Кітаптың республикалық мұражайы – ортаазиялық аймағында кітаптың жалғыз мұражайы, посткеңестік кеңістікте осындай мұражайлар Мәскеу мен Киевте бар. Открытие музея книги состоялось 20 октября 1978 жылы 20 қазанда кітап мұражайы ашылды, оған ақын Әбділдә Тәжібаев, басылым мен полиграфия істері жөніндегі комитет төрағасы Шерияздан Елеукенов және тағы басқа көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты. Көптеген қазақстандық ғылымдар, жазушылар, ақындар, бастырушылар мұражайға жеке суреттері бар кітаптарын тапсырып, мұражай қорларын толықтыру ісіне өз үлесін қосуға тырысты.

Оның алғашқы директоры мұражайды 1989 жылға дейін басқарған Гильманов Қуат Құрмашевич болған. Бастапқыда кітап мұражайы Қазақ КСР баспаларының мемлекеттік комитеті жанында жұмыс істеді және оның негізіне Баспа үйі кітапханасының қорлары кірді.

Кітап мұражайы XX ғасырдың ортасындағы кеңес өкіметінің тамаша сәулет ескерткіші болған 1936 жылы салынған екі қабатты ғимаратында орналасқан.

Ашылудан кейінгі алғашқы күндері мұражай қызметкерлері раритеттерді іздеу және топтаманы толықтыру бойынша жұмыс атқарған. Қазіргі кезде мұражай қорында 60 мыңнан астам экспонат бар болғаны, соның ішінде түрлі заман мен халықтардың 5 мың қолжазбалық және бұрын басылған кітаптары, сонымен қатар ХХ ғасыр басында шыққан көптеген сирек басылымдар мен басқа экспонаттардың бар болғандығы осы жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Мұражайда 6 ккөрме залы бар, олардың ішінде тұрған экспозиция тиісті тақырыптамаға сәйкес орналастырылған: бүкіләлемдік жазуға, көнетүрік әліпбиіне арналған зал; екінші зал ХІ ғасырдан бастап Абай Құнанбаев өмір сүрген кезеңге дейінгі уақытты қамтиды; үшінші залда төңкеріске дейін басылып шыққан кітаптар қойылған; төртінші залда Ұлы Отан соғыстағы жеңіске арналған көрме бар; бесінші залда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылған; алтыншы залда қазіргі ктаптар, суретшілердің әрлендіруі көрсетілген.

Барлық залдардың стендтері мен көрмелерінде кітаптардың, брошюралардың, альбомдардың, қолжазбалардың, құжаттардың, фотосуреттердің және т.б. мыңнан астам экспонаты тұр. Мұражай экспозициясы көнетүрік тарихтың, қолжазбалық кітаптың, қазақ кітаптарын басып шығарудың пайда болуы мен даму тарихын көрсетеді.

Мұражайдың таныстыру залы келушілерді Орта Азия мен Қазақстанның кітап басып шығару тарихымен таныстырады, осында басып шығару әдістері егжей-тегжейлі қарастырылады. Экспозицияға ксилографиялық формалар мен литографиялық тас бетіндегі басылым формасы қосылған.

Түркі кітаптарының алғашқы кітаптарының бірі «Ырк Битиг» болып табылады, экспозицияда көрсетілген факсималды туынды. Оның түпнұсқасы Британдық мұражайдың Стейн топтамасында сақталуда. «Ырк Битиг» кітабы Х ғасырда шыққан және қағаз бетінде жазылған көне руникалық қолжазбаларының бірі болып табылады, ол 65 шағын дастандардан тұрады.

Осында 1917 жылы «Нил» баспасы Мысырда шығарған Әл-Фарабидің «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат» атты еңбегін көруге болады. Оның жанында арабтың атақты ғалымы, географы, саяхатшы Ибн-Батуттың 1917 жылы Орынбор қаласында «Бахыт» типографиясында басылған түрік тіліндегі «Ибн-Батуттың Дешті-Қыпшаққа жасаған саяхаты» кітабы бар.

Қазақстанның оңтүстік қалалардың картасы ерекше орынға ие, себебі осында орта ғасырларда мәдениеттің өркендеуі мен рухани өзара алмасу өткен. Осында парсы тілінде жазылған діни мазмұны бар XVIII ғ.ортасының құнды қолжазбасы орналасқан. Жарғақ қағазы оның материалы болып табылады.

Бәріне мәлім болатын жайт, кітаптар түтікше түрінде болды, және XVIII –XIX ғ. басындағы түпнұсқалық қолжазба түтікшесі қағазы аса құнды экспонат болып табылады. Оның жанында сол кезеңде жазылған шығыс кітаптарынан алынған суреттер орналасқан.

Тасты 1898 жылы В.А.Каллаур «Әулиеата уезіндегі Айыртам-ой шатқалында» (Талас өзенінің алабы) ашты. Мұражай экспозициясында руникалық жазулары бар құлпытас болып табылатын Талас ескерткішінің көшірмесі қойылған. Маловтың тас бетінде жазуды былай аударған: «Оның аты – Чур. Сендерден, отыз оғландардан, (әлемнің) олжа мен игіліктен ол бөлініп шықты (яғни, қайтс болды). Сендерге, жұрт сенген халық, Оғлан-Чур, мирас болып қалған. Әйелі жесір қалған.»

Бұл Кітаптың республикалық мұражайының топтамасын құрайтын сирек экспонаттарының толық тізімі емес. Мұражай экспозициясы бірегей болып келеді, онымен барлық кітапқұмарлар мен ұлттық және әлемдік тарихы қызық болатын жандар танысуы жөн.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Кітаптың республикалық мұражайы
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы Қазақстанның ірі көркем мұражайы және бейнелей өнерінің саласында жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық орталығы болып табылады.

Мұражайлар
Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы Қазақстанның ірі көркем мұражайы және бейнелей өнерінің саласында жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық орталығы болып табылады.

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады. 

Мұражайлар
Сирек кітаптарының мұражайы

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады.