Ақтөбе қаласының орталық бөлігінде, облыстық әкімшілік жанындағы алаңда қазақтың көрнекті қайраткері, қолбасшы мен дипломаты Әбілқайыр ханның әсем ескерткіші тұр. Бұл қаладағы басты жер, дәл осы жерге дәстүр бойынша жас жұбайлар мен Ақтөбе қаласының қонақтары келіп жатады. Ескерткіш қаланың сәулет көрінісіне сәтті жарасады, оның жанында серуенге арналған жер, саябақ, қонақүй, дүкендер бар, айналасында көптеген халық жүріп отырады, үйреншікті қала өмірі қызып тұр және осының барлығына биік тұғырдағы ат үстінде отырған Әбілқайыр қарап отыр.

Әбілқайыр хан, Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан – Кіші жүздің ханы (1710-1748), ұлы қолбасшы, саясаткер, дипломат. Жастық шағынан бастап, Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандары жасаған соғыс жорықтары мен шабуылдарына белсенді қатысқан. 17 жасында ол Бөгенбай батыр жалпы басшылық еткен қазақ жасағы басшыларының бірі болған.

Әбілқайыр сұлтан ата-бабаларының иелігінде болған Ташкент, Түркістан және Сайрам қалаларын қорғаған. 1718 жылы Әбілқайыр Кіші жүздің ханы болып сайланады. 30-мыңдық әскерді басқарып, Аягөз өзенінің бойында жоңғарларға қарсы шығады. Жас болғанына қарамастан Әбілқайыр өзінің батырлығымен, әскери шеберлігімен және ұйымдастыру қабілетімен белгілі болған. Ордабасыдағы барлық үш жүздің құрылтайында сұлтандар, билер мен батырлар оны бірауыздан Қазақ хандығының жоғарғы қолбасшысы етіп сайлады.

Оның басшылығымен қазақтардың біріккен ұаруланған күштері екі рет: 1729 жылы Аңырақай шайқасында 1730 жылы «Ит ішпес Алакөл» жеріндегі шайқаста жоңғарларды талқандап, толық жеңіске жақын болған. Әскери жетістіктеріне қарамастан, Әбілқайыр хан қазақтардың әскери жасақтары Жоңғар хандығына қарсы тұра алмайтынын түсініп, Ресейдегі сібірлік әкімшілігімен ойраттарға қарсы әскери одақ жайында келіссөз жүргізуді бастады, бұл халықты аман қалдыру, бейбіт өмірді беру үшін дұрыс шешім болып табылған.

1730 жылдың қыркүйек айында Мәскеуге Әбілқайырдың өкілдері қазақиарды Ресейдің құрамына алу өтінішімен аттанады. 1731 жылы 19 ақпанында Анна Иоановна патшайымы Кіші жүздің Ресей құрамына өз еркімен кіру жайындағы грамотасына қол қояды. Петербург қаласына Ресейдің А. Тевкелев басқарған Сыртқы істер комиссиясының елшілігі келеді (1731). 1731 жылы 10 қазанда Кіші және Орта жүздің ірі ру басыларының съезі өткен. Ресей патшайымына берілгендігі жайында Қоранға Әбілқайыр хан, атақты батырлар Бөгенбай, Есет, Құдайназар мырза және тағы 27 беделді басшылар ант берді. Кіші және Орта жүздің бір бөлігінің Ресей құрамына кіруі қазақтар мен қалмықтар, башқұртар, Жайық қазақтары арасындағы қарым-қатынастарындағы шиеленісті бәсеңдетті. Шекаралық бекіністеріндегі айырбас сауда үшін жағдай жақсарды.

Осыған қарамастан Әбілқайыр Ресейге қарсы жиі соғысты. Қазақтың мынандай мақалы бар: «Кіші жүзді найза беріп жауға қой». Батыс Қазақстанда қазақтар мен казак жасақтары арасында қан төккен шайқастар үздіксіз жүрген.

Әбілқайыр хан қолабасшының шеберлігі мен дипломат дарынына ие болған. Өз дәуірінің өкілі болып, сол кездегі әдет-ғұрыптары мен салттарының, ақсүйектер абыройы түсінігінің және шыңғыс- билеушілерінің жазылмаған абырой ережелерінің айқын тұлғасы болып табылады. Әбілқайыр хан 1748 жылы 1 тамызда Барақ сұлтанның қолынан қаза табады. Ол қазіргі Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында Өлкейақ пен Қабырға өзендерінің қосылысқан жерлерінен батысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан «Хан моласы» зиратында жерленген.

Ақтөбе қаласында аты аңызға айналған қолбасшы мен димпломат Әбілқайыр ханның ескерткіші 2000 жылы орнатылған. Ескерткштің жалпы биіктігі шамамен алты жарым метрді құрайды, гранит тұғырдың биіктігі— 2,8 м., ені — 2,1 м., ескерткіш ұзындығы– 5,8 м. Ескерткіш толығымен қоладан құйылған, тұғыры гранитпен қапталған.

Ұлы ханға жасалған ескерткіштің авторлары қазақтың атақты мүсіншісі Е. Сергебаев пен сәулетшілері Б. Егімбаев пен Н. Қожағұлов болған.

Осы жобаның авторларының идеясына сәйкес аты аңызға айналған қолбасшы қазақ халқының тағдыры шешіліп, жоңғарларға қарсы ұлы шайқас күтілген кезіндегі өмір кезеңінде бейнеленген. Әбілқайырдың көтерілген қолы бірлік пен жеңіске шақырып тұрғанын білдіреді. Аты еркіндікке ұмтылуды білдіреді.

Әбілқайыр ханның ескерткіші Ақтөбе қаласының мақтанышы болып табылады және қаланың басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Абат-Байтақ кесенесі

Ақтөбе облысының территориясында көптеген ескерткіштер мен көрікті жерлер бар, туристтік маршруттар бойынша саяхат жасағанда, орта ғасырлардың қорығында бола аласыз, ақындар эпостарда жырлаған жерді, Қобыланды батыр қабірін көріп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова дүниеге келген Бұлақ ауылына бара аласыз. Және де осы жерге келгендіктен Батыс Қазақстан территроиясында жалғыз болып сақталып қалған таңғаларлық Абат-Байтақ көне сәулет ескерткішін көрулеріңіз жөн.


Ескерткіштер
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалдық кешені

Ахмет Жұбанов атындағы мемориалдық кешен Жилгородокта Ақтөбе қаласының жанданған алаңдардың бірінде композитордың қызы Ғазиза Жұбанованың атымен атылған облыстық филармонияға қарсы орналасқан.