Қазақтың күйші-сазгері мен тамаша орындаушы Дина Нұрпеисованың ескерткіші 2000 жылы Атырау қаласында музыкалық академия ғимаратының алдында орнатылған. Сәулет ансамбльінің авторы сәулетші Қ.Жарылғапов болды, ал ескерткіштің өзін атақты мүсінші Н.Даубай жасады. Ескерткіш цилиндрлік пішіндегі граниттен жасалған биік тұғырда орнатылған Дина Нұрпеисованың мүсінін көрсетеді. Ескерткіштің жалпы биіктігі үш метрден сәл асады, мүсіннің өзі қоладан жасалған, ал тұғыр арнайы әкелінген Күрті граниттен салынған. Мүсінші ұлы күйші-сазгердің кейпін сонылап көрсетті, мүсін оны айтарлықтай егде жасында, қолында домбырасын ұстап, арнайы тақтада отырған күйңнде көрсетіп жатыр, Дина Нұрпеисова қолын қойып, күй ойнап отырған жоқ, керісінше орындаудан демалып отырғандай немесе өзінің ұлы музыкалық туындыларының бірін шығарып отырғандай көрініп тұр.
Дина Нұрпеисова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Нарынқұм ауылында дүниеге келді. Әкесі атақты домбырашы болып, Динаны осы аспапта ойнауды үйреткен. Сегіз жасында ол домбырада тамаша ойнап, домбырада ойнаудың көптеген құпиялары мен шеберлігін білген, отбасының кенжесі болып, музыкалық қабілеттерімен ерекшеленіп, әнді жақсы салатын әпкелеріне жиі сүйемелдеп ойнады. Сол кезде ол алғаш рет қазақтың ұлы сазгері Құрманғазымен кездеседі, аңыз бойынша ол дарынды қыз жайында өзі естіп, онымен танысу үшін келеді. Динаның домбырада ойнағанын естіп, Құрманғазы риза болады, сол кезден бастап ол оның ұстазы болады, өзімен бірге ертіп, түрлі музыкалық сайыстарға алған, оған домбырада ойнаудың ерекше жолдарын көрсеткен. Ұзақ жылдар бойы Дина Нұрпеисова қазақтың халық туындыларын, сондай-ақ өзінің ұстазы Құрманғазының жауһарларын шеберлікпен ойнап жүрді. Оның алғашқы өз бетінше шығарған музыкалық туындылары «Бұлбұл», «Байжұма», «Кегентүп» болып саналады, олар қазақ халқының музыкалық дәстүрлерін айқын көрсетеді. Сол айтарлықтай қиын кезде адам өмірі күрделі болып, Дина Нұрпеисованы да тағдыр аяған жоқ.
1922 жылы бірінші күйеуінен және бірнеше баласынан айырылып, ол Астрахан облысында тұрды, отбасы аштықтан жиі қиналады және Дина құрғақшылықтың қиын жылдары балаларын асырау үшін кейбір кезде жабайы тары – құмаршықты жинауға мәжбүр болады, дегенмен музыканы ол тастамай, өзі шығарған күйлерін ауылдарды аралап жүріп, орындаған. Көптеген жылдар бойы ол күйлерін шығарып, есінде сақтап жүрді. Ол көп ойнап, басқаларды үйретті. Осылай көптеген жылдар бойы созылған, бірақ 1937 жылы оны кездейсоқ атақты музыкант, Мәскеу мемлекеттік консервотория жанындағы музыкалық студияның түлегі Смағұл Көшекбаев кездестірді. Домбырада ойнағанын естігенде, дарынына қайран қалады. Дәл Смағұл Көшекбаевтың арқасында біз сазгер мен шебер орындаушы Дина Нұрпеисованың есімін білеміз. С. Көшекбаев оны Алматыға көшуді үлкен қиындықпен көндірді және егде жасына қарамастан, ол келіседі, ал оны жасы 75 болды. Және ақырында Дина Нұрпеисова шын табысқа ие болып, көпшілікке танылды. Сол 1937 жылы ол музыкалық орындаушылары арасында республикалық байқауында бірінші орынға ие болады. Екі жыл өткен соң ол Мәскеуді таңқалдырып, Бүкілодақтық байқауда бірінші орынды алады. Оның сол кездегі жасы 77. 1944 Дина бес елдің өкілдері келген Музыканттардың Ортаазиялық байқауына қатысып, қайтадан бас сыйлығын алады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Дина Нұрпеисова өзінің өнерімен фашизмге қарсы ортақ күресте қызмет етті. Оның жасы 80 болды және де ол концерттерге шығып, жексұрын жауға қарсы күресугу шақырды. Оның есіне сақтау қабілеті тамаша болды және бір рет естігендерінің бәрін әсерлі етіп, нақты баяндап айтқан. 1941 жылы Дина «Ана бұйрығы» атты күйін және тағы басқа туындалырды ойлап шығарды. Жеңетін, асқақтаған мінезі белсенді, шаттандыратын музыка арқылы берілген. Соғыстан кейінгі жылдары Дина Нұрпеисова тағы бірқатар күйлерді шығарады: «8 Наурыз», «Еңбек Ері», «Сауыншы». Музыкасы энергия мен динамикаға толы, нақты мінездердің нақтылығымен таңқалдырады. Атақты домбырашы соңғы концертін 1952 жылы 91 жасында берді. Дина Нұрпеисова 1955 жылы 31 қаңтарда Алматыда қайтыс болды.
Халық орындаушы-домбырашы, сазгер, казақ мәдениетінің қайраткері Дина Нұрпеисова қиын да бақытты өмір сүріп өткен, ауыртпалық пен жоқшылыққа қарамастан, музыка әрдайым жанында болды, өмір бойы ол туындылар жасауды доғарған емес және сол үшін ол халық сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген. Бізбен бірге нағыз халық шығармашылығының ең жақсы белгілерін көрсете алған атақты күйлері қалды.