Үңгіртас қазақ тілінен «үңгір тасы» деп аударылады. Халық арасында оны «Жер кіндігі» оны атап кеткен. Үңгіртас қуатты энергетикалық сәуле шашып тұрған тау. Аңыз бойынша бұл жер әйгілі сопы Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты. Ғұмырының аяқталатынын сезген ол 63 жасында тыныш, оңаша орын іздей бастайды. Бұл талаптарына Үңгіртас дәл келіп, шейх Ахмет Яссауи қалған өмірін жер асты кельясында өткізеді. Жертөленің жанына шейхтың уағыздары мен ақылын тыңдаушы туысқандары мен көптеген шәкірттері орын тебеді.

Монастырь тұрған жерді Айдарлы Айдаһар ата деп атайды. Бұл аңыз адам Айдаһар ата есімімен байланысты. Бұл орынды қазіргі заман дәуіріші саналатын Бифатима Дәлетова 1999 жылғы желтоқсанда тауып алады. Ол қазіргі кезде де осы жерге жақын тұрып, оның қорғаушысы болып табылады, тәуіп етушілерді қабылдап, құрбандыққа шалынған жануарлардың қанымен емдеу салт жораларын өткізеді.



Сондай-ақ Үңгіртасты «ақыл тауы» деп атайды. Бұл орынға көтерілу орнында тауға шықпас бұрын келушілерді дәрет алып, дұға қылуға шақыратын тас тұр. Жанында пайғамбарлар қолының таңбасы қалған тас тұр. Тауда түрлі сырқат пен дерттерді емдей алатын энергетикасы бар тастар мен үңгірлер көп. Мысалы, «Айдаһар қанаты» үңгірі. Таудың батыс бөлігінде тура өтетін саңылау бар, ол арқылы көзге көрінбейтін жұқа қабыршық өтеді. Сол үңгір арқылы өту тазару үшін өте пайдалы боп саналады. Тауда жан сырқаттарын сауықтыратын үңгірлер, шығармашылық адамдарға арналған үңгір, бедеулік дертін емдейтін тас бар. Осында келетін адамдардың айтуынша Үңгіртастың әрбір үңгірі өзіндік энергетикасы мен тек өзіне тән емдік қасиеті бар бірегей орын. Келушілер жартастың саңылаулары адам бойындағы қай мүшеге жауапты екенін сезеді.



Тауға шығар жол бағдарының басты жері «Айдарлы Айдаһар Ата» жазуы бар стела. Бұл аңызға айналған «Жер кіндігі» болып табылады – ені 8 метрге жуық аспанға ұмтылған энергия легінің шығу орны – тас орналасқан жерде энергия жерден шығады, ал әрірек жерде ғарыштан жерге қайтады. Бұл орындар энергияның күшті қуатын береді және иммуна жүйесін қалпына келтіреді, сырқаттардан емдеп адамның энергетикалық өрісін күшейтеді.



2000 жылғы наурызда Үңгіртасты әйгілі академик – КСРО-дағы биоэнергетиканың ненгізін қалаушы Бронников зерттеді. Ол түрлі әдістемелер мен жабдықтардың көмегімен жерден шығатын күшті энергияны айқындады.

  • Достарға әңгімеле:
Бесшатыр қорғаны —Іле өзенінің оң жағалауындағы Басшы ауылының солтүстікке қарай  65 км-дегі Кербұлақ ауданында орналасқан жерлеу кешені. Бұл б.з.б. V—IV ғасырларымен даталанған  31 қорымнан тұратын  сақтардың жерлеу орындарының бірегей  кешені .

Ескерткіштер
Бесшатыр қорғаны

Бесшатыр қорғаны —Іле өзенінің оң жағалауындағы Басшы ауылының солтүстікке қарай  65 км-дегі Кербұлақ ауданында орналасқан жерлеу кешені. Бұл б.з.б. V—IV ғасырларымен даталанған  31 қорымнан тұратын  сақтардың жерлеу орындарының бірегей  кешені .


Ескерткіштер
Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театры

Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театры 1975 жылы ашылған. Театр 1975 жылы 4 қарашада Ғ. Мүсіреповтың туындысы бойынша «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» тұсаукесер спектаклімен ашылды.