Жақын тұрған елді мекендерден алыс болып, Қарағанды облысы, Кент тауларында Қазақстанның сәулет өнерінің ең құпиялы ескерткіштерінің бірі Қызыл Кент сарайы орналасқан. Бұл ескерткіш XIV ғасырымен даталанады, ал оның пайда болуы жайында ғалымдар осы уақытқа дейін дауласуда. Болжамдардың бірі бойынша Қызыл Кент көне буддизмдік ғибадатхананың қалдығы болып табылады, басқа болжам бойынша бұл сарайды буддист-жоңғарлар салынған және XVIII ғасырдың ортасымен даталанады. Сол бейжай уақытта жаулуашылар Қазақстан аумағында тұрақтанды, ал Қызыл Кент күшейтілген алдағы бекініс ретінде салынды. Осы болжамды Қызыл кент сарайында мылтықтың металлдан жасалған шүріппені, қытай тиынды тапқан Ә. Марғұланның экспедициясы жүргізген зерттеу растайды. Үшінші болжам бар, оған сәйкес сарай Жоңғарияның екінші ханы Очирту-Цецен-хан XVII ғасырдың ортасында салған сопылық монастырь болып саналатын ғибадатхана кешені болып табылады.

Сарайдың пайда болу және пайдалану міндеті жайындағы түрлі болжамдарға қарамастан, барлық ғалымдардың пікірінше, Қызыл Кент жоңғарлардың қазақ даласына басып кіру кезінен қалған сәулет ескерткіші.

Қызыл Кент сарайының ескі орны оңаша тұрған кішігірім алабында орналасқан, барлық жағынан құзды тауларымен қоршалған. Сарайдың басты ғимараты сәулеті жағынан крест тәріздес болып келеді. Орталық залға әр жағынан 10х10 м төртбұрыш түрінде шағын үш бөлме және кіру есігі жапсарластыра салынған. Қабырғалар тақтатастан салынған, сыланған және қызыл түспен боянған. Сондықтан сол кешен Қызыл Кент деп аталады.

Қалған үш ғимарат (бастысына жанасқан)көмекші сипатына ие. Олардың бірінде үлкен қазанға арналған ошақ сақтыланған, мүмкін бұл ас үй болып табылған. Ғалымның пікірінше, басты ғимарат тибеттік және монғол ережелеріне сәйкес салынған. Алты бағаналардың екеуі орталық залдың орнын үшке бөлген. Бір кезде олар екінші қабаттағы галереяның жабынын және жарық шамы бар шатырды ұстаған. Сол жақтағы бөлме шамдар мен шамдалдарды жасау және сақтауға арналған, оң жақтағысы –түрлі діни заттарды жасауға қажетті болатын матаны сақтауға арналған, ал алтарьдің артында арнайы кеңістік қалдарылған немесе пұттарға арналған бөлме, оған садақа беру үшін тек сопылар кіреді.

Қалған төрт бағана кіреберіс үстінде дәстүрлі балконды тіреп тұрған, сол балконда сопылар түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, тауап етегу шақырады. Осында үлкен мерекелер кезінде ғибадатхана алдындағы алаңда діни және салт көріністер болған кезде, монастырьдің бас дін қызметшісі болған...

Қызыл Кент сарайының жанында бірнеше мола бар. Олар сыртқы түрінен қазақ молаларды еске түсіреді. Ескі орынның маңында бидай тұқымдары болған бірнеше балшық құмыра табылған, сондай–ақ будда дінінің кейбір заттары да болған.

Жергілікті тұрғындардың ойлауынша, бұл жер құпиялы және жаман болып саналады, аңызға сәйкес Қызыл Кент сарайының ескі орындарын арамдаған адамдар бақытсыздыққа ұшырап, ұзақ өмір сүрмейді. Қалмықтың бай князь қызы мен кедей жігіт жайында айтатын әдемі аңыз бар.

Қызыл кент сарайының ескі орындары Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштерінің тізіміне енгізілген және мемлекет қорғауына алынған.

  • Достарға әңгімеле:
Қарағанды облысы Жанарқа ауданында X-XI ғасырдың сәулет өнерінің ескерткіші Жұбан Ана кесенесі орналасқан. Өкінішке орай, оны салған адамның есімі де, бұл ,имаратты тұрғызу тарихын да білмейміз. Осыған қарамастан, Жұбан Ана кесенесі осы аймақта орналасқан орта ғасырлардағы ең қызықты сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Ескерткіштер
Жұбан Ана кесенесі

Қарағанды облысы Жанарқа ауданында X-XI ғасырдың сәулет өнерінің ескерткіші Жұбан Ана кесенесі орналасқан. Өкінішке орай, оны салған адамның есімі де, бұл ,имаратты тұрғызу тарихын да білмейміз. Осыған қарамастан, Жұбан Ана кесенесі осы аймақта орналасқан орта ғасырлардағы ең қызықты сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылады. 

Бәлкім, Құнанбай Өскенбаевтың мешіті Қарағанды облысында орналасқан шағын Қарқаралы қаласының ең басты көрікті жері болып табылады. Бұл біздің елімізде қазақтың ең көне мешіттердің бірі болып табылады, оның құрылысы 1849 жылы басталды, мешіт 1853 жылы көптеген діншіл адамдар үшін ашылды.

Ескерткіштер
Құнанбай Өскенбаевтың мешіті

Бәлкім, Құнанбай Өскенбаевтың мешіті Қарағанды облысында орналасқан шағын Қарқаралы қаласының ең басты көрікті жері болып табылады. Бұл біздің елімізде қазақтың ең көне мешіттердің бірі болып табылады, оның құрылысы 1849 жылы басталды, мешіт 1853 жылы көптеген діншіл адамдар үшін ашылды.