Петропавл қаласының тарихи орталығында 314-атқыштар дивизиясы 83 көшесінде сәулет ескерткіштері тізіміне енгізілген және мемлекет қорғауына алынған әдемілігі жағынан таңғаларлық ғимарат орналасқан. Көпес Юзефовичтің үйі 1909 жылы сол кездегі ең бай адамадардың бірі көпес және орман кәсіпшісі А. Г. Юзевичтің тапсырысы бойынша салынды. Осы үйдің Алматы қаласының көптеген сәулет нысандарының авторы, атақты және дарынды А. П. Зенков болды деге болжам бар. Юзефовичтің үйі ағаш сәулет өнерінің бірегей үлгісі болып табылады. Қасбеттің безендірілуінде «модерн» классикалық стилінің элементтері байқалады. Осы ғимарат тұрғын үйлердің жобалық кешендік құрылысында көрсетілген ХХ ғасыр басына тән шет аймақтық көпестік қаланың тарихи жобасының үлгісі және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.
Юзефовичтің үйі мәдениет объекті үшін арнайы салынған болып көрінеді. Осы факт қала тұрғындары мен қала басшыларының назарынан тыс қалмады, жиырма бес жыл бойы ғимаратты бейнелеу өнерінің облыстық мұражайы алып жатады.
Солтүстік-Қазақстан облысының бейнелеу өнерінің мұражайы Петропавл қаласында 1989 жылы ашылған, оның ашылуының негізі тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімі болды.
Топтаманың басы қазақстандық суретшілері жасаған және 1960-ші жылдары Алматы қаласының сурет галереясы тапсырған сурет, графика, мүсін туындылары болды. Кейін топтама жергілікті суретшілердің суреттері арқылы толықтырыла берді.
Топтама 1985 жылы айтарлықтай толықтырылды, сол кезде жеке мұражайды ашу жайындағы шешім қабылданды. Өнер туындыларының көбісі Ваучетити атындағы Бүкілодақтық өндірістік-көркем комбинатынан (Мәскеу), Қазақстан суретшілері одағынан, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі көрмесінің дирекциясынан әкелінген. Топтаманың белгілі бөлігі сатылып, болашақ мұражайғы сый ретінде берілген.
1989 жылы мұражай есігін ашып, Юзефовичтің Үйі деп аталған сәулет ескерткішінде (1982 жылынан бастап) орналасқан. Мұражай экспозициясының ауданы 394,2 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезде мұражай топтамасында 7 мыңнан астам экспонат бар, олардың көпшілігі үнемі мұражай залдарында орналасады.
Топтаманың басым бөлігін атақты суретшілер— Владимир Фаворский, Анна Остроумова-Лебедева, Кукрыниксов, Мая Митурича-Хлебникова, Георгий Нисской, Михаил Майофис, Георгий Поплавский, Домицеле Тарабилдене, Рафик Хачатрян, Григор Ханджян, Луис Ортеги, Херлуф Бидструп шығармашылығында болған графика бөлімі құрайды.
Жеке экспозиция болып, келесі қазақстандық суретшілердің жұмыстары көрсетілген: Валентин Антощенко-Оленев, Евгений Сидоркин, Константин Баранов, Макум Кисамединов, Темирхан Ордабеков, Павел Реченский, Василий Тимофеев, Арсен Бейсембинов.
1992 жылы мұражай залдарында әдеби бөлім ашылған. Оның негізі болып, қолжазбаларының үлгілері, жазушылардың туындылары, жеке заттар, фотосуреттер, хаттар көрсетілген. Бөлім жерлес жазушылары: Мағжан Жұмабаев, Петр Ершов, Иван Шухов, Сабит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығын зерттеумен айналысады. Әдеби бөлімнің топтамасында шамамен 2600 экспонат бар.
Сәндік-қолданбалы өнер бөліміне орыс, украиндық, қазақ кестелеу, оралдық табақтарының, самаурындардың, белгілердің, керамиканың топтамалары, этнография заттары кірді. Дін бөлімінде ағаштан жасалған, мыстан құйылған иконалар, бүктелінентін иконалар, кіші иконалар, кресттер, шіркеу ыдыстары, киім көрсетілген. Балалар шығармашылығы жұмыстарының топтамасы бар.
Мүсін бөлімінде Олег Комов, Николай Никогосян, Юлия Сегаль, Сэрэнжаб Балдано, Михаил Рапопорт, Александр Эллердің жұмыстары қойылған.
Сурет бөлімі мұражай экспозициясының басты жерлерінің бірін алып жатыр, оның негізіне қазақстандық шеберлері Әбілхан Қастеев, Николай Хлудов, Әубәкір Исмайылов, Леонид Леонтьев, Виктор Крылов, Жанатай Шарденов, Иван Стадничук және т.б.жұмыстары кірген.
Солтүстік-Қазақстан облысының бейнелеу өнері мұражайы бірегей болып табылады, ол 25 жыл ішінде облыстағы шығармашылық зиялылардың кездесулері үшін өзіндік орталығы болғаны таңғаларлық емес. Бүгінгі күнде оның қорларында көптеген бірегей экспонаттар бар, ал үнемі толықтырылып отыратын топтама әрдайым көптеген келушілердің назарын өзіне қаратады.