Бүгінгі күнде Семей қаласындағы Воскресенский соборы сәулет өнерінің тамаша ескерткіші ғана емес, сондай-ақ әрекеттегі ғибадатхана, өңірдің православ тұрғындарын біріктіретін өзіне тән діни рухани орталық болып табылады.

Соборды қаланың ең ауқатты адамдардың бірі жұмыстан әбден босанған урядник Митрофан Георгиевич Казаков өз бастамасы мен қаражатына салды. Ғимараттың жобасын жергілікті облыс сәулетшісі Александр Болботов жетілдірді. Соборды салу барысында ол авторы орыстың ұлы сәулетшісі, сарай сәулетшісі, академик Константин Андреевич Тон болған Санкт-Петербург қаласындағы астаналық ғибадатханалардың бірі, Мироновская шіркеуінің жобасын негізге алды. Александр Болботов осы жобаны қайта өңдеу мен жергілікті жағдайларға бейімдеу бойынша үлкен жұмысты атқарды. Ақырында жобаны Томск құрылыс комиссия мақұлдап, құрылыс бастауға келісімін берді. Соборды тұрғызуға арналаған орын ұзақ уақыт бойы қарастырылып, құмайт жерді есепке алғанда, іргетасты ең мықты материалдардан жасап және ерекше мұқият салынып, оны күшейтуге ұсыныс жасалынды. Болашақ собордың іргетасының алғашқы тасы 1857 жылы 31 наурызда қаланған, ғимарат үш жыл бойы салынып, 1860 жылы 10 шілдеде собордың салтанатты ашылуы өтті. Инженерлік шешімдіер мен сәулет құрылыстарының күрделілігін есепке алғанда, құрылыс жылдамдығы шынымен таңқалдырады.

Собордың 1862 жылғы сипаттамасы: “Ағаш торлары бар тас дуалымен қоршалған шіркеу мұнарасы бар тастан салынған ғибадатхана сан-алуан ыдыс пен басқа қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Үш тақ бар: орталықтағы – Христовтың Тірілу құрметіне, оң жағындағысы – Воронеж әулиесі, Митрофан жарықтандырушы құрметіне, сол жағындағысы – Архистратик Михаил құрметіне қойылған. Бір үйі диаконға бөлек салынған”. Шіркеу мұнарасы екі қабаттан тұрады, 19 ғасырдың аяғында 1 бастап 35 пұдқа дейін жететін салмағы бар бес қоңырауы болды. 1885 жылы ағаштан жасалған үш кіре берістің орнына тастан жасалғандар салынған және шіркеу мұнарасына апартын жаңа баспалдақ орнатылған.

Ескілігі мен барлық тарихи өзгерістерге қарамастан, собор ғимараты іс жүзінде алғашқы кескінін сақтай алды. Ғибадатхана тарихындағы қайғылы кездері кеңес билігін орнатылған жылдары өткен. 1922 жылы шіркеулердің бағалы заттарын шығарып алу науқаны барысында ғибадатхана талан-таражға салынды. 1934 жылы ғибадатхана мұнарасында қоңыраудың дыбысы соңғы рет естілді. 1937 жылғы қуғын-сүргін кезінде діни адамдар мен діни қауым мүшелері екі кезеңмен тұтықынға алынған. Іс жүзінде шіркеудің шығарып алу факті заңдастырылмағандығына қарамастан, Воскресенский ғибадатханасы дінге сенетін адамдар үшін жабық болды. Кеңес үкіметінің көбісі патриоттық ұстанымды алған діндар адамдарға деген көзқарасы, жақында өткен қуғынға қарамастан, өзгерді. 1944 жылы 20 наурызда діндар адамдардың бір тобы Воскресенский ғибадатхананы ашу жайындағы өтініштерімен Семей облыстық атқару комитеті жанындағы Орыс православ шіркеуі бойынша құзыретті адамға жолдап, арыз жазды.1944 жылы 16 сәуірде Семей қаласының Воскресенскиә шіркеуінде құдайға құлшылық ету қайтадан басталды.

1997 жылдың жазында собор ішіндегі күрделу жөндеу барысында барлық жылыту жүйесі алмастырылған. 1998 жылы Каменск-Оралда жалпы салмағы 1500 кг тоғық қоңырау алынған. 2001 жылы Воскресенский соборды жөндеу бойынша жұмыс жүргізілген, ол, негізінде, ғимараттың сыртқы жағында өтті. Шіркеумен шектесіп тұрған аумақта орасан зор өзгерістер өткізілген: әкімшілік-шаруашылық корпустары, жексенбілік мектебінің ғимараты, сонымен қатар Всехсвятский крестильный ғибадатханасы салынды. Ғибадатхана жанындағы аумақ айтарлықтай кеңейтілген, осыған байланысты жөндеу жұмыстары барысында бұзылған, стилі жағынан қазіргісін еске түсіретін жаңа шіркеу дуалы пайда болды. Дуал ішінде жас көшеттер отырғызылған, жалғыз аяқ жолдар кеспе тастардан төселген. 2001 жылдың күзінде собордың күрделі жөндеуі аяқталды, сонан соң ол қала тұрғындары оны жаңартылған түрде көрді.

Семей қаласындағы Воскресенский соборы 2010 жылы 150-жылдығын атап, бүгінгі күнде Қазақстандағы ең әдемі православ ғибадатханалардың бірі болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Дәуітбек Шамансұр кесенесі

Жамбыл облысы, қазіргі Тараз қаласының орталығында Дәуітбек Шамансұр кесенесі орналасқан. Бұл кесене монғол наменгері Ұлұқ Білге Икбалхан Дәуітбектің жерленген жерінде тұрғызылған. Осы сәулет өнерінің ескерткіші жергілікті халық арасында Шамансұр кесенесі атымен белгілі.


Ескерткіштер
Аблайкит

Аблайкит – XVII ғасырдың буддалық бекініс-монастырі. Ламаистік бекініс-монастрырьдің жақсы үлгісі. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 км, Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км, Сібе өзеніне жақын жерде орналасқан.