Атырау қаласының орталығында Әйтеке би көшесінде облыстық әкімдік ғимаратының алдында аңызға айналған тұлға, жауынгер және мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарысқа (толық есімі Сұлтан Бейбарыс әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс әл-Бұндуқтари әс-Салих) арналып ескерткіш орнатылды. Бірден айта кететін жайт, бұл Мысырдың билеушісі болған ұлы қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз ескерткіш болып табылады.

Ескерткіш
биік тұғырда бар бойымен тұрған Сұлтан Бейбарыстың мүсіні түрінде орындалған, белбеуінде қылыш ілініп тұр, ал иығын ауыр плащ жауып тұр, Сұлтан алысқа қарап, намысқор, тура көз тастап тұр, ол қоршаған кеңістікті, мәңгілікті жарып тұр. Ескерткіш Алматы облысының Күрті ауданынан әкелген граниттен жасалған. Ескерткіштің биіктігі 7,2 м, ені 3,8 м дейін, мүсін шомбал тұғыр үстінде орнатылған. Тұғыр 3 блоктан тұрады. Төменгі блоктың өлшемі 2,8 м. х 2,4 м., биіктігі 60 см. ортаңғы блок 2,4х1,8 м., биіктігі 1,6 м. Үстіңгі блок 2,4х1,8 м., биіктігі 1,4 м. Тақталарды салуға арналған қоршаған аумақтың ауданы 8120 шаршы м. Ескерткіштің салмағы 120 тоннаны құрайды. Ескерткіштің тұғырмен қоса жалпы биіктігі 11,8 м. Сұлтан Бейбарыс ескерткішінің авторы мен бас мүсіншісі Қ. Кәкімов, сәулетшісі Қ. Жұмабай болып табылады. Ескерткіштің негізгі мүсіні жанында мұнара мен киіз үй тәрізді тас мүсіндері орнатылған, бұл Сұлтанның екі елдің –Мысыр мен Қазақстанның тарихи тұлғасы болып табылғандығын көрсетеді. Ескерткіш артына авторлар көне түрік тіліндегі руна жазуымен безендірілген граниттен жасалған жарты шарды орналастырды. Түрік тілінде жазудың мағынасы осындай :«Еліме жеріме, суыма. Осы бір түрік елі ел болсын деп жасаған ісіміз. Күлтегін». Ескерткіш 2000 жылы ашылған, ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды, өзінің салтанатты сөйлеуінде мынадай сөзді айтты: «...Бейбарыс, Абылай хан, Әбілқайыр, Әл Фараби және тағы басқа тұлғалардың есімдерін біз және біздің ұрпағымыз есте сақтау қажет...Дүниежүзі қазақ халқын, олардың ата-бабаларын, біздің қандай мықты болғанымызды және болатынымызды білуі керек.».

Бейбарыс Дешті-Қыпшақ даласында туды, Қазақстан халқы ол Қаспий маңындағы далада өмір сүрген Берш руынан шыққан деп есептеуде. Монғолдардың шапқыншылығы кезінде ол он жасында 800 дирқамға сатылған және оның ұстазы, тәлімгері мен қамқаоршысы болған саудагер Бұндуқтаридің құлы болып Мысырға келеді. Бұндуқтари құл-баланы әскери өнерді үйренуге береді, ол Мысыр билеушісі Салих сұлтанның батыл жауынгері болады, ақырында таққа отырып, елді 17 жыл бойы биледі. Ол тек туған қыпшақ тілінде сөйлеген, елде қыпшақтар дәстүрлерінің элементтерін енгізді: қымыз ішіп, жылқы етін жеді. Мысыр мен Алтын Орда арасындағы достық қатынастың басын бастады. Мысыр мемлекетінде оған дейін басқа да әміршілер болғандықтарына қарамастан, араб әлемінде Сұлтан Бейбарысты Мысыр мемлекетінің негіз салушысы етіп санайды.

2000 жылы 1 ақпанда облыстың бұрынғы әкімі И. Тасмағамбетовтың бұйрығымен Атырау қаласындағы ескерткіш тұрған орталық алаң Сұлтан Бейбарыс атымен аталды.


  • Достарға әңгімеле:
Атырау қаласынан 20-30 минуттық жүрісте “Хан Ордалы Сарайшық” деген бірегей мемлекеттік мұражай қорығы орналасқан. Осы өңірге келетін саяхатшылар міндетті түрде уақыт тауып, осы таңғажайып жерді көрулері жөн, олардың алдынан құпияға толы Ұлы дала тарихының әлемі ашылады.

Ескерткіштер
Museum-preserve- «Khan Ordaly Saraishyk»

Атырау қаласынан 20-30 минуттық жүрісте “Хан Ордалы Сарайшық” деген бірегей мемлекеттік мұражай қорығы орналасқан. Осы өңірге келетін саяхатшылар міндетті түрде уақыт тауып, осы таңғажайып жерді көрулері жөн, олардың алдынан құпияға толы Ұлы дала тарихының әлемі ашылады.

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

Ескерткіштер
Махамбет Өтемісұлының жерленген жері (мазары)

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.