Орал ротондасы XIX ғасыр сәулет өнерінің бақшалы паркінің бірден бір ескерткіштерінің бірі. Бұл Қазақстандағы жалғыз 148-жылдық ротондасы. Ол Некрасов саябағында Батыс Қазақстан Мемлекетіне жақын Орал қаласында орналасқан.

Ротонда тарихы XIX ғасырдың ортасына жатады. 1859 жылы арнайы шалшыұталған жерде атаман Столыпин А.Д. бұйрығы бойынша ағаштар отырғызылып, желекжол бөлінген жер Стлыпиндік деп аталған. Қала тұрғындарының әйгілі демалыс орны болды, акутин тобының зиялы қауымы жаңа жас зиялылар жиналатын жерге айналды. Желекжолда Романов руынан патша Михаил Федоровичка алғашқы ескерткіш орнатуға жоспарланған, бірақ Александр екінші патшасы құрылысқа тыйым салды. Ескерткіштің орнына 1860 жылы Тасты Ротонда тұрғызылды, ол желекжолдағы өзгеше құрылым болды. Жоба авторы белгісіз.

Ротонда XIX ғасыр орыс дәуірі классицизмінің жарқын көрінісі болды. Мәрмәр баспалдақтармен құрылған және қақталған шарбақпен жасалған ол көркем ескерткіш. Ротондо күмбезі болат жабындымен, ағаш қаңқамен жабылған күмбез ортасы доп тәрізді көрінеді. 1867 жылдың 10 қыркүйегінде ротонда ортасында Александар екіншінің ұлына Николай Александровичқа мүсін қойылған, ол 1865 жылы 22 жасында Ницце қаласына дүние салды.Мүсіндеуші авторы болып Тонарелли еді. Ескерткіште : Мұрагер Ұлы Цесаревичке Николай Александрович патшасына деп жазылған. Сенімді Оралдықтардан 1865 жылы 12 сәуірде көз жұмған Бозе казак әскері атаманына арналған деп жазылған.

1919 қарқынды соғыс жылдары мүсін орнынан алынды. Уақыт келе желекжол кішірейтіле берді. Территория бөлігіне педагогикалық университет салынды. Ротонда орталығына жойылған ескерткіш орнына жаңа ескерткіш Н.А. Некрасовқа ақынына салынды, олда кейін келе орнынан жойылды. 2008 жылы желекжол мен ескерткіштердің орнынан жойылуына қауіп төндірді. Махамбет атындағы мемлекеттік университетінің бастықтары құрылыс жүргізуге келісім алмастан, ағаштарды шауып желекжол орнына жатахана салуға кірісті. Жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жауапкершілікке тартылды. Алайда Ротонда бүгінгі күні тарих ескерткіші және сәулет паркі ретінде жергілікті мемлекеттік қорғауға алынған.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Орал ротондасы

Ескерткіштер
Қырық Оба патшалық қорған кешені

Әлемдегі ең биік археологиялық қорғандар Қазақстан территориясында орналасқан. Савроматтар дәуірінің таңғаларлық ескерткіші Қырық Оба деп аталады. «Қырық Оба» қорғандары Мысыр мұнараларының тұстастары болып табылады және әлемдегі барлық ғалымдардың назарын өзіне қаратқан.


Ескерткіштер
«Жайық» ескі қаласы

Қазіргі Орал қаласында ортағасырлық сауда қаласының бар болғаны жайында Х ғасырда араб тарихшысы Әл Идриси жазды. Ғалымдар көне елді мекендерінің қираған орындарын қала шетінде іздеу керектігін білді. Дегенмен, осы жаңалық 2001 жылы «Ақсай–Үлкн Шаған–Атырау» құбыр жүргізу трассасын зерттеу кезінде кездейсоқ жасалған. Ескі қала Свистун тауының етегінде Орал қаласынан оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан.