Құдай анасы иконасының Әулие-Қазан ғибадатханасы мемлекеттік маңызындағы Қазақстан Республикасының сәулет ескерткіші болып табылады. Мәдени маңызынан басқа ғибадатхана қаланың барлық православ тұрғындарына арналған рухани орталық болып табылады – бұл Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысында жалғыз әрекеттегі православ ғибадатханасы болып табылады.
Перовск (Қызылорда) қаласындағы православ ғибадатханасының құрылысы тарихының бастауы бар. Қаладағы алғашқы православ шіркеуі болып табылады, 1855 жылы 15 қазанда жарықтандырылған, бұл көшпелі ғибадатхана кәдімгі шатыр болып табылады.
1863 жылы өңделмеген кірпіштен текеметтен жасалған төбесі бар шіркеу салынған, дегенмен 1868 жылы ол жаңбыр суымен шайып қалған. Сол жылы өңделмеген кірпіштен жасалған шіркеу ғимараты салынған, бірақ оның іргетасы күілген кірпіштен жасалынған, ал жабыны табақ темірімен қапталған. Осы ғимарат Құдай Ана иконасының Әулие-Қазан ғиабадатханасы салынағанына дейін діндар адамдарға қызмет етті, кейін ол бұзылған. Ескі ғимараттың алтарі орнында қазіргі кезге сақталып қалмаған кішкентай шіркеу орнатылған.
Шіркеу ғимаратының құрылысы 1890 жылы басталып, бес жылдан астам уақытқа созылған. Осы ғибадатхана жергілікті сәулетші Есаковтың жобасы бойынша салынған, ал құрылыс процессін инженер Калинин басқарған. Дегенмен, ғибадатхана жобасына байланысты басқа тарихи дереккөздерінің арасында аталған Сырдария облысының орыс елді мекендері үшін шіркеуліердің типтік жобаларын жетілдірген, Ташкенттің атақты сәулетшісі В. С. Гейнцельман бар, солардың бірі Әулие-Қазан ғибадатханаға бейімделгені мүмкін.
Ғибадатхана құрылыс жерінен 300 шақырымнан астам жерде орналасқан Қазалы қаласында дайындалған сары түсті күйілген кірпіштен салынған. Жаңа ғибадатхананың жарықтандырылуы 1896 жылы 6 желтоқсанда өткен.Шіркеу құрылысы 35 мың сомға түскен, олардың 5 мыңы Перовск (Қызылорда) тұрғындарымен жиналған, ал қалғандары мемлекеттік қазынадан алынып, бөлінген.
Шіркеуде 9 қоңырау бар, олардың ең үлкенінің салмағы 136 пұдты құрайды. 1906 жылының желтоқсанына дейін шіркеу әскери мекемесінің қарауына алынған, яғни полктікі болып табылған, осыдан кейін шіркеу махалласымен қаралған екені қызықты факт болып табылады.
Өкінішке орай, кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әулие-Қазан ғибадатханасына көптеген діни құрылыстарының несібесі түсті, 1930 жылдардың ортасында ғибадатхана жабылған. Шіркеу ғимаратында арнайы қоныс аударушыларды қабылдау бекеті орналасқан, осында расытхана, кейін облыстық өлкетану мұражайы болған.
1982 жылы мұражай қолайлы орынға көшті. Шіркеу ғимараты республикалық маңызындағы сәулет ескерткіші ретінде жарияланып, бірақ оны қайта қалпына келтіру үшін қаражат бөлінбеген, ол жабылып, пайдаланбаған.
1989 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласының атқарушы комитетінің шешімі бойынша ғибадатхана Орыс православ шіркеуінің қарауына алынған. Ғибадатхана өрнегінің көбісі әрекетсіздік жылдары кезінде жоғалтылған, ал оның сипаттамасы сақталмаған. Шіркеу ыдысының және бірнеше иконалардың азғантай бөлігі бұзылмай қалды.
Ғибадатхананың қайта қалпына келтірілуі басқа аймақтар мен мемлекеттерден келген діни қауым мүшелері, сонымен қатар жебеушілерінің қаражатына жасалған. Күмбездері үстінде кресттер қайта қалпына келтірілген. Ғибадатхананың жаңа өрнегін қазақстандық суретшілері орындаған. Ярославльден келген Шуваловтар шеберлері жасаған қоңыраулар орнатылған, бірақ оған дейін бірнеше жыл бойы қоңырау ретінде кесілген оттегі баллондарының пайдаланылғаны қайран қаларлық.
2008 жылы кезекті жұмыстар кезінде ғибадатхана шатыры алтындаған темірмен қапталған, бұрын ол көк түске боялған.Қазіргі кезде «Казреставрация» РМК қызметкерлері Әулие-Қазан ғибадатхананы қайта қалпына келтіруге дайындалып жатыр.Мамандар ғимарат салынған материалдарды зерттеп жатыр, күрделі талдауды жасап жүр, жұмыстың максималды сапасына жету үшін ұқсайтындарын қайдан алуға болатыны жайында ақылдасып жатыр.