Тараз ежелгі, тарихи жер болып табылады. Бұл жер шарықтауға жетіп, өркендеу мен береке кезеңдерінен өтті, сонымен қатар несібесіне көптеген ауыр қиыншылықтар өтті. Байырғы дәстүрлері бар болатын басқа да кез келген ежелгі жерлер сияқты, бұд өлке көптеген ұлы адамдардың Отаны болып табылады. Таразда дүниеге келген атақты адамдардың бірі Жамбыл Жабаев болып табылады.

Қазақтың ұлы ақыны, халық ақыны және дана адам Жамбыл Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінде Жамбыл домбырада ойнауды жақсы көрді. 14 жасында ол үйден кетеді, әншілігімен күн көріп, ақын болам деп шешеді. (басқа мәлімет бойынша: 1897 жылы 52 жасында). Ол домбыраға сүйемледеп, толгау стилінде ән салды. Жамбыл суырып салма өнерін Сүйінбай ақыннан үйренген. Жамбыл тек қазақ тілінде ән салды. XIX ғ.аяғы—XX ғ. басында ол айтыстарға бірнеше рет қатысып, оларды жеңіп шығатын. Бүкілодақтық даңқы Жамбылға айтарлықтай егде жасында ғана келді, кеңес үкіметі оның қарапайым халық шығармашылығына жақсы ниетпен қарады. Шығыс данасы мен ұлы ақын көптеген кеңес сыйлықтар мен марапттарға ие болды, олардың арасында: Ленин мен Еңбек Қызыл Тудының ордендері. Жамбыл КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері мен Алматыда 1934 жылы өткен республикалық айтыстың жеңімпазы болып атанады. Бүгінгі күнгі көзқарастырымыз бойынша ақынның осы жетістіктері жайында әр түрлі пікір түюге болады, ал Жамбылдың қоршалған Ленинградтың батыр қорғаушыларына арналған «Ленинградтық өренім!» деген өлеңі соғыс жылдарындағы көпұлттық кеңес әдебиетінің ең үздік туындыларының бірі болып саналады.

Жамбыл екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Днепропетровск облысындағы Синельниково қаласын азат етуде қайтыс болған сүйікті ұлы Алғадайдан айырылады. Жамбыл Жабаев жүз жылдығына сегіз ай қалған кезде, 1945 жылы 22 маусымда дүниеден өтті.

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткіші Тараз қаласының орталық алаңдарының бірінде орнатылған. Бұл мүсіндік композиция 1961 жылы ұлы ақынның туған күнінен 115-жыл өткен соң құрылған және ашылған. Жоба авторы атақты сәулетші В. Сашенко, ал мүсіншісі Қазақ ССР халық суретшісі Х. Наурызбаев болып табылады.

Ескерткіш ұзын етек шапан және аң терісінен тігілген бөрік киген, сол қолында домбыра ұстап отырған, оң қолы бос түрған Жамбылдың мүсіні болып келеді. Қола мүсін қызғылт граниттен жасалған тақталармен қапталған граниттен жасалған биік тікбұрышты тұғырдың үстінде тұр. Тұғырдың бет жағында жазу бар: «Жамбыл Жабаев. 1846-1945», төменгі бөлігінде – таудың арғы жағынан көтерліп жатқан күннің көзінің бедерлі суреті бар. Мүсін биіктігі 4 м, тұғырдың биіктігі – 4,3м. Мүсін Ленинградта құйылған, ал граниттен жасалған тұғыр жергілікті метериалдан Алматыда жасалды.

Тараздағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші сәулет ескерткіші болып табылады және республикалық маңызындағы Қазақстандағы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізіміне кіреді.

  • Достарға әңгімеле:
Айша-бибі кесенесі  XII  ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.

Ескерткіштер
Айша бибі кесенесі

Айша-бибі кесенесі  XII  ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.


Ескерткіштер
Ақыртас

Ақыртас – көненің таң қаларлық ескерткіші, VIII—IX ғасырлардағы сарай кешені. Ақыртас жамбыл облысындағы тараз қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш үлкен күрең-қызыл тас блоктарынан салынған бір құрылыстың үйінделері.