Қызылорда облысында бір кезінде атауы мемлекеттік құпия болған, қазіргі кезде дүниежүзіне әйгілі болған шағын қала бар. Байқоңыр – бүкіл адамзат үшін ғарышқа апаратын жол, осында Байқоңыр ғарыш алаңы тарихының бірегей мұражайы орналасқан. Мұражай Қалалық Мәдениет сарайы ғимаратында орналасқан, 1967 жылы 7 қарашада ашылған. Мұражайды құрастыру күні кездейсоқ емес, ол Қазан Социалисттік Төңкерісінің 50-жылдығын тойлауға орайластырған.

Бастапқыда, мұражайдың бүкіл экспозициясы 12253 ә/б Офицер-құрылысшылардың Гарнизондық Үйінде орналасқан бір бөлмесіне сыйған.

Бүгінгі күнде мұражай айтарлықтай өсті, экспозиция тақырыптамасы кеңейген, жаңа залдар ашылды. Қазіргі кезде мұражайда төрт зал және жеке көрмелік галереясы бар.

Мұражай қорының топтамасында 15000 астам экспонат бар, олардың көпшілігі мұражай залдарында қойылған.

Келушілер ғарыш алаңының құрылу тарихы, қазіргі өмірі мен кейінгі дамудың болашағы жайында біле алады. Ғарышқа жол салған адамдар, көрнекті ғалымдар мен құрылысшылар, сонымен қатар тарихтың көлеңкесінде қалғандар, мыңдаған инженерлер, жұмысшылар мен қызметкерлер, зымыран-ғарыштық техника сынаушылары, әскери құрылысшылары жайында біле алады.

Бірінші зал – Байқоңырдың әскери және еңбек даңқы.

Осы залдың ашылуы Байқоңыр қаласындағы мұражайдың құрылуына негіз болған. Экспозицияда дәстүрлер көрсетілген және кеңес кезеңінің дәуірі сақталған. Осы залда келуші Байқоңыр ғарыш алаңының әскери құрылысшылары мен сынаушыларының еңбегі мен тұрмысымен таныса алады. Байқоңырдың жол салушыларының тағдырларында Ұлы Отан соғысының тақырыбы кең қамтып көрсетілген. Соғыс жылдары, майдандық хаттар, құжаттар, фотосуреттер, бұйымдар мен соғысқа қатысқандардың жеке заттары қойылған.

Экспозициялар бастапқы кешендердің құрылыс тақырыбын және қаланың құрылуының басын ашады. Соғыс ғарыш алаңының құрылымы берілген, соғыс сынаушылары жайында айтылады.

Екінші зал - Зымыран-ғарыш техникасының дамуы мен ғарыш кеңістігін меңгеру тарихы.

Техника жағынан экспозиция ұлы құрылысшылар С. П. Королев, В. Н. Челомей және М. К. Янгельдің қызметтерінің бағыттары бойынша салынған. Экспозицияда зымыран-тасымалдаушылары мен ғарыш аппаратының жоғары нүктелі жүзден астам үлгілері берілген. Осында тарихтың негізгі кезеңдерін де, қазіргі кездегі ғарыш алаңын, сонымен қатар оның дамуының болашағын көрсететін зымыран-ғарыш техникасының нағыз қалдықтары, құжаттар мен фотосуретер бар.

Келушілер басқарылатын ғарыштың бөліміне деген аса қызығушылығын танытады, осында Халықаралық ғарыш станциясының толық сырт пішінімен көрсетілген үлгіні, «Сокол-К» ғарышкиімі, ғарышкерлердің иесі мен қолы жазулы борт кқстюмы және ғарышкерлер ХҒС бортында пайдаланатын дәрігерлік-биологиялық қорғау тәсілдері, ғарыш тағамының үлгілері мен орбитадағы өмірге арналған басқа да заттарды көруге болады.

Үшінші зал-Этнографиялық.

Осы залдың экспозициясы Байқоңыр орналасқан, Сыр жерінің тарихын көне заманнан бастап біздің уақытымызға дейінгі тарихтағы Қазақстанның дамуының негізгі кезеңдері арқылы ашып тұр. Осында қойылған экспонаттар: археологиялық қазба жұмыстары, тұрмыстық, мәдени заттары.

Залда қазақ халқының тұрмысы көрсетілген: киіз үйдің қалдығы, ішкі үй жабдығы, ұлттық музыкалық аспаптары мен костюмдерінің топтамасы, халықтың қолданбалы шығармашылығының үлгілері қойылған.

Осыдан басқа Байқоңыр ғарыш айлағы тарихының мұражайында ғарыш, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фильмдері бар үлкен видеотека, астрономия жайындағы оқу және ғылыми-танымал фильмдер, ғарыш пен ғарыш айлағы тақырыптамасындағы бірегей кітапхана бар.

Мұражай Байқоңыр қаласының қонақтарына жақсы белгілі. Қаланың жабық қала статусын иеленгенін еспке алғанда, осында турист көп емес, дегенмен мұражайға жыл сайын 10 мың келуші барып жатады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ы. Жақаев атындағы күріш егу тарихының мұражайы

Күріш егу тарихының мұражайы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жақаев ауылында орналасқан. Осы шағын, бірақ бірегей тақырыптық мұражай болып табылады, оның экспозициясы келушілерді осы аймақтағы егін шаруашылығы мен күріш егуінің дамуымен таныстырады. Мұражай 1982 жылы Қазақ КСР министрлігінің тиісті жарлығының, сонымен қатар Қаз КСР Мәдениет министрінің бұйрығы негізінде ашылды. 


Мұражайлар
Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1890 – 1895 жылдары салынған ерекше сәулет кешенінде, бұрынғы орыс православиелік шіркеуі ғимаратында 1939 жылы ашылған.