Біздің уақытымызға жеткен Семей қаласындағы алғашқы сәулет өнері құрылыстарының бірі Ямышев қақпасы болып табылады. Осы фортификациялық құрылыс XVIII ғ. сәулет ескерткіші болып мойындалды.
Қақпа күмбез тәрізді төбе мен қарапайым суреттің ернеулері бар шомбал доға түрінде тау тақтатасынан және күйілген кірпіштен салынған. Қалыңдықтары екі метрге жететін доға қабырғалардың тереңдігі 10 м. Үстіңгі жағы дөңгелектеніп, шағын тоннель сияқты болып көрінеді. Қақпа ұзындығы 7,27 м, ені - 7,79 м, максималды биіктігі 7,43 м. Құрылыс барысында 203 куб. метр кірпіш қаланған. Ямышев бекініс қақпаларының түрі тұтасымен қайта салынған, олар темір топсалары мен құлыппен бекітілген. Бекініс қақпалары жанында бұрынғыдай зеңбіректер тұр.
Ямышев қақпасының өзіндік аңызы мен ауыр тағдыры бар. Бұл қақпа 1718 жылы Петр I бұйрығымен салынған бір кезде қаһарлы болған Семей бекінісінен қалған жалғыз бөлігі болып табылады. Бастапқыда бекініс басқа жерде орналасқан еді, бірақ Ертіс өзенінің көктемде үнемі болып отырған тасулардың себебімен бекініс орны 60 жыл бойы үш рет өзгерген. Ақырында 1718 жылы инженерлер мен құрылысшылар қауіпсіз көтеріңкі жерді тауып, бекініс салынып тұрғызылды, енді осы жерде біздің қазақстандық Семей қаламыз тұр. Бекініс өзеннің оң көтеріңкі жағасының бойында орналасқан және ол орлары бар ағаштан жасалған биік қабырға мен қабырғалар астындағы жер дуалдарымен қоршалған. Ұзақ жылдар бойы бекініс бірнеше рет қайта салынып, бекітіліп отырды. 1773 жылы қақпа мен бекініс қабырғалары инженер-капитан Андреев И.Г. басшылығымен және жобасы негізінде тұрғызылған. Сол кездегі әскери ғылымның барлық ережелері бойынша салынған Семей бекіністің екі жабдықтанған қамалы мен үш қақпасы болды: Омбыға қарап жатқан Ямышев, Ертісітің жағасына шығатын Семей, және шығыс Өскемен қақпасы. Біздің заманымызға үш қақпаның ішінен тек батыс қақпасы жетті, бірақ оларды да ауыр несібе күткен.
XX ғасырдың басында бекініс өзінің әскери мәнін жоғалтты, дегенмен оның кейбір бөліктерін, соның ішінде Ямышев қақпасын дәл сәулет өнерінің ескерткіштері ретінде сақтау шешімі қабылданды. Дегенмен, кеңес билігінің келгеннен соң, өткен уақыттың ескерткіштеріне деген қатынас өзгерді және 1932 жылы Ямышев қақпасын құлату мәселесі пайда болды, сол кезде барлығы тек әңгімен аяқталып, қақпа аман қалды. 1941 жылы Қала кеңесі құлату жайындағы шешім қабылдайды, оның себебі «Ямышев қақпасының зор тарихи мәнге ие болмағандығы және қайта салынуға жобаланған Семей қаласындағы орталық көшелерінің бірінің жобасын бұзатын үйлесімсіз жерде орналасуы». Жұртшылық пен жергілікті өлкетанушылардың гсы ескерткішті аман қалдыру үшін ұзақ күресі басталды. Соғыстың алдында 1941 жылы 29 мамырда «...бюджеттің шығындары бойынша мунқорды жөндеуге баратын сауда-өндірістік және кеңселік жайлар үшін жал ақысының табысына» «Ямышев қақпасын жөндеу мен қалпына келтіру жайында» шешім қабылданды. Осылай, қиын уақытта, сәулет өнерінің ескерткіш аман қалды. Дегенмен, көп уақыт ұзамай 1970 жылы қақпа темір жолға апаратын жолға арналған тоннельді салуға кедергі жасады, осыған байланысты олардың орнын Ертіс өзеніне қарай 50 метрге жақын апарып, ауыстыру жайындағы шешім қабылданды. Қақпаны бұзып, іргетасын бекітіп, қайта салды, құрылысшылар олардың сыртқы пішінін сақтай алды, бірақ өкінішке орай бұл төлтума тарихи ескерткіш болып табылмайды.
Семей қаласының орталығында, Абай 50 көшесінде қаладағы ең әдемі республикалық маңызындағы сәулет ескерткіштерінің бірі – Екі мұнаралы соборлы мешіт орналасқан. Ол 1856-1862 жылдары аралығында салынып, ХІХ ғасырдың діни ислам сәулетшілігінің үлгісі болып табылады.
Жамбыл атындағы Шығыс-Қазақстан облысының драма театры өзінің тарихын 1935 жылынан бастайды, дәл сол жылы қала тұрғындары труппаны қалыптастыру мен қалада тұрақты кәсіби театрды құруда көмектесуін сұрап, М. И. Калининге бастамалық хатты жазады.