1998 жылы Тараз қаласында Сүлейменов көшесінде Тараз Мемлекеттік Университетінің ғимараты алдындағы алаңда ұлы билеуші, қолбасшы мен тарихшы Мырза Мұхаммед Өайдар Дулатиге арналған ескерткіш орнатылған. Ескерткіш осы атақты ғалым мен орта ғасырлардағы мемлекеттік қайраткерінің 500-жылдығының құрметіне орнатылған. Ескерткіш орнату жері кездейсоқ таңдалынбаған, Тараз Мемлекеттік Университетіне М. Қ. Дулатидің есімі берілген.
Мұхаммад Қайдар Дулати дұғлат тайпасынан және белгілі моғол руынан шыққан. Оның руында Шағатайлықтардан алынған мұрагерлік артықшылақтары болды, ру басы Қашғарияның Шағатай ұлысына енуінен кейін Маңғылай-Сүбе мемлекеттік-тайпалық құрылымының мұрагерлік әміршісі болды. Мұхаммед Қайдар Ташкент қаласының эмиграциясында (1500 ж.) тұрды, сол жерде оның отбасы Уратөбе облысын бірнеше жыл бойы басқарды.Шайбаниліктерге қарсы қастандық ісі кезінде, оның әкесі М. Қ. Дулати сәтсіздікке ұшырап, оның бүкіл отбасы Ферғанаға қашып кетеді. Дегенмен, Мұхаммед Қайдардың әкесі Шайбани ханның бұйрығымен өлтірілді, өзінің өмірін аман қалдыруға тырысып және адал достарының көмегіне сеніп, М. Қ. Дулати Бұқара мен Бадақжан арқылы Кабулға өзінің немере ағасы Бобырға қашады, ол оны жылы қарсы алады.
1512 жылы Мұхаммад Қайдар өзінің немере ағасы Саид хан Сұлтанға Әндіжанға қашып кетеді. 1514 ж. Саид хан Сұлтанның Қашғарияда билігін орнатқаннан соң және «Мамлакат ва Могулие» атты жаңа мемлекетті құрудан кейін, Мұхаммад Қайдар әскер мен мемлекет ісімен айналысады, сонымен қатар Саид хан Сұлтанның ұлы Әбдірашид ханды тәрбимелейді.
Мұхаммад Қайдар Дулати Бадақжан, Кафиристан, Ладак, Тибетке жасаған мемлекеттің әскери жорықтарды басқарды. Саид хан қайтыс болған соң, оның Әбдірашид хан дұғлат тайпасының беделді өкілдерін, солардың ішінде Мұхаммад Қайдар ағасын өлтіруді ұйымдастырады. Сонан соң Мұхаммад Қайдар туған жерден кетуге мәжбүр болады. Ол Үндістандағы Бабуридтерге (Лахор) кетіп, Кашмирді жаулап алады және оны Бабуридтер атынан қайтқанша билейді. 1551 жылы Кашмирдің тау тайпаларымен қақтығысып, өзінің жауынгері байқаусызда жіберген найзасы тиіп, өледі
Мұхаммад Қайдар Дулати өзінің өмір сүрген уақытына сай жақсы білім алып, туған шағатай тілімен қатар парсы тілін білді. Біздің уақытымызға оның екі еңбегі жетті, олар: ортаазиялық парсы тіліндегі моғолдар мен Шағатаидтардың хандары жайындағы әңгіме — Тарихи Рашиди және шағатай тіліндегі Жахан нама деп аталатын поэма.
Орталық Азия халықтарының тарихы үшін М. Қ. Дулатидың «Тарихи Рашиди» басты еңбегін асыра мадақтау қиынға соқтырады. «Тарихи Рашидиде» Алтын Орданың құлдырауынан кейін мемлекеттілігінің эволюциялық дамуы мен Қазақ мемлекетінің пайда болуы баяндалады. «Тарихи Рашиди» Қазақ хандығының орталықтандырылған мемлекеті болып өскеніндәлелдейді. Мұхаммад Қайдар Дулати өз заманының ұлы батыры, мемуаршысы, көріпкелі болған. Осы факторлардың барлығы орта ғасырлардағы көрнекті әдебиет ескерткіші, Орталық Азияның, соның ішінде жалпы қазақ халқы тарихының негізгі түпдеректердің бірі екен деп есептеуге негіз болып келеді.
Тараз қаласындағы М. Қ. Дулати ескерткішінің авторлары белгілі қазақстандық сәулетші О. Әуезов пен мүсіншілер Д. Ж. Әлдеков, Н. А: Рустемов. Ескерткіш М. Қ. Дулатидің бүкіл бойын көрсететін мүсін, ұлы тарихшы мен публицист қолын артында ұстап, тұғырдан адымдап тұрғандай көрінеді, оның көзі алысқа қарап, уақытты жарып тұрғандай сияқты, ол бізге, оның ұрпақтарына қарап тұр.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 3 метрді құрайды. Мүсіннің өзі мыстан жасалған, тұғыры 160х160х300 өлшемдегі өңделген қызыл граниттен жасалған.
Мұхаммад Қайдар Дулатидің ескерткіші Тараз қаласының кейпіне сәтті жарасып, қазіргі қаланың басты көрікті жердердің бірі болып табылады.