Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы Қызылорда облысы Қазалы қаласында орналасқан, дәл осы шағын қалада осы біртума адам 1902 жылы дүниеге келді.

Ғани Мұратбаев өз уақытының нағыз ұлы болып, оның қысқа да оқиғаларымен мазмұнды өмірі сол қиын уақыттың өзіндік нышаны болды. Ол Қазақстанның алғашқы комсомол адамы болып, республикамыздағы алғашқы комсомол ұйымын басқарды, халыққа көмектесіп, аштық пен сауатсыздыққа қарсы күресті.

1911жылы өте кедей отбасынан шыққан бала кезінде, Ғани бастауыш мектебіне барады, мектептен кейін, қиындыққа қарамастан, ол оқуын қалалық педагогикалық институтында жалғастырады. 1916 жылы оның анасы мен қарындасы сүзектен қайтыс болып, Ғани жалғыз болып қалады. Жалғыз жасөспірім Ташкентке аттанады, интернатқа, одан кейін орта білімді алған институтқа түскен. Туыстары мен жақын адамдарын жоғалтқаны, сонымен қатар елдегі түпкілікті өзгерістер оны ол сияқты адамдарға көмектесуге тартады.

1918 жылы Ғани алғашқы комсомол ұйымын ашты және халыққа көмек көрсетумен көп айналысады, ол сол адамдардың қиындықтарын шешулеріне көмектесті, кедей, аш, баспанасыз адамдарды жинап, оларды интернатқа орналастырған, құжаттары бойынша белгілеген, әлеуметтік белсенді қимылдарында қатысуға тартады. Қазақстанның алғашқы жастар бірлестігінің басында тұрған адам. 1921 жылынан бастап 1924 жылына дейін Мұратбаев Өзбек, Тәжік, Түрікмен, Қырғыз республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының комсомол ұйымдарын біріктіретін Түркіменстанның Комсомол ОК бірінші хатшысы болған.

Мұратбаев комсомолдықтарға этнограф ғалым Әубәкір Диваевқа көмек ретінде аңыздар мен ертегілерді қайта жазуға бұйрық берді. Орынборда 1925жылы шыққан А. В. Затаевичтің «Қырғыз халқының 1 000 өлеңі» атты көлемді еңбегін жазуға жинаушыға көмек көрсеткен тұлғалардың бірі Ғани Мұратбаев болды, ол атақты «Дудар-ай» әнін Ғанидің айтқанынан біліп, жазған.

Өкінішке орай, сорлы және бақытсыз балалық шағы мен ауыр жұмысы себебінен Ғани жазылмас ауруға шалдығады. Атақты қоғам қайраткері, романтик, Ғани Мұратбаев 1925 жылы Мәскеуде туберкулезден қайтыс болады. Оның көптеген қызметтестері мен достары оны «жайнап тұрып, өшіп қалған жұлдыз» деп атаған.

Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы еңбекшілер депутаттарының Қазалы қалалық кеңесінің алғашқы атқарушы комитеті орналасқан XIX ғ.және XX ғ.басында салынған үйде орналасқан. Мұражайдың тарихы айтарлықтай қызықты болып келеді. Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметі жайындағы материалдарын іздеу бойынша зерттеу жұмысы 50- жылдардың соңында басталып, оның 60-жылдығына орайластырылған.

1967 жылы жиналған фотосуреттер мен басқа материалдардың негізінде, М. Горький атындағы Қазалы қалалық кіиапханасында Ғани Мұратбаевқа арналған шағын экспозиция ашылған. Осы бұрыштың ұйымдастырушылары Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстазы Мылтықбай Жанұзақов, Қазақ КСР ағартушылық ісінің үздігі Бейбітали Күлсейітов, кітапхана меңгерушісі Сейілхан Төлегенов, кітапханашы Жакеш Төлепов болып табылады.

1968 жылы 7 қарашада Қазалы аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен Қазалы қаласында Қазақстан мен Орта Азия жастарының революциялық жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың Революциялық Мемориалдық мұражайы ашылды.

Ұзақ уақыт бойы мұражай шағын облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болды. 1981 - 1984 жылдар аралығында мұражай күрделі қайта қалпына келтіруден өтіп, қайтадан экспозиция жасалды, жанама салу жүзеге асырылды. 1981 жылдан бері Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің мен басқа өкілетті ұйымдардың шешімдеріне сәйкес Ғани Мұратбаевтың мұражайы республикалық маңызы бар жеке мұражай болып аталады.

1991 - 1992 жылы Ғани Мұратбаевтың 90-жылдығына орай мұражайда қайтадан экспозция жасалып, кинозал, қор-қоймасы мен қазандыққа арналған жеке бөлімдер жанама салынды.

1993 жылы мұражай өзінің 25 жылдық мерейтойын салтанаты түрде тойлап, 1998 жылы мұражайдың отыз жылдығы өткен. Осы іс-шараларға мұражайдың алғашқы ұйымдастырушалары мен жетекшілері шақырылған. 1998 жылы Қазақстанда Ғари Мұратбаевтың қоры ашылды. Дәстүрлі түрде мұражай Ғани Мұратбаевтың мерейтой күндерін тойлауының басты бастамашысы мен ұйымдастырушысы болып табылады, осылай 2002 жылы республикалық деңгейінде Ғани Мұратбаевтың туған күнінен 100 жыл өткендігі тойланған. Мұражайға ол жерленген Мәскеу қаласындағы Ваганьковское зиратындағы Ғанидің қабірінің топырағы әкелінген. Тойлауға Қазақстан Республикасының әртістері Асанәлі Әшімов, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Қызылорда облысының әкімі және тағы басқалар қатысты.

2007 жылы мұражай Ғани Мұратбаевтың туған күнінен 105 жыл өткендігін тойлады. Экспозициялық залда Ғанидің жұмыс кабинеті ашылған. 2008 жылы наурыз бен сәуір айларының аралығында мұражай залдарында қайтадан экспозиция жасалынды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» залы ашылды. Қазіргі кезде мұражайда 5 710 жәдігер бар, олардың 1130 жәдігер Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, қалғаны өлкетану тақырыбына байланысты.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1890 – 1895 жылдары салынған ерекше сәулет кешенінде, бұрынғы орыс православиелік шіркеуі ғимаратында 1939 жылы ашылған.


Мұражайлар
Арал ауданының тарихи-өлкетанушылық мұражайы

Арал ауданының тарихи-өлкетанушылық мұражайы 1988 жылы 25 маусымда құрылған. Мұражай қызметкерлерінің еңбекті жұмыстарының арқасында, олар бұл аймақтың тарихын баяндайтын экспонаттардың біршамасын жинай алды. Бүгінгі күнде мұражай қоры шамамен 8000 экспонатты құрайды, олардың көпшілігі мұражай экспозициясында тұр.