Мекен- жайы: Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 149. Телефоны: +7 (7182) 32-14-85
Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану мұражайы «Қазақстанды зерттеу қоғамдары» облыстық бөлімі негізінде 1942 жылы құрылған. Мұражайдың алғашқы директоры мен негізін қалаушылардың бірі танымал фотограф – өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев болған. Бастапқысында мұражай қоры павлодарлық тарихшылар мен өлкетанушылар – әуесқойлармен жинастырылған фототоптамалар мен экспонаттардан құралды.
Мұражай қала тарихымен байланысты ХІХ ғасыр соңындағы сәулет ескерткіштері бар төрт ғимаратта орналастырылған. Мұражайдың негізгі ғимараты 1896 жылы бірінші гильдия көпес А.Деровқа арналып салынған, арнайы сауда қатарлары бар Ленин көшесіндегі 149 – үйде ұйымдастырылған. Ғимарат 1977 жылы мұражайға тапсырылған. Қазіргі кезеңде мұнда экспозициялық залдар мен ғылыми кітапхана бар. Мұражай қоры бөлімі өзінің балалық және жасөспірімдік жылдарын өткізген жазушы А.С.Сорокиннің № 129 – үйінде орналасқан. Мұражай қоры сирек кездесетін фотосуреттер мен құжаттармен ерекшеленеді. Әкімшілік, ішкі бөлімдер көпес Филатов үйі, кейін пошталық – телеграфтық контораға айналған ескі ғимараттың екінші қабатынан орын алған. Мұражайдың төртінші ғимараты – қосалқы үйде (Ленин көшесі, 131). Ол көпес Сорокинмен шаруашылық мақсатта салынған. Қазір бұл жерде археологиялық лаборатория өз жұмысын атқарады.
Бүгінгі таңда мұражай қорында 79 437 көрме қойылымдары сақталуда. Экспозиция 9 залдарға орналастырылған: табиғат, археология, этнография, XV-XIX ғасырлардағы Ертіс жанындағы тарих залы, ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы Ертіс жаны экономикасы мен мәдениетінің даму тарихы залы, көтеріліс пен азаматтық соғыс залы, Ұлы Отан соғысы залы, Павлодар облысының тарихы мен қазіргі дамуы залы.
Мұражайдың екі залы өлкенің табиғатына арналған. Бұл залда аймақтағы ежелгі фаунаның үлгілері көрсетіледі: «Қаз ұшуы» бірегей палеонтологиялық ескерткішінен гиппарион қаңқасы, Ертіс террасасы қыртысынан табылған ірі мүйізді бұғының толық қаңқасы, әртүрлі Ертіс маңы аудандарында өткізілген қазба жұмыстары нәтижесінде жинастырылған мамонт қаңқасы және тағы басқа түрлері жойылып кеткен жануарлардың қаңқалары келушілер назарына ұсынылады.
Археология залының көрме қойылымдары мыңдаған жылдардағы облыс тарихынан көрініс береді. Онда археологиялық зерттеулер, А.Х.Марғұлан археологиялық институты экспедициялары мен Павлодар археологиялық мұражайының экспедицияларының нәтижесінде табылған экспонаттар көрсетілген. Ең ескі экспонаттар санатына палеолит дәуірінің қоныстары мен шеберлерінде табылған тас құрал – саймандары жатады. Мезолит – энеолит дәуірлеріндегі мәдениеттің дамығандығын Шідерті – 3 қонысынан табылған заттар айқақтайды. Бұл қоныстан жерленген адам табылған. Экспозицияларда Андронов мәдениетінің Мичурино – 1 мен Қаратұмсық обаларынан табылған экспонаттар ұсынылған. Андронов кезеңіне дейінгі дәуір кездейсоқ табылған заттармен ұсынылған: қола кельт, қанжарлар, найза ұштары. Экспозициядан темір дәуірінің керемет экспонаттарын тамашалауға болады: екі сармат қылышы мен акинактары, толық қоламен құйылған ауыздық, аңдық стилімен жасалған металл – пластикалық заттар, әртүрлі типтердегі жебе ұштары. Орта ғасырлық археология залында жүген жиынтығы, әртүрлі сүйектен және қоладан жасалған айылбастар, қола және алтын сырғалар, белбеулер, қимақ кинотафынан жасалған заттар. Бұл залда сонымен қатар «Бокка» табақ күмістен жасалған әйел бас киімі, салт аттының жануарлар артынан қуғаны мен жапсырмалы діни түйіндіктер бейнелері бар күміс айна ерекше қызығушылық тудырады.
Этнография залында киіз үй мен оның жадбықтары көрсетілген: кілемдер, ши тоқымалар, төсек, ыдыс – аяққа арналған шкаф, бесік, үстел, сандықтар мен тағы да басқа заттар қазақ өмірінен хабар береді. Экспозиция ер және әйел киімдері, белбеу, зергерлік әшекей бұйымдар, музыкалық аспаптар үлгілерін қамтиды. Залда экспозицияның бір бөлігінде орыс пеші бар ағаш үй мен тұрмыс заттары ұсынылады. Бұл жерде Д.П.Багаевтың мемориалды кешені бар. XV-XIX ғасырлардағы Ертіс жаны тарихы залында суық және оқ ататын қару – жарақ түрлері көрсетіледі: алдаспан, қанжар, сауыт, ауыр қылыш, жаяу әскердің қысқа сапты екі жүзді қанжары, шақпақ таспен атылатын мылтық. Залда Орта жүз тайпасы қазақтарының кезеңі, Ертіс қорғаныс жолының қалыптасуы мен Павлодар қаласы негізінің қалануы көрсетілген. Ертіс жанындағы экономика мен мәдениет залында қала тұрғындарының ерекшелікті заттары мен интерьер үлгілері көрсетілген. Бұнда фисгармония, ыдыс – аяқты шкаф, патефон, ағаш үстел, екі кресло, венециялық шыныдан жасалған айна, аспашам, көтеріліс кезеңіне дейінгі қолмен жұмыс жасайтын кассалық аппаратты көре аласыз. Ұлы Отан соғысына арналған залдағы бірегей экспонаты Кеңес Одағының Батыры М.К.Қайырбеков батареясының зеңбірегі болып табылады.
Мұражайда республикалық мұражайлар қорларынан, жеке қорлардан көрмелер ұйымдастырылады. Шеберлік сабақтары, өлкетану бойынша сабақтар, дәрістер – концерттер, шығармашылық кештер өткізіледі. Мұражайдың ғылыми кітапханасы мен 3 филиалы бар: Д.П.Багаев үй – мұражайы, Майра Шамситдинова атындағы ән шығармашылық үй – мұражайы мен Жауынгер даңқы мұражайы.