Мекен- жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 48. Телефоны: 8 (7152) 46-20-97
Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1924 жылы қаланған. Мұражай экспедициялар мен қала тұрғындары көмегімен толықтырылған. Мұражай қоры үнемі толықтырылып отырады, экспозицияда картиналар мен сәулет өнері туындыларының саны жетіп артады және 1951 жылы мұражай жанында қолданбалы өнер бөлімі ашылған. 1970 жылы мұражай жаңа ғимаратқа қоныс тепті. Қазір ол ХІХ ғасыр соңындағы сәулет ескерткіштері болып табылатын кешендер ғимаратында орналасқан. Бас ғимарат коммерсант Т.Л.Аркель иелігінде болған, мұражайдың әкімшіліктік бөлімі, қор сақтауы мен кітапхана көпес Стреловтың бұрынғы дүкені мен қоймалық жерлерінде орналасқан.
Мұражайдың жалпы аумақтық көлемі – шамамен 2400 м.кв. құрайды, ал мұражайдағы көрме қойылымдарының саны 350 мың экспонаттан асады. Олар ежелгі дәуірлерден бергі біздің қазіргі заманымызға дейінгі әртүрлі тарих кезеңдеріне арналған мұражайдың 13 залдарында орналастырылған.
Көрме қойылымдарына шолу жасау әдетте Солтүстік Қазақстан облысының табиғатына арналған залдан бастайды. Онда өлкенің әртүрлі ландшафтын көрсететін бейнелі диорамалар орналастырылған. Сонымен қатар экспонаттар арасынан келушілер палеонтологиялық кезеңнің табуларын, жануарлар, құстар мен өсімдіктер әлемінен топтамаларды тамашалай алады.
Археология залында 1967 жылы Солтүстік Қазақстан археологиялық қазба жұмыстары экспедициясы барысында мұражай қызметкерлері Г.Зданович пен С.Здановичпен жинақталған экспонаттар ұсынылады. Экспедиция жұмыстарын ұйымдастырылғалы әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын 600- ден астам археологиялық ескерткіштер ашылды және ішінара зерттелді. Залда тас, қола және темір ғасырлары бойынша көрме қойылымдары көрсетілген. Олардың ішінде энеолит дәуіріне жататын және әлемге танымал әрі бірегей болып табылатын Ботай қонысына арналған материалдар келушілердің қызығушылықтарын тудырады: Ботай қонысының диорамасы, тас пен сүйектен жасалған алуан түрлі еңбек құралдары ұсынылады.
«Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы» залында сол заманның танымал тарихи тұлғалардың бейнелері – Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек, заңнаманың негізін қалаушы Тәуке хан, атақты қазақ билері Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке би суреттемелері ұсынылған. Бұл залдағы басты орынды Орта жүз ханы Абылайдың өмірі мен билік жүргізген кезеңдерін бейнелейтін материалдар алып жатыр.
Социалистік кезеңді көркемдейтін бөлімде ХХ ғасыр аумағындағы тарихтағы негізгі оқиғалар сипатталады: көтерілістер, азаматтық соғыс, ұжымдандыру, 20 – жылдардың шаруалар дүмпуі, қуғын – сүргін кезеңдегі аса қатыгез жазалау шаралары. Ұлы Отан соғысына арналған көрме қойылымдары солтүстік қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері мен тыл жұмысшыларының жанкешті еңбектері туралы сыр шертеді. Бұл залдағы ерекше орынды облыста құрылған 314 – атқыштар дивизицясының жауынгерлік жолының көрсетілуі алады.
Мұражайдағы басты орынды тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуын көрсететін экспозициялар алады. Бұл кезеңге мұражайда төрт зал ұйымдастырылған: «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан», «Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысы», «Қазақстан – Ресей қатынасы», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залы».
Аталған залдарда экономикалық қарқынды дамуын, қоғамның демократиялануын, халықаралық қарым – қатынастарды көрсететін құжаттар мен фотоматериалдар ұсынылған. жеке залда Қазақстан - Ресей қатынасы мен Солтүстік Қазақстан облысының Ресей шекаралық аудандарымен ынтымақтастығына ерекше назар аударылған. Еліміздің Тұңғыш
Президентіне арналған залда Н.Ә.Назарбаевтың жанұясы, оның мектеп жылдарындағы өмірі, Днепродзержинсктегі техникалық училищесіндегі оқуы, Теміртау қаласы Қарағанды металлург комбинатындағы алғашқы еңбек жолының бастамасы, қоғамдық – саяси қызметі – Теміртау қалалық комсомол комитеті хатшысынан елдің басшылығына дейінгі қызметі туралы айтылады. Көрме қойылымдарының ішінде Н.Ә.Назарбаевтың шежіресі, көрікшінің арнайы киімі, Мемлекет басшының шығармалары, жергілікті суретші А.Шимов қаламынан туған Президент портретін тамашалауға болады.