Байдыбек бидің ескерткіші Шымкент қаласында 2012 жылдың күзінде ашылған және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына орайластырылған. Өзінің ашылуына дейін бұл монумент Қазақстанда аса танымал болды, бұл елдегі ең биік ескерткіш болып табылады, сонымен қатар бүл әлемдегі ең биік ескерткіштердің бірі болып саналады.
Ескерткішті орнату үшін Шымкент қаласының солтүстіктегі ең биік нүктесі алынған– 220 метр. Осы нүктеге арнайы жасалған төртметрлік үйінді мен 9-метрлік тұғыр қосылған. Мүсіннің биіктігі 10 құрайды, үйінді, тұғыр мен ескерткіштің өзін есепке алғанда, монумент 23 метрге көтерілген.
Жалпы салмағы 9 тоннаны құрайтын мүсіні рекордтық мерзім – 20 күн ішінде соғылған мыстан жасалған. Оны жоғары біліктіліктегі 40 металды пісіруші-соқтырушы жасап дайындаған. Бұл жергілікті шеберлер мен Өзбекстан мен Қырғызстаннан арнайы шақырылған жұмысшылар болған.
Ескерткіштің авторы атақты мүсінші Насыр Рустемов болды, ал осы жобаның бастамашысы Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі Бақытжан Ашырбаев болды. Ол монументті құру идеясы жайында былай айтады:
- Байдыбек бидің ескерткішін орнату жайындағы идея осыдан шамамен алты жыл бұрын пайда болған. Түрлі жобалар енгізілген, солардың ішінде ат үстінде отырған Байдыбек, байқау өткізілген. Бірақ облыс әкімі Асқар Мырзахметов қағидаларды сақтамай, ескерткішті басқа стильде салуға ұсыныс жасады. Біз Рио-де-Жанейро, Волгоградтағы мүсіндерді, Еркіндік мүсінін зерттедік және осыған ұқсас нәрсе бізде де болуға тиіс деп шештік.
25 млн теңгені құрған ескерткішті құрастыру және орнатуға барған қаражатты бизнестің әлеуметтік жауаптылығының шеңберінде жергілікті Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері бөлген.
Мүсіннің өзі биік тұғырдың үстінде тұрған және қала үстінен екі қолын ашып тұрған аты аңызға айналған қазақ бидің мүсіні болып табылады. Бұл кейіп кездейсоқ сақталмаған, авторлар осы адамның мінезін көрсетуге тырысты. Сақталған дереккөздер бойынша, Байдыбек би дана және әділ алам болған.
Байдыбек Қарашаұлы (1356-1419) - аты шыққан би және қазақ халқының батыры, Ұлы жүздің адбан, суан, дулат, сары, үйсін, шапырашты, ысты, ошақты қазақ руларының аты аңызға айналған бастаушысы. Әмір Темірдің (Ақсақ Темірдің) досы мен серігі болған. Халық арасында ол өзінің әділдігі, сөз тапқырлығы, адамгершілігі мен даналығымен белгілі болған.
Жақын арада жаңа ескерткіш Шымкент қаласының белгісі мен өзгеше брэнді болуы мүмкін.
Авторлардың жобасына сәйкес Байдыбек бидің мүсіні 42 гектарды алып жатқан алаңдағы монументтің артында орналасатын тұтас этнотарихи мұражайдың негізі бола алады. Жетілдірушілердің ойы бойынша, оның территориясында ашық аспан астында этнотарихи мұражайлар орналасады. Орынның жетпейтініне байланысты келушілерден жасырынып тұрған тарихи-өлкетану мұражайдың бай қорлары үшін де орын табылады.
Байдыбек би ескерткіші қаладағы басты көрікті жер болып, қала тұрғындардың көңілінен шықты. Біреулер одан қазақстандықтар бірлігінің нышанын көріп, басқалары есеіп жатқан ұрпақ үшін маңызды тәрбиені көреді.