«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемділігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуармен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Театрдың ашылуында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел, ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді...» – деген еді.

2013 жылғы 21 маусымда театр өзінің алғашқы театр маусымын М. Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты. «Біржан-Сара» операсында музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі - өзінің толықтығы мен тереңдігі бойынша барынша ашылған данышпан музыкалық шығармаға қайталанбастық беретін айтысқа ерекше мән берілген. 70 жылға жуық уақыт өтсе де, «Біржан-Сара» бүгінгі күні де ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени-поэтикалық тәжірибенің синтезінде дүниеге келген көркем күштің таусылмас мысалы болып қалуда.

Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып өтті, онда әлемдік қоғамдастыққа Дж. Вердидің «Аттила» операсы таныстырылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі болып табылады, оның сәулеттік әсемдігі еріксіз назар аудартады және бірнеше мыңдаған жылдарға кейін шегініп, антика дәуіріне шомуға мүмкіндік береді. Сәулеттік мінсіздігі бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. сынды атақты опера театрларының қатарынан орын алды.

Театр 9 гектар учаскеде орын тепкен. Ғимарат алаңы 64 мың шаршы метрге тең. Оның 3000 шаршы метрін сахналық аймақ алады. «Астана Опера» театры өзінің ауқымымен ғана емес, сонымен бірге әсем сәулетімен де көз тартады. Әлемдік сәулетшіліктің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле отырып салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді.

«Астана Опера» алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады. Оны Италиядан, Германиядан, Швейцариядан, Чехиядан келген шеберлер салды. Техниканың ең соңғы жетістіктері бойынша жасалған ғимарат сахнасы күрделілік дәрежесі кез келген спектальдердің қойылымдарын қоюға мүмкіндік береді. Вестибюль, фойе, көрермендер залы және негізгі сахна жоғарғы классицизм стилінде орындалған. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» ешкімге дес бермейді, тіпті әлемнің көптеген театрларынан асып түседі десек артық айтқандық емес. Театрдың қосалқы үй-жайларын алғанда барлық үй-жайлары (арьерсахна, түрлі шеберханалар, көптеген дайындық залдары) және театр тетігін қозғалысқа келтіріп, оны тиімді ететіннің барлығы әлемдік стандарттарға жауап береді.

Орталық сахна жанында 2 қапталды қалта мен арьерсахна орналасқан. Декорациялар арьерсахнаның үлкен кеңістігінде жиналады, онда оларды алдын ала жинау жүзеге асырылады. Сахна алаңы оны бірнеше дайын декорацияларды бір мезгілде орналастыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, машинерия театрлық қойылым (опера, балет, спектакль, концерт және т.б.) үшін сахнада орнастырылғанды санамағанда, бір мезгілде үш сахналық декорацийге дейін толық дайындап шығуға мүмкіндік береді. Фуроктың көмегімен бұл декорациялар бір тұғырдан екіншісіне қозғалып, олардың қиындықсыз жылдам ауыстырылып отыруын қамтамасыз етеді. Оркестрлік шұңқыр 120 музыкантқа лайықталған және қажет болған жағдайда сахнаны кеңейту үшін пайдаланылуы мүмкін.

Театрдың камералық залына 250 адам сияды. Ол камералық музыка концерттерін, түрлі ансамбльдердің, камералық хордың, кіші симфониялық оркестрдің және т.б. өнер көрсетуіне арналған. концерттерін өткізуге өте ыңғайлы. Акустикасымен Италия мен Германияның жетекші мамандары жұмыс істеді, нәтижесінде театрдың барлық залдарында ерекше дыбыстық сипаттамаларға қол жеткізілді. Бүгінде театрдың шығармашылық мазмұны сәулетінің әсемдігінен еш кем болмас үшін күш-жігер жұмсалуда.

Бүгіннің өзінде «Астана Опера» театрының сахнасын опера және балет классикасының жауһарлары, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі шеберлердің заманауи қойылымдары айшықтайды. Алғашқы театр маусымында есімі әлемге танымал хореограф Ю. Григоровичтің қойылымындағы П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» және белгілі француз балетмейстері Шарль Жюдтің қойылымындағы С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеттерінің, сондай-ақ танымал ресейлік хореограф Б. Эйфманның «Роден» заманауи балетінің әлемдік премьералары өтті.

Бұдан басқа алғашқы театр маусымында әртістеріміздің Рим операсы, Ла Скала, Ресейдің Үлкен театры, Мариин театры, Бордо операсы, Б. Эйфманның балет театры сияқты еуропалық ұжымдармен бірлескен спектакльдерінің қойылымдары болып өтті.

Театр жанында балалардың театр студиясы әлдеқашан ашылған, мұнда жас әртістер болашақта «Астана Опера» ғажап сахнасында өнер көрсетуге дайындала отырып. театр шеберлігінің қыр-сырына үйренеді.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
«Астана Опера» опера және балет театры
«Has Sanat» өнер галереясы 2003 жылы ашылды. Қазақ тілінен аудармада «Has Sanat» хас, шынайы өнер мағынасын білдіреді. Галереяны құру мен келешектегі жұмысының басты мақсаты – қазақстандық көркемсуреттің заманауи жай-күйін, ғасырлар тереңіне тамыр жайған аса бай ұлттық мұрамен жіті байланысқан бірегей мәдениетті көрсетуге ұмтылу және бүкіл әлемді Қазақстанмен таныстыру.

Ескерткіштер
Has Sanat, көркемсурет галереясы

«Has Sanat» өнер галереясы 2003 жылы ашылды. Қазақ тілінен аудармада «Has Sanat» хас, шынайы өнер мағынасын білдіреді. Галереяны құру мен келешектегі жұмысының басты мақсаты – қазақстандық көркемсуреттің заманауи жай-күйін, ғасырлар тереңіне тамыр жайған аса бай ұлттық мұрамен жіті байланысқан бірегей мәдениетті көрсетуге ұмтылу және бүкіл әлемді Қазақстанмен таныстыру. 

Астананың орталық аудандарының бірінде, Есіл өзенінің жағасында заңғар ат үстіндегі адамның қашалған мүсіні алыстан көз тартады – бұл мемлекет қайраткері, қолбасшы Кенесары ханға арналған ескерткіш.

Ескерткіштер
Кенесары хан ескерткіші

Астананың орталық аудандарының бірінде, Есіл өзенінің жағасында заңғар ат үстіндегі адамның қашалған мүсіні алыстан көз тартады – бұл мемлекет қайраткері, қолбасшы Кенесары ханға арналған ескерткіш.