С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысының қазақ музыкалық-драма театры Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен 2000 жылы құрылған. Петропавл қаласында қазақ драма театрын ащу бастамасымен режиссер Оразалы Ақжарқын Сәрсенбек, сонымен қатар Т. Жүргенов атындағы Ұлттық академиясының түлектер шықты. Осы бастаманы еліміздің Президенті қолдаған, 2000 дылы қазақ музыкалық-драма театры ашылды.
Жаңа театрдың ашылуы ұлы жазушы Сабит Мұқановтың 100-жылдығына тура келді, осы күнге байланысты театрға Сабит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысының музыкалық-драма театры деген атау берілген. Жаңа театр шығармашылық жолын Сабит Мұқановтың «Промелькнувший метеор» туындысы бойынша спектакльдің тұсаукесерінен басталды.
Біршама уақыт өткен соң театр қойылымдарына көптеген атақты режиссерлер мен әртістер қатысты, олардың арасында Қазақстан және Ресей өнеріне еңбек сіңірген қайраткері Б. Преображенский, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М. Оспанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» ақ алтын сыйлығының иегері Ж. Хаджиев және т.б. бар.
Театрдың әр спектакліне театр ұжымы бүкіл шығармашылық күштерін салады, оны мыңдаған көрермендер бағалаған, спектакль тұсаукесерлеріне билет алу қиын. Театр репертуарында елуден астам қойылым бар, олардың арасында Ш. Айматовтың «Белое облако Чингизхана», М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», М. Байджиевтің «Криминальный случай», М. Жұмабаевтың «Баян батыр», С. Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық», Д. Исабековтың «Жау жүрек», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», А. Оразбековтың «Одинокая яблоня», С. Сматаев пен Т. Теменовтың «Такси мечты», М. Хасеновтың «Ах, эти молодожены!», сонымен қатар шетел драматургтары С. Ваннустың «Ваше Величество!», К. Гальдонидің «Екі мырзаның қызметшісі», М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңыз», А. Кирийдің «Зона» және т.б. спектакльдері бар.
Өзінің жас болғанына қарасмастан театр зор шығармашылық жетістіктеріне жетті, Театр өнерінің халықаралық және Республикалық фестивальдеріне қатысқаны үшін көптеген марапаттар мен медальдерге ие, олардың арасында: М. Байджиевтің «Криминальный случай» қойылымы IX Театрлардың Республикалық фестивалінде Гран- При жеңіп алды (Петропавл, 2001); Ғ. Мүсіреповтың 100-жылдығына арналған XX Республикалық фестивалінде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі үшін актриса Н. Магавина «Үздік Баян» номинациясын, ал актер Б. Жалғасбаев — «Үздік Қозы» номинациясын жеңіп алды.в спектакле «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» (Петропавл, 2002); «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»пьесасының мотиві бойынша «Шың басында» қойылымы спектакльдерінің үздік ондығына кірді және «Эксперименталық театрлары» XV Халықаралық фестивалінде Құрметті дипломын алды (Каир, Мысыр, 2003); режиссер О. Ақжарқын-Сәрсенбек XII Республикалық фестивалінде М. Гаппаровтың «Қуыршақтар және Қызғаншақ әйелдер кеші» спектаклінің қойылымы үшін «Үздік режиссура» номинациясын жеңіп алды (Қостанай, 2004); «Шабыт» шығармашылық жастарының XII фестивалінде театр актрисасы Н. Магавина «Кармен» спектаклінде П. Мериме ойнағаны үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясын бойынша жеңімпаз болып атанды (Астана, 2004); XIII Республикалық фестивалінде актер Е.Чукиров Д. Исабековтың «Хранитель покоя» спектаклінде «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын алды (Қызылорда, 2005); «Кәнеки, тілім, сөйлеші!» Шешендік өнерінің Республикалық байқауында театр әртісі, әдеби бөлімінің меңгерушісі Б. Мамытбеков Гран-При жеңіп алды (Шымкент, 2010), «Down-Way» спектаклі «Коляда-Plays» Қазіргі драматургияның халықаралық театр фестивалінде арнайы сыйлық иегері болып атанды (Екатеринбург, Ресей).
Бүгінгі күнде С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан музыкалық-драма театрын «Мәдениет қайраткері» атағының иегері, Қ. Қасымов болып табылады. Көркем жетекшісі «Мәдениет қайраткері» Б. Жалғасбаев, бас режиссері Б. Абдрахманов, бас суретшісі Г. Қожахметова болып табылады. Труппада әртістер, «Мәдениет қайраткері» Құрмет атағының иегерлері Ш. Айтыбаева, К. Ақжолова, М. Ақжолов, Б. Жалғасбаев, Б. Мамытбеков, Н. Сәрсебаев, А. Сұпатаева, Б. Шамбетов қызмет атқарады.
Театр жанында «Алуа» би тобы мен камералық оркестр құрылып, жұмыс істейді. Хореографиялық топтың басқарушысы бас Ж. Темірбаева болып табылады. Музыканттар ұжымының дирижері «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері С. Имашбаев болып табылады.
Қазіргі репертуар Д. Исабековтың «Балуан Шолақ», Т. Нұрмағамбетованың «Бес бойдаққа бір той», Ә. Таразидің «Жақсы кісі» спектакльдерімен толықтырылды. Балалар үшін У. Лейестің «Айға ұшқан Түкбілмес», О. Богаевтың «Down-Way», «Эйр-Балалық» ересектерге арналған балалар ертегісі және балаларға арналған ересек ертегісі, Т. Джюдженоглудың «Тупик», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған С. Жүнісовтың «Елім-ай» спектаклі, Ш. Башбековтың «Железная женщина» спектаклі бар.
Сабит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысының қазақ музыкалық-драма театры орындау шеберлігінің жоғары дәрежесіне сәйкес ғана болмай, соынмен қатар оның алдында жаңа уақыт ашатын шығармашылық тапсырмаларының жаңа шешімдерін іздеп жүреді. Жас театр жыл сайын өсіп, дамып жатыр, әр кезең бұл жаңа істер мен бастамалардың басы, ал актерлер үшін шығармашылық ізденіс пен батылдық уақыты болып табылады.