мұражай залдарында 736 экспонат экспозицияға қойылған. археология этнография залының экспозициясы Қаратау маңынан табылған заттардан басталады – бұл адамдар мен жануарлар, құстар мен түрлі белгілер нақышталған петроглифтер және осы өлкедегі байырғы адамдардың өміріне байланысты заттар. Залда Сырдария маңындағы қалалар - Жаңақорған өңірінің аумағында орналасқан ортағасырлық сауда орталықтары Сауран, Сығанақ, Аққорған, Өзгент, Ордакент белгіленген Ұлы Жібек жолының картасын көруге болады. Залда осы қалалардың орнынан табылған қыш құмыра, көзе, химиялық құрамы әлі күнге дейін табылмаған өрнектелген кірпіш сынықтарының экспонаттары көрсетілген.

Екінші залда аудан Ресейге қосылғаннан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезең көрсетілген: 1856 жылы Баташев зауытынан шыққан самовар, мыс шәйнектер, патшалық кезіндегі қағаз ақша, Хажы Көгеев Тамғабайдың құжаттары, Асанов Мұстафаның Созақ экспедициясының құрамында Жаңақорған ауданының шекарасын бөлісу жұмыстарына қатысқаны жөнінде мәлімет.

Кеңес кезеңіне арналған экспозицияны дәуірдің зұлмат оқиғалары 20- жылдары қолдан жасалған ашаршылық және 1937 жылдың қуғын-сүргінге байланысты экспонаттар ашады.

Мұражай материалдары қуғынға ұшыраған өлке тумаларының С.Сапарбеков, дипломаттар Н. Төреқұлов, Ж. Мыңбаев, Б.Аралбаев өмірі туралы сыр шертеді. «Бесеудің хаты» авторларының бірі, көрнекті партиялық қайраткер Емберген Алтынбековтің құжаттары белгілі бір қызығушылықты тудырады. Сирек экспонаттарының бірі қазақ әріптері бар баспа машинкасы болып табылады.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде ауданда туып-өскен адамдар түрлі майдандарда шайқасты. Кеңес одағы батыры атағын А.Әбуталипов пен А.Романов алды. Жаумен күресте А.Әшірбеков, С.Сапарбаев, А.Бакиров, К.Сейітов ерекше көзге түсті. Мұражайда осы адамдардың ерлігі жөнінде айтатын экспонаттар қойылған. Осы залда тылда еңбек еткен И.Абдікәрімов, А.Әбиев, А.Наубаева, Н.Айдарбековтің ордендері мен медальдары қойылған. Үшінші зал мәдениет және өнер, әдебиет, білім, денсаулық қызметінің көрнекті тұлғаларына арналған. Төртінші зал – Қазақстан Тәуелсіздігінің залы. Мұнда Елтаңба, Ту, Мемлекеттің Әнұран, ақша белгілері, Шалқия кен орнынан алынатын пайдалы қазба үлгілері, сондай-ақ «Жаңақорған» батпақпен емдеу шипажайының жұмысын көрсететін экспозиция қойылған.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Жаңақорған тарихи-өлкелік мұражай

Мұражайлар
Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1890 – 1895 жылдары салынған ерекше сәулет кешенінде, бұрынғы орыс православиелік шіркеуі ғимаратында 1939 жылы ашылған.


Мұражайлар
Байқоңыр ғарыш алаңы тарихының мұражайы

Қызылорда облысында бір кезінде атауы мемлекеттік құпия болған, қазіргі кезде дүниежүзіне әйгілі болған шағын қала бар. Байқоңыр – бүкіл адамзат үшін ғарышқа апаратын жол, осында Байқоңыр ғарыш алаңы тарихының бірегей мұражайы орналасқан. Мұражай Қалалық Мәдениет сарайы ғимаратында орналасқан, 1967 жылы 7 қарашада ашылған. Мұражайды құрастыру күні кездейсоқ емес, ол Қазан Социалисттік Төңкерісінің 50-жылдығын тойлауға орайластырған.