Тамғалы тас - Алматы қаласынан солтүстікке қарай 120 км орналасқан (Бақанасқа апаратын жол бойымен Қапшағай су қоймасынан 20 км төмен) Іле өзені жанындағы шатқал, оның жартастарында көптеген петроглифтер, құпиялы құдайлардың бейнелері, кейінгі буддалық жазбалар сақталған. Жартастарда жалпы саны 1000-ға жуық алуарн түрлі бейнелер сақталған. Буддалық суреттер мен жазбалардан басқа қыпшақтар қалдырған VIII-IX ғасырлардың көне түркі руналық жазуларынан тұратын тас. Буддалық суреттер шамамен XIV–XVI ғасырларға жатқызылған.



Композиция үш жартасты блоктарда орналасқан бес бейне мен жазбалардан тұрады. Сурет кеңінен таралған және ұзақ уақыт бойы сақталған қағида бойынша ойылған. Жазбалар мен мәтін жақын орналасқан, олар әлі аударылған жоқ. Кейбір жазбаларды дұғалық формула «ot mani padme hum» ретінде оқуға болады.



Жазбалардың сипаты бойынша бұл сурет негізгі кешеннен ертерек пайда болды деп болжауға болады. Кеңістік ғибадатхананың жалпы қабылданған тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастрылған. Үлкен тастардың арасынан өтіп жыландармен бурхан бейнеленген жеке тасқа тап боласыз. Осындай Оңтүстік-Шығыс Азия дәстүріне тән үрей туғызатын суреттер жын-шайтандарды қуып, арам ойлы адамдарды өткізбейді. Жыландармен бурханның жанынан өтіп қана, адам кешеннің орталығына көтеріле алады.



Тамғалы тас суреттерінің ішінде Будданың үш суреті ең әйгілі болып табылады. Бірінші сурет - бодхисаттва (күллі тіршілік игілігі үшін будда болуға шешім қабылдаған буддизмдегі тіршілік иесі (немесе адам). Биіктігі 2,5 метр Авалокитешвара. Ол төрт қолды алмас кейпінде лотос гүлінде отыр. Алдыңғы екі қолы дұға оқу үшін жиылған, артқы оң қолында хрустальді таспиқ, ал сол қолында ұзын сабақты лотос гүлін ұстап тұр. Оның оң жағында, төрт метр биіктікте – «Шакьямуни Буддаға басымды иемін» жазуымен өлшемі 1 метр Шакьямуни Будда орналасқан. Сол қолында садақа жинайтын тостаған, оң қолының алақанын өзіне қаратып төмен түсірген. Бұл ишара жерді куәгерлікке шақырады. Сол жағында - Амитабх Буддасы (Таза жер буддалық мектебіндегі ең қасиетті тұлға). Бұл суреттің өлшемі де бір метр. Ол лотостан жасалған тақта отыр, сол қолында емдік балшырынмен толтырылған қобдиша, ал беру ишарасындағы алақаны көрерменге қаратылып төмен түсірілген оң қолында Алтын миробланның жемісі бар. Бұл өсімдік – «үнді миндалі», ағаш – пагода, психикалық және физикалық сырқаттардан емдеу құралдарының патшасы. Төменгі жағында «Мангл буддасына басымды иемін» деген жазу бар.



Бұл суреттердің Іле өзені жағалауында пайда болуы туралы бірнеше пікір бар. Аңыздардың бірі бойынша Х ғасырда, Жетісуға жорыққа шыққан буддалық миссия Іле өзені жағалауында тоқтағанда жер сілкінісі салдарынан жартастың үлкен бөлігі жерге құлайды, бұл Үндістанға қайту қажеттілігі белгісі ретінде қабылданады. Жартастың құлаған сынығына олар үш Будданың суретін ояды. Басқа нұсқа бойынша 1648 жылы Зай Пандита Огторгуйн жасаған және көшпенді монғолдар үш ғасыр бойы қолданған «тодорхой номын бичиг» («анық әдеби тіл») тілінде жазуларды қалмықтар қалдырып, Будда бейнелерін ойған.



Тамғалы шатқалындағы суреттердің маңызды зерттеулерімен алғашқы боп Шоқан Уәлиханов айналысты. 1856 жылы сол жерге барып суреттерді егжей-тегжейлі көшіріп алады. ХІХ ғасырдың соңында будда суреттерінің маңызды зерттеулерін ғалым-шығыстанушы Н.Н.Пантусов жүргізді. Жазуларда көрсетілген тарихи тұлғалардың тектері бойынша ол суреттің жасын анықтады. Ол 500 жыл бұрын – «тибет шабуылы» кезінде салынған. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары Тамғалы тастың жазбалары мен суреттерін әйгілі қазақ археологы ӘХ. Марғұлан зерттеді. Ол жазбалардың бар аудармаларын жүйеге келтіріп, композицияның жоңғар туындысы деген болжам жасады және кешенді XVII – XVIII ғасырларға жатқызды.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театры

Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театры 1975 жылы ашылған. Театр 1975 жылы 4 қарашада Ғ. Мүсіреповтың туындысы бойынша «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» тұсаукесер спектаклімен ашылды.


Ескерткіштер
Үңгіртас

Үңгіртас қазақ тілінен «үңгір тасы» деп аударылады. Халық арасында оны «Жер кіндігі» оны атап кеткен. Үңгіртас қуатты энергетикалық сәуле шашып тұрған тау. Аңыз бойынша бұл жер әйгілі сопы Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты.