Ерте заманнан бері Қазақ даласында Қорқыт жайында көптеген аңыз айтылып жатыр. Қорқыт – IX ғасырдың аты аңызға айналған түріктің жыршы-ақыны мен сазгері, Сырдария бойындағы даласынан шыққан. Шынымен көп қырлы тұлға болып табылды, ол ақын, аңызшы, сазгер және ұлы музыкант, қобыз жасаушысы болған.
Осы ұлы адам жайындағы аңыздар түркі халықтарының қыпшақ (қазақтар, қарақалпақтар) және әсіресе оңтүстік оғыз тармағында; түркімендер, әзербайжандықтар және түріктерде көп кездесті. Олардың барлығында ортақ халық эпосы «Оғызнама» бар.
«Деде Қорқыт Кітабі» түрік халықтарының жазбаша дастандық ескерткіші. Мазмұнындағы әрбір аңыздың өзіндік сюжеті бар және әрқайсысының басты кейіпкері дана адам, тайпа көсемі және тағдыр болжауышысы Қорқыт ата көрсетілген.
Қорқыт Атаның қазақтың музыкалық және ақындық өнерінің дамуындағы зор үлесін барлық ұлттық ғалымдар мойындады.
Қазақтың ұлы этнографы Шоқан Уәлиханов Қорқыт жайында былай жазды: " Ол тұнғыш болып қобызда ойнады, тұнғыш бақсы болған адам. Қорқыт жайындағы аңыз терең оптимистік мағынада берілген, оның мағынасы Қорқыт өзінің мәңгі-бақилығын ол жасаған өнерімен адамзатқа қызмет қылу арқылы тапқанында".
"Қорқыттың ажалдан қашуы, ажалға қарсы көтерілісі өзін-өзі сақтау, жанын аман қалдыру әрекеті болмай, келіп жатқан исламға қарсы болуы ", - деп ірі зерттеуші, публицист Тарақты Ақселеу жазды.
Атақты тарихшы, академик В.В. Бартольд: “Қорқыт - ру басы, халық даналығының таратушысы. Халық арасында Қорқыттың аты аңызға айналған афоризмдер бүгінгі күнге дейін айтылып жатыр: " Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Күңге сары пәй шапан жапқанмен бәйбіше болмас." деп жазды
Қорқыт қалдырған көптеген күйлер мен саздар бүгінгі күнде де өз өмірін сүріп жатыр. Ол қобыздағы халық музыканы орындаудың негізін салушысы болып табылған. Қазіргі қобызшылар Қорқыттың жолын қуушылары болып табылады.
Қазақстан халқы қазіргі кезде де ұлы сазгер, ақын және музыканттың есімін есте сақтап жүр, Қызылорда облысы Қарамақшы ауданында Қорқыт Ата мемориалдық кешен салынған.
Кешеннің орталық бөлігі «Ән салып жатқан кернеулер» болып табылады, ол дүниежүзінің төрт жағына қараған төрт қобыз түрінде бейнеленген. Ескерткіш 1980 жылы құрылған, оның автрорлары сәулетші Б. Ыбыраев және физик-акустик С. Исатаев болған.
Кешеннің негізін салушысы, сәулетші, мәдениетанушы Бек Ыбыраевтың айтуынша, осындай кешеннің құрылысы жайындағы ой өткен ғасырдың 70-ші жылдарында, экспедицияға барған кезінде пайда болған.
«Ән салып жатқан кернеулер» ескерткіші бірегей болып табылады, монумент құрылған төрт кернеудің арасында түтіктер жиынтығы орнатылған, олар желдің есіп отырғаны арқылы күрделі әуенді ойнап жатады. Осы ескерткішті құрастыру кезінде сәулетші аэродинамикалық әсерді пайдаланды: мазар ішінде төбенің үстіне кернеулер ілінген және дала желінің есуі олардан қобыз әуенін шығарып отырады.
1997 жылы ескерткіш қайта қалпына келтіруден өтті. Оған қосымша болып, тұтас сәулет ансамблі құрылған, бұл амфитеатры, қонақүй және т.б. бар кешен. Ал 2000 жылы оның жанында мұражай құрылған. Ақырында осы нысандардың барлығы Қорқыт Атаның мемориалдық кешенін құрды.
“Тілек мұнарасы" - кешен құрамына кіретін тағы бір ерекше құрылыс болып табылады. Оның қалыптасқан дәстүр бойынша өзгеше символдық мағынасы бар, оны үш рет айналады, одан кейін аяқ қиімді шешіп, мұнараның ішіне кіреді де, арманның орындалуын сұрайды. Мұсылман мәдениетіне тән емес болып табылатын амфитетар қызықты болып келеді. Бек Ыбыраевтың ойлағаны бойынша сол жер ішіне Қорқытты қастерлейтін адамдардың жиналуына, ән салу мен күй ойнауда сайысқа түсулеріне арналған.
Қорқыттың есімін халық құрметтеп, оны қобыз бен күйлердің негізін салушысы ретінде санайды, Қорқыт Ата мемериалдық кешеніне жыл сайын Қазақстаннан, алыстағы және таяу шетел елдерінен келген мыңдаған туристтер келіп отырады