Мекен – жайы: Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 13. Телефоны: +7 (7252) 38-00-19



Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайының негізі 1920 жылы қаланған. Мұражайдың қалыптасуы мен дамуына атақты ғалым шығыстанушы М.Е.Массон мен жергілікті аймақтанушылар В.П.Тризна, И.К.Шпота, М.А.Быков, М.И.Мекленбурцев, т.б. еңбектері ұшан теңіз. 1977 жылы мұражайға арналған жалпы аумағы 2367 кв/метрге жететін жаңа ғимарат тұрғызылған болатын, оның ішінде экспозицияға арналған аумақ – 1058, 6 м.кв., қорға арналған аумақ – 440 м.кв. құрайды. Мұражайдың бес ғылыми – зерттеушілік бөлімдері бар: археология бөлімі, тарих және этнография бөлімі, қорлар бөлімі, экскурсия мен ақпараттық қамту бөлімі, экспозициялық бөлім мен табиғат секторы, бұл бөлімдерде ғылыми – зерттеушілік, жинастырушылық және ағартушылық жұмыстар атқарылады.



Мұражай қорында 70 мыңнан астам материалды және рухани мәдениет ескерткіштері сақталуда. Мұражайдың ғылыми кітапхана қорында 6 мыңнан астам кітап даналары бар. Мұражайдың Түркістан ауданы, Иқан станциясындағы Миртемир атындағы бір әдеби секторына арналған мұражайы мен 8 филиалы бар: Шымкент қаласында – Хәкім Абай мұражайы, Көркемөнер галереясы, «Ерлік» мұражайы, Түркістан қаласында – С.Ерубаев атындағы мемориалды мұражай, Сарыағаш пен Шардара қалаларында – тарихи – өлкетану мұражайлары, Сайрам ауданы, Ақ сулар ауылы мен Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында – тарихи – өлкетану мұражайлары. Мұражайдың экспозициясы 3 бөлімге бөлінген: өлке табиғаты, археология мен этнография, ХІХ ғасыр басынан бастап қазіргі заманға дейінгі тарих бөлімдері.



«Оңтүстік Қазақстан облысы табиғаты» залында «Жәндіктер әлемі» атты этномотологиялық топтама ұсынылады. «Қаратау өзенінің юра дәуірі» мен Қошқорған облыс табиғаттарының бірегей ескерткіштерінің палеонтологиялық табулары алуан түрлі. Қордың түпнұсқалық байлығы залдың орталығында шеңберлі әйнекте орналастырылған пайдалы қазбалар коллекциясы болып табылады. Облыстың табиғи ландшафтары диорама арқылы берілген.



Археология залы палеолит пен неолит дәуірлерінің түпнұсқалы артефактілерімен бірге неолиттік Қараүңгір үңгірлік қонысының диорамасымен басталады. Археология мен этнография бөлімдерінің экспозициясында шынайы еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қару – жарақтар, сәндік – қолданбалы өнер мен облыс территорияларын ежелгі кезеңдерден бастап ХІХ ғасырдың басына дейін мекен еткен тайпалар мен халықтардың (сақ, түріктер, үйсіндер, қаңлылар мен қазақтар) өмірі, тұрмысы мен күресі туралы көрініс беретін әртүрлі тарихи дәуірлердің заттары ұсынылған. Археология мен этнография бөлімдерін біріктіретін дәстүрлі қазақтың ұлттық тұрғын үйі – киіз үй (қимасында көрсетілген) тұрғызылған.



2006 жылы реконструкциядан кейін екінші қабатта ХІХ ғасырдың басы мен қазіргі заманымызға дейінгі облыс тарихынан сыр шертетін көрме қойылымдары ашылды. Жаңа экспозиция төрт бөлімнен тұрады: «ХІХ ғасырдың басындағы Қоқан хандығы билігі астындағы өлке», «Ресей империясы құрамындағы өлке. Қазақстандағы Ресейдің отаршылдық саясаты», «Тоталитарлық жүйедегі өлке», «Қазақстан – тәуелсіз ел. Тәуелсіздік кезеңіндегі Оңтүстік Қазақстан облысы». Жаңа көрме қойылымдары ұлттық тарих оқиғаларын ашатын материалдармен ұсынылған. Олар арқылы мыналар көрсетілген: қазақтардың ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы ұлт – азаттық көтерілістері, ұлттық зиялылардың қызметі, оның ішінде Қазақстан мен облыстың дамуына баға жетпес еңбектерін сіңірген А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Т.Тынышбаев, М.Шахай, Ж.Мыңбаев және т.б., сонымен қатар тарихтың «қара» беттері де ұсынылады – ұжымдастыру, аштық, саяси қуғын – сүргіндер.



Залдағы үлкен орынды Ұлы Отан Соғысына арналған бөлім алып жатыр. Соғыс ардагерлерінің мұражайға мәңгіге сыйға тартқан түпнұсқалы құжаттары, фотосуреттері, соғыс жылдарының жәдігерлері Оңтүстік қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерліктерінен сыр шертеді. Бұл залда тарихтың кейінгі кеңестік кезеңі де елеусіз қалған жоқ, сондай- ақ Чернобыльдағы қоғамдық – саяси оқиғалар, Ауған соғысының материалдары да бар.



Көрме қойылымдары ішінде ерекше орынды Қазақстанның дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының кезеңі, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының қарқынды экономикалық және әлеуметтік дамуы алады. Облыстың қарқынды даму серпіні жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен жұмыс атқаратын өндірістік кәсіпорындардың нығайтылуы, банктік жүйенің дамуы, шағын және орта бизнестің жетілдірілуі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларынан айқын көрініс табады.

Мұражайда Шымкент тілшісі Алексей Гончаревпен түсірілген облыс тарихы мен табиғаты туралы фильдері көрсетілетін үш монитор қойылған.



Құнды топтамалар мен түпнұсқалы құжаттарға, көрме қойылымдарына, ғылыми қызметкерлердің көрмелері мен интеллектуалды базасына негізделе отырып, мұражай жан- жақты мәдени – ағартушылық жұмыстар ұйымдастырады. Жыл сайын ҚР мұражайларымен аралатпа көрмелермен алмасады, сонымен қатар ЮНЕСКО және жақын мен алыс шетел елдерінің мұражайларымен ұйымдастырылатын конференция, семинар жұмыстарына белсене қатысады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы

Оңтүстік Қазақстан облысы біздің елімізге көптеген атақты адамдарды берді, олардың ішінде жазушылар, спортсшылар, ғылым және өнер қайраткерлері бар. Олардың көпшілігінің өмірбаяндары жақсы зерттелініп, бәріне егжей-тегжейлі белгілі, осы ұлы адамдардың арасында бір адам бар, оның аты бүгінге дейін әдемі аңыздармен қоршалған, оларды естігенде шындықты асырып айту мен болжамнан айыру қиынға соғады. Аты аңызға айналған Қажымұқан Қазақстандағы әр оқушыға белгілі, дегенмен өмірі мен спорттық жеңістерінің егжей-тегжейлілігін бәрі білмейді. 


Мұражайлар
«Әзірет Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бұл – археологиялық және сәулет ескерткіштерінің толық кешені болып табылады.Мұражай қорығы орналасқан Түркістан (тарихи атауы Ясы) көне қаласы Қазақстанның ортағасырлық тарихының өзіндік нышаны және қажылық пен тарихи саяхатшылығының орталығы болып табылуына мүмкіндік берген өткен уақыттың баға жетпес ескерткіштерімен қоршалған.