Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай Айыртау ауданы Сырымбет ауылында орналасқан. Мұражай кешеніне 1663 шаршы метрді алып жататын Ш. Уәлиханов атындағы мұражай, сонымен қатар көрнекті ғалымның атадан қалған жері болған мекен кіреді. Мекен Сырымбет елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан, оның ауданы 4030 ш.м астам жерді алып жатыр.

Мекен Уәли ханның жесір әйелі, қазақтың ұлы ғалымы, тарихшысы, этнограф, фольклорист, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным үшін салынған. Айғаным мекені XIX ғасырда 1824 жылдың 30 сәуірдегі Александр I патшасының жеке жарлығы және Батыс Сібірдің генерал-губернаторы П. Капцевичтің бұйрығы бойынша салынған. Ол қонақ үйі бар үйден, мектептен, мешіттен, диірменнен, қызметшілерге арналған тұрғын үйден, моншадан және шаруашылық құрылыстардан тұрады.

Өкінішке орай 1917 жылдан кейін мекен іс жүзінде қараусыз болған, нәтижесінде ол ескілігінен бұзылған және бөлшектенген. Тек 1991 ж. – Шоқан Уәлихановтың туған күнінің 150-жылдығынан бастап «Сырымбет» Мекенін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілген. 1993 ж. кешен Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайына қосылған.

2008-2010 жж. «Мәдени мұра» республикалық бағдарлама шеңберінде Сырымбет шатқалында екінші рет қайта қалпына келтіру жұмыстары өткізілген. Жұмысты «Қазреставрация» Мемлекеттік кәсіпорнының Батыс-Қазақстан филиалы өткізген, оның барысында тұрғын үй мен мекендегі мешіт қайта қалпына келтірілген, мекен ауналасындағы ағаштан жасалған дуалдар, қақпалар ауыстырылған, тұрғын үйдегі ағаштан жасалған жұқа қаптай екі қабатпен ауыстырылған, есіктер мен терезе қақпақтары ауыстырылған.

Тау етегіндегі әдемі жерінде орналасқан «Сырымбет» Мекені сәулет өнерінің тамаша ескерткіші ғана болмай, сонымен қатар ең әдемі мәдени нысандардың бірі болып табылады. Оның экспозициялық залдарын араласақ, еріксізден өткен уақыттың атмосферасына малынасың. Осында сол кездегі көптеген бірегей экспонаттар жиналған, олардың ішінде Шоқан Уәлихановтың сандығы, ұлы ғалым салған әжесі Айғанымның суреті. Мекен жұмысшылары үнемі қорды толықтырады.

Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай Сырымбет ауылындағы мекеннен 4 шақырым жерде орналсқан. Мұражай кең бірқабатты ғимаратта орналасқан. XX ғасырдың басында осында Еркін Әуелбеков, Шота Уәлиханов сияқты басқа да атақты мемлекеттік қайраткерлер білім алған мектеп орналасқан.

Қазіргі кезде ғимарат мұражай болып табылады. Осында Уәлихановтар отбасының бірнеше буынының өмірлерімен байланысты көптеген бірегей экспонаттарды көруге болады. Мұражай экспозициясында сол кездегі тұрмыс пен қолданбалы өнердің заттары берілген. Ш. Уәлихановтың отбасының тарихымен байланысты болған экспонаттар ерекше орынға лайық, олар: шежіре, Абылай ханның түпнұсқа суреті, піл сүйегінен жасалған түпнұсқа сандық. Қазақ этнографы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектер жеке стендке ие, осында оның қолжазбалары, кітаптар және көптеген құжаттар көрсетілген. «1858-1859 жж Қашғарға саяхат жасау картасы» диорамасы келушілердің назарына ие болды. Мұражайда қазіргі уақытқа арналған зал бар, осында сол аймақтағы еңбек батырлары мен көрнекті қайраткерлерінің фотосуреттері, егеменді Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қойылған.

Бүгінгі күнде мұражай топтамасында 6900 экспонат бар, олардың 1300 экспозициялық залдарда орналасқан. Мұражай қызметкерлерінің жұмысы ғылыми әдебиетті, мақалаларды және Шоқан Уәлихановтың, оның туыстарының, серіктерінің өмірлері мен қызметі жайында материал түріндегі басқа да деректі жинауға, сонымен қатар осы құнды тарихи мәліметті экспозиция мен көрмелер ұйымы арқылы жеткізуге бағытталған.

Жыл сайын мұражайда Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектерге арналған әдеби оқулар, лекциялар өтіп жатады. Соңғы жылдары осындай лекциялардың атаулары осындай болды: «Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов», «Шоқан Уәлиханов Петербург қаласында орыс жазушылары арасында», «Омбы істері», «Бүкіл жолды қайтадан өту – өлкетанушының естеліктері» және т.б.

2013 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай Петропавл қаласында Мұражайлардың халықаралық күнінің қарсаңында өткен облыстық байқауының шеңберінде үздік болып мойындалған.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
А.С.Пушкин атындағы мұражай

2006 жылы Қазақстанда ақын А.С.Пушкиннің жылы болды, дәл осы күнге орай Орал қаласында А.С. Пушкин атындағы әдебиет мұражайы ашылды. Мұражай қаладағы «атаман үйі» деп аталатын тарихи бөлімі ашылды, ұлы ақын Оралда үш күн бойы тұрып, жұмыс істеген дәл осында 1833 жылы тоқталған.


Мұражайлар
С. Мұқанов атындағы мемориалдық мұражай

Қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик Сабит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі Жамбыл ауданы Сабит ауылында орналасқан. Сабит аулындағы мұражай Сабит Мұқановтың ағасының үйінде орналасқан.