Жамбыл атындағы Шығыс-Қазақстан облысының драма театры өзінің тарихын 1935 жылынан бастайды, дәл сол жылы қала тұрғындары труппаны қалыптастыру мен қалада тұрақты кәсіби театрды құруда көмектесуін сұрап, М. И. Калининге бастамалық хатты жазады.

Өтініш қабылданып, 1936 жылдың қаңтарында алғашқы театр маусымы Н. Гогольдің «Үйлену» пьеса спектакльдің тұсаукесерімен ашылды. Сол кезде театрда құрамында 15 адам болған қазақ ұлттық драма үйірмесі ұйымдастырылған. Оның репертуарында Г. Гребенщековтың «Жақсы жігіт», ұлттық эпостың мақамымен жазылған Н. Анненков-Бернардың «Бекініс» спектакльдері болған. 1939 жылы Шығыс Қазақстан жеке облысқа бөлініп шығарылған және Өскемен қалалық театры облыстық болып атанды. 1941 жылы маусымда театр ғимараты фашисттік Германияны жеңу үшін барлық күшті жұмылдыру орталығы болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жылытылмайтын, әйткенмен адамға толы залда «Орыс адамдары», «Ленинград түбінде», «Басқыншылық» және т.б. халықтың жеңіске сенімін арттыруға көмек берген спектакльдер көрсетілді. 1946 жылы шілдеде Өскемен қалалық атқарушы кқмитеттің шешімімен облыстық драма театріне қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың есімі берілген. Сол кездегі театрдың негізгі репертуары орыс және шетел классиканың туындылары болды.

Ұзақ жылдар бойы Шығыс-Қазақстан облысының драма театрында құрметті сахна шеберлері, ҚР еңбек сіңірген әртістері қызмет атқарды. Белгілі актерлерден басқа, театр труппасы үнемі дарынды жастармен толықтырылған.

2000 жылы Жамбыл атындағы Шығыс-Қазақстан облысының драма театрының негізінде қазақтың ұлттық труппасы құрылған, өзінің алғашқы театр маусымын Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» спектаклімен ашты.

Бүгінгі Шығыс-Қазақстан облысының драма театрының құрамында екі актерлік труппа бар және ерекше таныстыруды қажет етпейді. Жыл сайын осында 8 -12 тұсаукесер дайындалып отырады, режиссерлік құрамы әрдайым шығармашылық ізденісте болады. Театр сахнасында шамамен 280 спектакль өткізіледі. Театр репертуары айтарлықтай әр алуан. Бұл орыс, қазақ және шетел классикасының, қазіргі кездегі драматургияның пьесалары. Репертуарды құрғанда, шығармашылық кеңес кішкентай көрермендер жайында ұмытпайды. Жыл сайын театрда балаларға арналған 3 – 4 спектакльдер қойылады.

Бөлек айта кететін жайт, театр Өскеменнің ең әдемі ғимараттардың бірінде орналасқан. Бұл ғимарат 100 жылдан аса уақыт бойы тұр, ал сол жерде болған оқиғалар осы өңірдің тағдырында ерекше роль ойнады. Алғашында осы ғимарат 1902 жылы 26 қазанда ашылған Халық үйі деп аталған. Халық үйі қаланың әлеуметтік және мәдени өмірінің орталығы болып атанды. Оның сахнасында алғашқы қойылған пьеса «Жұмыс ауылы» деп аталған.


  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың арасында болған махаббат сезімі жайындағы ежелгі және өте әдемі аңыз бүкіл әлемге танымал Ромео мен Джульетта жайындағы аңызға ұқсас, мәңгілік махаббат жайындағы осыған ұқсас желілер көптеген халықтардың эпостарында бар шығар. Қазақ аңызы әдемі және арманшыл болып келіп, ешкімді енжар етіп қалдырмайды, және дала романының кейіпкерлеріне немқұрайлықпен қараған жан ешқашан табылмайды. 


Ескерткіштер
Семей қаласындағы Воскресенский соборы

Бүгінгі күнде Семей қаласындағы Воскресенский соборы сәулет өнерінің тамаша ескерткіші ғана емес, сондай-ақ әрекеттегі ғибадатхана, өңірдің православ тұрғындарын біріктіретін өзіне тән діни рухани орталық болып табылады.