Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры Шымкент қаласының Әл Фараби алаңында орналасқан. Театр Қазақстанда өзінің өзгеше және дарында қойылымдарымен, сонымен қатар тарихымен белгілі, бұл Қазақстанда ашылған алғашқы театрларының бірі болып табылатынын айтсақ жеткілікті.

Чимкенттегі (Шымкенттегі) алғашқы театр маусымы 1929 жылы 1 қарашада ашылған. Сырдария өңірінің көрермендік басқармасы театр өнеріне қосу арқылы Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының рухани мүдделерін қамтамасыз етуді орнату ұйғарды. Қазіргі уақытты көрсету үшін келесі тақырыптар таңдалған: революциялық қозғалыстың тарихы, Шығыстағы таптық күрес, Қызыл Әскер мен флоттың өмірі мен тұрмысы, жаңа тұрмысты құру, мещандыққа қарсы күресу, классикалық пьесалар. Театрдың көркем жетекшісі мен бас режиссері М. В. Раздолин болды, ал администратордың лауазымына В.Б. Сибирин тағайындалды.

Халықтың саны күрт өсті. Сондықтан 1944 жылы 8 мамырда «Облыстық орыс драма театрын құру жайында» қаулы қабылданды. Театр труппасы бөлінді, оның негізінде іс жүзінде бөлек қазақ ұлттық театры құрылды, дегенмен ресми түрде бұл бөлінуді тек 1967 жылы 15 қарашада Шымкент облысының мәдениет басқармасының бұйрығымен рәсімделген.

Орыс және қазақ театрларын директор Берещук және көркем жетекші Насонов басқарды. 1949 жылы театр Орал қаласына көшкен, бірақ музыкалық комедиясының театры ретінде Шымкентке оралды.

Театр 1958 жылы қайтадан құрылады, сол кезде Малый театрының шәкірті Н.Д. Медведев мәскеулік және ленинградтық театр жоғары оқу орындарының түлектерінен құрылған Шымкент труппасын жасаған. Сол жылы 17 қыркүйекте қалада театрдың ғимаратын салу жобасын бекіту жайындағы шешімі қабылданған. Құрылыс 1965 жылдың наурыз айында басталып, 1967 жылдың қазан айында аяқталған.

2000-шы жылдардың басындатеатр ғимараты қайта қалпына келтіріліп, қазіргі кездегі сәулет элементері енгізілген, осының арқасында ғимараттың сыртқы түрі жаңарды.

Театр шығармашылық шарықтауынан, дағдарыстан және де тоқырау кезедерінен өтті. Танымалдық шарықтау кезеңдері бас режиссерлерімен белгіленген. Оның шыңдары келесі режиссерлерінің кезінде білінген: К. Медведев, В. Ванченко, И. Дубровский, П. Догмаров, О. Белинский, Ю. Книжников,С. Абдиев, А. Мельников, И. Вербицкий.

Театр труппасында әр түрлі уақытта Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері жұмыс істеген: В. Ломакин, И. Болотова, О. Кобзева, А. Пащенко және т.б.

Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында ересек адамдарға арналған 26 спектакль және жас көрермендерге арналған 20 спектакль бар. Театр ұжымы репертуарды кеңейтуде және жаңа спектакльдерді қоюда белсенді жұмыс атқарып жатыр. Соңғы кезде қазақ драматургтарының туындыларын орыс тілде қоюға назар аударылған.

М. Әуезовтың «Көксерек» спектаклі маусымдар бойы көрсетіліп, өзектілігін жоғалтқан жоқ, бұл спектакль Оңтүстік Қазақстан театрының алтын қорына кірді.

Өзінің 81-ші театр маусымын театр ұжымы Қайрат Сапарбаевтың аттас кітабы бойынша «анелия любит короля» спектаклінің тұсаукесерімен аяқтады. 2013 жылдағы театр маусымының ашылуы негізі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» өшпес лиро-эпостық поэмасы болған «Махаббат поэмасы» спектаклінің тұсаукесерінен басталды. Театр трупасы кейін де қазақ классикасы бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті.

  • Достарға әңгімеле:
Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Ескерткіш Балабөген өзенінің алқабында Қаратаудың оңтүстік баурайында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 

Ескерткіштер
Домалақ ана кесенесі - ХІ ғасырдағы сәулет ескерткіші

Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Ескерткіш Балабөген өзенінің алқабында Қаратаудың оңтүстік баурайында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 

Іс жүзінде әр халықта белгілі тарихи себептен киелі болған жерлер бар. Бұл ұлттың тағдыры шешіліп жатқан ұрыстар даласы немесе сол күнге немесе болашаққа әсерін тигізетін тағдырлы шешімді қабылданған жер бола алады. Қазақ халқы үшін осындай киелі жер ретінде Ордабасы болып саналады.

Ескерткіштер
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы

Іс жүзінде әр халықта белгілі тарихи себептен киелі болған жерлер бар. Бұл ұлттың тағдыры шешіліп жатқан ұрыстар даласы немесе сол күнге немесе болашаққа әсерін тигізетін тағдырлы шешімді қабылданған жер бола алады. Қазақ халқы үшін осындай киелі жер ретінде Ордабасы болып саналады.